Гем Ферменттер классификациясы
бет 9/12 Дата 29.09.2023 өлшемі 4,66 Mb. #111545 түрі Лекция
Гем Халықаралық классификация бойынша, катализге ұшырайтын реакцияларға байланысты ферменттер 6 классқа бөлінеді: 1. Оксидоредуктазалар 2. Трансферазалар 3. Гидролазалар 4. Лиазалар 5. Изомеразалар 6. Лигазалар 1 класс - Оксидоредуктазалар. Аталмыш класстың ферменттері сутек , оттек атомдары мен электрондардың тасымалдауын қамтамасыз ететін, биологиялық тотықтандыру процессі негізінде тотығу-тотықсыздандыру реакциясын катализдейді. Бұл класстың құрамында 17 подкласс бар: 1.1. =СН-ОН тобына әсер етеді 1.2. =С=О тобына әсер етеді 1.3. -СН=СН- тобына әсер етеді 1.4. =СН-NH2 тобына әсер етеді 1.5. =СН=NH тобына әсер етеді 1.6. НАДН, НАДФН-га әсер етеді 1.7. донор түріндегі басқа азоттық байланыстарға әсер етеді 1.8. құрамында күкірт бар топтарға әсер етеді 1.9. гемге әсер етеді 1.10. дифенолға әсер етеді 1.11. сутек тотығына (перекись водорода) әсер етеді 1.12. сутекке әсер етеді 1.13. құрамында молекулярлық оттегі (оксигенеза) бар біртекті донорға әсер етеді 1.14. молекулярлық оттегіні катализдей келе бірнеше донорға әсер етеді 1.15. тотықтырғыш (перекисные) радикалына әсер етеді 1.16. металл иондарын тотықтырады 1.17. -СН2= тобына әсер етеді 2 класс - Трансферазалар. Бұл класстың ферменттері функционалдық топтардың тасымалын катализдеп 8 подклассқа бөлінеді: 2.1. біртекті көміртек қалдықтарын тасымалдайды (метил-, метенил-) 2.2. альдегидті және кетонды топтарды тасымалдайды 2.3. ацильды (қышқыл) қалдықтарын тасымалдайды 2.4. гликозильді қалдықтарды тасымалдайды 2.5. алкилды және арильды топтарды тасымалдайды 2.6. құрамында азот негіздері бар топтарды тасымалдайды (амино- , амидино- және т.б.) 2.7. құрамында фосфор қалдықтары бар топтарды тасымалдайды 2.8. құрамында күкірт бар топтарды (тиогруппалар) тасымалдайды Достарыңызбен бөлісу: