«Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағат;
7-сыныпқа арналған «Информатика» пәнінің базалық мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды: 1) «Компьютер құрылғысы». Компьютер жадысының түрлері (кездейсоқ қол жеткізу жады, тек оқуға арналған жады, сыртқы жады, кэш жады);
2) «Бағдарламалық қамтамасыз ету». Бір ақпаратты сақтайтын әртүрлі форматтағы файл өлшемдерін салыстыру. Ақпаратты сығу, мұрағаттау бағдарламалары. Мұрағаттарды құру және қораптан шығару;
3) «Компьютерлік желілер». Компьютерлік желілердің мақсаты, жіктелуі (масштабтары, топологиясы бойынша, тиесілігі бойынша);
4) «Ақпаратты көрсету және өлшеу». Ақпараттың өлшем бірліктері, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқаларына беру;
5) «Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру». Мәтіндік процессорда кестелерді құру, өңдеу және пішімдеу. Электрондық кестелер, электрондық кестелер туралы негізгі түсініктер. Мәліметтерді енгізу, өңдеу және пішімдеу, толтыру маркері. Деректер түрлері. Формулаларды енгізу. Шартты пішімдеу. Диаграммаларды құру;
6) «Алгоритмдер және бағдарламалау». Тармақталған алгоритмдерді, кірістірілген және құрама шарттарды бағдарламалау. Файлдарды оқу және жазу;
7) «Ақпараттық қауіпсіздік». Ақпаратты зиянды бағдарламалардан қорғау;