Төрт деңгейлі құрылымдық ұйымдастырылуы бар көпшілік ферменттер бірнеше суббірліктен (протомер) тұрады.
Осының нәтижесінде ферменттерге көп түрлі суббірліктік және молкулалық ұйымдастыру тән.
Бір фермент әртүрлі суббірліктен құралуы мүмкін, олар изоэнзимді (изоферментті) қатарды құрайды.
Изоферменттер – бір реакцияны катализдейтін генетикалық тұрғыда детерминирленген физико-химиялық молекулалық фермент түрінің түр өзгешелігі.
Мысалы, лактатдегидрогеназаның бес түрлі изоформасы бар (ЛДГ1-5)
Көбірек зерттелген лактатдегидрогеназа изоферменті (ЛГД). Оларға тіндер мен мүшелерден әртүрлі шектеулері бар, яғни изоферменттер мүшелікспецификалық. Оларға жататындар ЛДГ1, ЛДГ2, ЛДГ3, ЛДГ4, ЛДГ5
Әрбір мүше өзіне қажет ферменттерді құрайды, олар осы мүшеде патологиялық процесстің жетілу барысында қанға шығады.
Әрбір мүше өзіне қажет ферменттерді құрайды, олар осы мүшеде патологиялық процесстің жетілу барысында қанға шығады.
Мысалы жүректе ең көп активті изофермент ЛДГ1 және ЛДГ2. Бауырда, қанқа бұлшық еттерінде ЛДГ5 және ЛДГ4 көбірек.
Бір мүшеге, тінге тән диагностика мақсатында қан сарысуында бірнеше мүшелікспецификалық ферменттердің активтілігін (ферменттік спектр)анықтайды.
Ферменттердің қосымша факторлары
Ферменттердің қосымша факторлары екі типті болады:
- металл иондары
-коферменттер
Келесі ферменттерге каталитикалық функцияларын көрсету үшін металлдар ферменттердің қосымша факторы сияқты қажет:
Fe++ и Fe+++ - Цитохромоксидаза Каталаза Пероксидаза