Жүрек, бауыр, бүйрек, көк бауыр, ұйқы безі АТФ энергиясын көп мөлшерде пайдаланады, сондықтан оларда кофермент Q10 жоғары деңгейі үнемі сақталуы керек. Миокардта коэнзим Q10 мөлшері басқа мүшелермен салыстырғанда жоғары болуы соған байланысты.
Коэнзим Q10 митохондрияларды тотығушы стрестен табиғи қорғаушы болып табылады және тек түрлі тканьдердің митохондрияларында ғана емес, барлық клеткалардың биологиялық мембранасында антиоксидант қызметін атқарады.
Жүректің ишемиялық ауруы кезінде пайда болатын зақымдалуларда сол бос радикалдар негізгі рөл атқарады. Клеткалардың қызметінің қалпына келуі антиоксидантты жүйенің белсенділігіне байланысты болады.
Коэнзим Q10 өзінің липофильдігі нәтижесінде Е витаминін тотықсыздандырады, ол токоферолдың белгілі тотықтырғышы аскорбин қышқылынан да жақсы қызмет етеді.
Коэнзим Q10 макрофагтардың фагоцитарлы белсенділігін күшейтеді, сүйек миында және қан плазмасында гранулоциттердің саны артады, иммуноглобулиндердің мөлшері жоғарылайды, тимус қызметін тұрақтандырады, қан түзілу процесін ынталандырады.
Коэнзим Q10 жүректің ишемиялық ауруының дамуына, коронарлы артериотромбоз, миокард инфарктысы дамуын тежейді,майлардың энергетикалық ыдырауын ынталандырады, май тканьдерін оттегімен қанықтырады, бұл семіздік кезінде салмақтың төмендеуін қамтамасыз етеді.
Коэнзим Q10 - табиғи күшті иммуномодулятор, иммунды жүйе қызметінің жетіспеушілігін қалпына келтіреді, ағзаның антимикробты және вирусқа қарсы қорғануын белсендіреді.
Пародонтоз, ісік ауруларын емдеуде қолданылады.
.
.
Коэнзим Q10 радиоактивті зақымдалудың салдарын емдеуде қолданылады.
Коэнзим Q10 дәрілік заттардың токсикалығын азайтады, ісік ауруларының сәулелік және химиотерапиясында қолданылады, екіншілік иммунды жетіспеушілік жағдайларда, оксидантты тресс, артық салмақ болған кезде қолданылады
Коэнзим Q10 тиімді геропротектор қасиеттері бар (қартаюдан қорғау).