Ферменттерде белсенді орталықтан (Е) басқа реттеуші орталық та болады, ол арқылы активаторлар және ингибиторлардың көмегімен белсенді орталық реттеледі
Ферменттерде белсенді орталықтан (Е) басқа реттеуші орталық та болады, ол арқылы активаторлар және ингибиторлардың көмегімен белсенді орталық реттеледі.
Ферменттерде белсенді орталықтан (Е) басқа реттеуші орталық та болады, ол арқылы активаторлар және ингибиторлардың көмегімен белсенді орталық реттеледі.
Аллостериялық (грекше allos - бөтен) деп аталатын себебі, осы орталықпен байланысатын молекулалар өздерінің құрылысы жағынан субстратқа (S) ұқсамайды, алайда субстраттың байланысуына және ктализіне әсер етіп, белсенді орталықтың конфигурациясын өзгертеді.
Аллостпериялық орталыққа әсер етуші заттар аллостерикалық эффекторлар деп аталады. Соған сәйкес бұл эффекторлар өздерін активаторлар немесе ингибиторлар ретінде көрсетеді.
Олигомерлі ферменттерде (молекулаларының құрылымдық ұйымдастығының 4 деңгейі бар ферменттер) белсенді, реттуші және аллостерикалық орталықтардың саны суббірліктер қосындысына тең болуы мүмкін.
Ферменттің төртіншілік құрылымы
Көптеген ферменттер 4 құрылымдық ұйымдастық деңгейі бола тұрса да, бірнеше суббірліктерден (протомелерден) тұрады.
Соның салдарынан ферменттерге молекулярлық қйымдастықтың суббірліктерінің көптік формасы тән.
Бір фермент изоэнзимдік (изоферменттік) қатар құрайтын суббірліктердің әртүрлі құрамынан тұрады.
Изоферменттер дегеніміз – бірдей реакцияны катализдейтін ферменттің генетикалық детерминделген молекулярлық формасының физико-химиялық бір түрі болып табылады.
Мысалы, лактатдегидрогеназаның бес изоформасы (ЛДГ1-5) бар
Олар ЛДГ1, ЛДГ2, ЛДГ3, ЛДГ4, ЛДГ5, тканьдер мен мүшелерде әртүрлі орналасады, яғни изоферменттер мүшеөзгешелік
Әрбір мүшенің өзіне тән ферменттік құрамы бар, осы мүшеде патология дамыған кезде олар қанға шығады.
Әрбір мүшенің өзіне тән ферменттік құрамы бар, осы мүшеде патология дамыған кезде олар қанға шығады.
Мысалы, жүректе ЛДГ1 және ЛДГ2 изоферменттерінің белсенділігі жоғары. Бауырда, қаңқа бұлшық етінде ЛДГ5 және ЛДГ4 басым болады.
Диагностика мақсатында қан сары суында берілген мүшеге, тканьге тән бірнеше мүшеөзгешелік ферменттердің (ферменттік спектр) белсенділігін анықтайды.
Мысалы, миокард инфарктысы кезінде ЛДГ1, аспартатаминотрансфераза, креатинфосфокиназа, бэта-гидрокси-бутиратдегидрогеназа ферменттерінің белсенділігі анықталады.
Қан сары суында клеткалық, мүшеөзгешелік ферменттердің белсенділігі жоғарылауы бойынша патологиялық процестің орналасуы туралы қорытынды жасауға болады.