Бекітілді: Тақырыбы: «7-мамыр Отан қорғаушылар күні!» Мақсаты



Дата06.09.2023
өлшемі0,67 Mb.
#106254

Бекітілді:

Тақырыбы: «7-мамыр Отан қорғаушылар күні!»
Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын , елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, нақыл сөздер, слайд, видеоролик т.б.


Мұғалім:Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз. Алда келе жатқан 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүргізуші-1:Ағалар біздің кең арқау асқарымыз,
Жолын қуар солардың жастарымыз.
Абзал жанды ақылгөй ағаларға
Ілтипатпен иілген бастарымыз.

Жүргізуші-2:Еңбектерің жемісті қиыр шың боп,
Шапағатты шуақ - нұр құйылсын көп.
Шын жүректен құттықтап біз тілейміз:
Бар жақсылық, бар бақыт бұйырсын деп.

Сөз кезегі сыныбымыздың жетекшісі Шынар апайға және сыныбымыздың старостасы Бердібаева Аянаға беріледі! (ұлдарды құттықтау!)
Жүргізуш-1:
Бүгінгі мерекеде жар салады,
Құрметтеп замандасын қарсы алады.
Қуаныш жырға бөлеп жүректерін,
Билейді, ойнап күліп, ән салады.

Жүргізуші-2 :Ер-азаматтардың орны қашанда бөлек. Олардың күш-жігеріне, ақыл-парасатына бүкіл әлем бағынған, бағынады да! Сондықтан халқымыз «Жердің қорғаны, елдің тұтқасы» деп ерекше ардақтаған.
Сынып қыздарынан әдемі ән шашу. «Ән салшы сарбазым»әні.
Жүргізуші-1:Арыстан келбетті, жолбарыс жүректі, қырандай қырағы, намысқой, ер мінезді азаматтарымызға жігерлеріңіз мұқалмасын, асқақ шыңдарды бағындырып, қонар тұғырларыңыз биіктей берсін!
Келесі кезекті қыздарымыздың игі тілектеріне берелік.(сынып қыздары сынып ұлдарына арнап тілектерін білдіреді.)
Жүргізуші-1: Мың бұралған биші қыздарымыз Назым мен Милананы сарбаз биімен қарсы алыңыздар!
Жүргізуші-2: Еліміздің тыныштығы мен бейбіт тірлігінің сақшылары Отан қорғаушылар күні құтты болсын! Осындай ерекше күні сіздерге бейбіт өмір, баянды бақыт, татулық пен береке-бірлік тілейміз.
Әрі қарай мерекені әдемі ойындармен жалғастырайық!
Жүргізуші-1: Осымен Отан қорғаушылары күніне арналған концерттік бағдарламамыз аяқталды. Жақсы күндерде жолыққанша.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет