Апталық бағдарламасы:
«Атом физикасы» тарауына өтілген «Бізге АЭС қажетпе?» атты пікір
талас
Жер және басқа планеталардың магнит өрісі. Интеграцияланған конференция сабақ
Жылу двигательдері, транспорт және қоршаған ортаны қорғау сабағы
«Жердің озондық экраны» тақырыбына газет-журнал тілшілерімен кездесу
Қызылорда гидрометереялогиялық және қоршаған ортаны маниторингтеу орталығындағы экскурсия сабағы.
«Атмосфералық ауа физикасы және экология» атты физикалық кеш (диссертация жұмысынан толық жоспарын көре аласыздар).
3.6 Орта мектеп физика курсында экологиялық білім мен тәрбие беруде оқушылардың білім сапасын арттыруға байланысты жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және олардың нәтижесі.
Тақырыптық зерттелуіне байланысты тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды үш кезеңде жүргіздік.
Бірінші кезең мектепте физиканы оқытудың даму тарихы және оның өзекті мәселелеріне байланысты психологиялық, ғылыми-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттер зерттеледі. Ресей, Кеңес одағы және Қазақстанда физика курсын оқытудың құрылымы, оқулықтар, мектептер мен мұғалімдердің алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелер, оқу бағдарламалары зерттеліп, талданды, мектепте физиканы оқыту үдерісін бақылау, іс-тәжірибелерді белгілеу нәтижелеріне байланысты зерттеудің негізгі бағыттары қалыптастырылды.
Бұл кезеңдегі экспериментінің негізгі мақсаты:
- оқушылардың экологиялық мәселелерге қызығушылығы, оның себебін, салдарын түсінуге ұмтылысы, физикалық-экологиялық және экологиялық ұғымдар негізінде білімінің болуы және оны пайдаланудағы іс-әрекеттерінің нәтижесін бағалау;
-мектеп мұғалімдерінің зерттеліп отырған проблемаларға деген көзқарастарын анықтау;
- мұғалімдердің мұндай жұмысты жүргізуде кездестіретін қиыншылықтарды зерттеу;
- орта мектепте физика сабақтарында экологиялық білім мен тәрбие беруді оқытып, ондағы теориялық мазмұнын енгізудің әдістемелік ерекшеліктерін зерттеу және талдау.
Эксперименттің бұл кезеңінде сауалнама, бақылау, құжаттарды талдау мен тестілеу әдістері пайдаланылды .
Тест тапсырмаларын орындаудың нәтижесінде мына жағдайлар байқалды:
- оқушылардың басқа жаратылыстану пәндеріндегі экологиялық ұғымдарды ойда сақтау дәрежесінің төмендігі;
- ластаушылардың физикалық әсерінің оның қасиеттерімен және табиғи ортадағы заңдылықтармен байланыстылығын түсінбейтіндігі;
- экологиялық мәселелерді ғылыми тұрғыдан талдай алмайтындығы;.
Тәжірибелік-сынақ жұмыстары барысында педагогикалық іс-тәжірибесіне байланысты физикалық–экологиялық және экологиялық ұғымдар негізінде білім үрдісін белсендіруде мұғалімдер тарапынан кездесетін кемшіліктер де анықталды. Бұл біріншіден, экологиялық білім қалыптастыруға байланысты мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдың жоқтығы. Екіншіден, мұғалімдердің экологиялық білімді қалыптастыруды жүзеге асыру барысында қолданылатын белсенді әдістерді іріктеп сабақ барысында және сабақтан тыс жұмыстар барысында пайдалану шеберліктерінің жетіспеушілігі. Үшіншіден, физикада экологиялық тәрбие мен білі беру мүмкіндіктерінің жүзеге аспай отырғандығы. Төртіншіден, сабақ барысында оқушылардың белсенділігін арттыруға аз көңіл бөлінетіндігі және оқушының дербес өзіндік әрекетін ұйымдастырудың жеткіліксіздігі. Бесіншіден, практикалық жұмыстар орындатуда экологиялық бағытына аз көңіл бөлінетіндігі. Алтыншыдан, бақылауды ұйымдастырып, оның нәтижесін сабақта пайдалану тұстарының төмендігі.
Осы жоғарыда көрсетілген жағдайларды ескере отырып, орта мектеп оқушыларына физика сабағында экологиялық тәрбие мен білім беру қалыптастыруда мынадай жұмыстар жүргізілді:
іс-тәжірибенің өз деңгейінде өтуі үшін физика тақырыптарында экологиялық мазмұнды, сабақтас тақырыптарын іріктей, топтастыра отырып бағдарлама жасалды;
енгізілген теориялық материалдарды оқытуды физика курсы бойынша жүзеге асырудың формалары анықталды;
оқушылардың экологиялық білімін шығармашылық деңгейге көтеретін өздік тапсырмалар және сыныптан тыс жұмыс құрастырылды;
экологиялық мазмұнды есептер мен тапсырмалар жасалды;
мұғалімдерге арналған экологиялық мазмұнды физика апталығының бағдарламасы дайындалды;
мұғалімдерге арналған көмекші құрал әзірленді.
Екінші кезеңде орта мектептің 7 сыныптарында физика курсынан өткізілуге тиісті сабақтардың тақырыптары, жоспары мен мазмұндары, көрнекілігі, сыныптан тыс жұмыстарының бағдарламасы, яғни эксперименттік базасы дайындалды. Сонымен қатар зерттеу барысында пайдалануға қажет болатын мынадай құжаттар дайындалды. Олар:
бақылау және эксперименттік сыныптардың психологиялық-педагогикалық сипаттамалары;
эксперименттік сабақтардың конспектілері және оларға арналған әдістемелік нұсқаулар;
оқушылардың пән бойынша білімін бақылау көрсеткіштерін есепке алатын статистикалық парақтары;
бақылау жұмыстарына тапсырмалар және тест сұрақтары;
Үшінші кезеңде 2013 жылдың 3 тоқсанында бақылаушы эксперимент жүргізілді, оның барысында, зерттеудің ұсынылған ғылыми болжамы тексерілуі тиіс. Педагогикалық эксперименттің материалдық базасы ретінде Қызылорда қаласындағы №6 орта мектебі мен №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектеп алынды. Тәжірибеге 79 оқушы қатысты. Олардан эксперименттік және бақылау топтары құрылды.
Педагогикалық экспериментті қою үшін мектепті таңдау кезінде мынадай критерийлерді ұстанымға алдық:
бақылау және эксперименттік сыныптардағы оқушылар білім деңгейінің
бірдейлігі;
мұғалімнің педагогикалық шеберлігі;
мектептің материалдық базасының жеткілікті болуы;
бақылаушы және эксперименттік сыныптарда сабақ беруді мүмкіндігінше
бір мұғалімге берілуі.
Достарыңызбен бөлісу: |