Белки биокатализаторы ферменты


Ферменттерде белсенді орталықтан (Е) басқа реттеуші орталық та болады, ол арқылы активаторлар және ингибиторлардың көмегімен белсенді орталық реттеледі



бет2/13
Дата19.10.2023
өлшемі2,02 Mb.
#119573
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Ферменттер

Ферменттерде белсенді орталықтан (Е) басқа реттеуші орталық та болады, ол арқылы активаторлар және ингибиторлардың көмегімен белсенді орталық реттеледі.

  • Ферменттерде белсенді орталықтан (Е) басқа реттеуші орталық та болады, ол арқылы активаторлар және ингибиторлардың көмегімен белсенді орталық реттеледі.
  • Реттеуші орталықтың бір түрі – кейбір ферменттерде кездесетін аллостериялық орталық.
  • Аллостериялық (грекше allos - бөтен) деп аталатын себебі, осы орталықпен байланысатын молекулалар өздерінің құрылысы жағынан субстратқа (S) ұқсамайды, алайда субстраттың байланысуына және ктализіне әсер етіп, белсенді орталықтың конфигурациясын өзгертеді.
  • Аллостпериялық орталыққа әсер етуші заттар аллостерикалық эффекторлар деп аталады. Соған сәйкес бұл эффекторлар өздерін активаторлар немесе ингибиторлар ретінде көрсетеді.
  • Олигомерлі ферменттерде (молекулаларының құрылымдық ұйымдастығының 4 деңгейі бар ферменттер) белсенді, реттуші және аллостерикалық орталықтардың саны суббірліктер қосындысына тең болуы мүмкін.

Ферменттің төртіншілік құрылымы

  • Көптеген ферменттер 4 құрылымдық ұйымдастық деңгейі бола тұрса да, бірнеше суббірліктерден (протомелерден) тұрады.
  • Соның салдарынан ферменттерге молекулярлық қйымдастықтың суббірліктерінің көптік формасы тән.
  • Бір фермент изоэнзимдік (изоферменттік) қатар құрайтын суббірліктердің әртүрлі құрамынан тұрады.
  • Изоферменттер дегеніміз – бірдей реакцияны катализдейтін ферменттің генетикалық детерминделген молекулярлық формасының физико-химиялық бір түрі болып табылады.
  • Мысалы, лактатдегидрогеназаның бес изоформасы (ЛДГ1-5) бар
  • Олар ЛДГ1, ЛДГ2, ЛДГ3, ЛДГ4, ЛДГ5, тканьдер мен мүшелерде әртүрлі орналасады, яғни изоферменттер мүшеөзгешелік

Әрбір мүшенің өзіне тән ферменттік құрамы бар, осы мүшеде патология дамыған кезде олар қанға шығады.

  • Әрбір мүшенің өзіне тән ферменттік құрамы бар, осы мүшеде патология дамыған кезде олар қанға шығады.
  • Мысалы, жүректе ЛДГ1 және ЛДГ2 изоферменттерінің белсенділігі жоғары. Бауырда, қаңқа бұлшық етінде ЛДГ5 және ЛДГ4 басым болады.
  • Диагностика мақсатында қан сары суында берілген мүшеге, тканьге тән бірнеше мүшеөзгешелік ферменттердің (ферменттік спектр) белсенділігін анықтайды.
  • Мысалы, миокард инфарктысы кезінде ЛДГ1, аспартатаминотрансфераза, креатинфосфокиназа, бэта-гидрокси-бутиратдегидрогеназа ферменттерінің белсенділігі анықталады.
  • Бауыр ауруларында (Боткин ауруы) ЛДГ4, ЛДГ5, аланинаминотрансфераза (АЛТ), сорбитдегидрогеназаның белсенділігі анықталады.
  • Қан сары суында клеткалық, мүшеөзгешелік ферменттердің белсенділігі жоғарылауы бойынша патологиялық процестің орналасуы туралы қорытынды жасауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет