1915 – 1916 ж.ж. Қытаймен шекаралас Зайсан, Тарбағатайдағы қазақ ауылдарына аты әйгілі, елге сыйлы, көпті көрген Құрбан қажының жеріне келіп, бала оқытады. Осында жүріп ел аузынан тарихи әңгімелер, халық ауыз әдебиеті үлгілерін ел арасынан, Құрбан қажыдан естіп, жариялайды; «Кім жазықты?» романын жазады. Бірақ, 1916 ж. «Балапан басына, тұрымтай тұсына кеткен» ел бала оқытпақ түгіл, басы қайғы болған уақытта бұл елден кетеді.
1916 ж. емделу, оқу мақсатымен Томскіге келеді.
1917 ж. Семейге оралып, Қазақ комитетінің кіші хатшысы қызметін орындайды. «Абай» журналын, «Сарыарқа» газетін шығаруға атсалысады. Семейде дүріп, «Алашорда» көсемдерімне танысып, партияның жақтаушысы болады. Осы кезде «Алаш ұранын», Алашты алға бастар адамдар туралы «Таныстыру» поэмасын жазады. Жылдың соңында денсаулық жағдайына байланысты елге қайтады. Қыста М. Әуезовтің, Тұрағұл Абайұлының кеңесімен қымыз ішіп, сауығу үшін Шыңғыстаудағы Медеу ауылында болады.
1918 ж. Семейге келеді, бірақ тағы да денсаулық жағдайына байланысты мұнда көп тұрақтай алмай, еліне қайтады. Шідерті болысының 3- ауылында мұғалім, болыстық төңкеріс комитетінің бастығы болады. Осы кезде «Адасқан өмір», «Кедей» поэмалары жазылған. Туғадары С.Т. – ты Мәдике деген бір қызды қазақы жолмен айттырмақшы болғанда, ол ауруына байланысты бас тартады.
1920 ж. 21 –мамырда дүниеден өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |