Өлеңдері. Ақынның екі мектебі бар: халық әдебиеті және Абай:
...«Ер Тарғын», «Қобыландыны» оқып байқа,
Даламның ақындары айтам сізге,
Үлгіге сөз тапшасын сонан ізде...
...Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе!...
Тұңғыш жазған шығармасы – «Секілді өмір қысқа, жарты тұтам».
Бастапқы утындыларында айналадан түсйсінген жайттарды жеткізу байқалады.
1910 -1912 ж.ж. жазылған өлеңдерінде ел тұрмысын, ауыл шындығын, әлеуметтік теңсіздікті сөз етеді («Жарқынбай, «Кедейлік», «Әйел» т.б.). Бұларда сынау, авторлық позиция бірден аңғарылады.
Келесі бір тақырып – оқу – білім алу, ел қатарына қосылу («Оқу», «Оқып жүрген жастарға», «Оқуда мақсат не?»). Бұл өлеңдер ағартушылық идеясымен, үндеу, үгіттеу стилімен ерекшеленеді:
Үмітпенен жол қуған,
Талабы алда баламыз.
Басқалар жоғын тапқанда,
Біздер қайтып қаламыз?
Тәуекелге бел бусақ,
Көрдегіні аламыз.
1913 – 1914 ж.ж. саяси – қоғамдық тақырыпқа бет бұрады («Түсімде», «Ендігі беталыс», «Қандай басшы», «Шығамын тірі болсам адам болып»).
Шығамын тірі болсам адам болып,
Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып.
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе?
Жүргенше өмір сүріп, надан болып.
Өлеңде романтикалық бояу болғанме, реализмнен алыс емес.
Өлеңдерінің ішінде «Бір адамға» туындысы оқшау дүние. Демократиялық позициясы айқын сыншыл реалист бүтіндей бір халықтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдайды. Өлеңге тән қасиет – лирикалық қаһарманның жүрек сырын монологпен жеткізу.
... Ол рас, аталары4 шенге алып,
Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты.
Апыр – ай, қала йбұлдаған сатқандарын,
Оқа, түйме, сылдырмақ, теңге алыпты!...
... Көргенде күміс кесе, алтын аяқ,
Бір сөзді тамағыма қойдым таяп:
«Қай момынның малы бар бұл аяқта?»
Демейінше болмады қарап жай с- ақ»...
1914 – 1915 ж.ж. жазған өлеңдерінде махаббат, интимдік сыр, сүйіспеншілік сезім көп айтылады («Жаңғырып Алтай тауы саласынан», «Алты аяқ»,м «Жан қалқам», «Жүрегім тулап шабасың»). Катон, Зайсан жерінде шыққан өлеңдері ойлылығымен, өрнектілігімен, қызуқандылығымен ерекшеленеді.
Б. Кенжебаев: «Шығармашылығының екі қасиеті бар... реалистігі мен халықтығы». Көптеген өлеңдерінде халықтың шынайы өмірі, қайғы, шері жатыр («Зарлау, «Қайғы»). Бірақ бұл қайғы жігерлі, үмітті, күшті қайғы. Осы тақырыптас шығармаларында ақын өзін сыншы реалист ретінде көрсете білді.
Төңкерістен бұрын жазылған шығармаларында халық өмірінің шындығы дәл суреттеледі – прогресшіл, белсенді романтизм мен сыншыл реализм ұштасып жатыр.
1917 – 1918 ж.ж. алашшыл, ұлтжанды рухтағы өлеңдерін жазады. Солардың бірі - «Алаш ұраны» - Алашорданың әнұраны. Бұл туралы ғалым А. Еспенбетов «рухы биік, мақсаты ізгі, бітімі оқшау туынды» деген. Өлеңнің негізгі түйіні – автономия алу, жеке ел болу идеясы:
Алаш туы астында,
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді ешкімнің алашты
Қорлығына бермейміз!
Жасасын алаш, жасасын!
Осы жылдары жазылған өлеңдерінің ішінен бостандық жайлы жазылға, «Сарыарқаның жаңбыры» деген туындысын атауға болады:
Көп уақыт жаңбыр көрмей қурап, күйіп,
Жоқ Сарыарқада көрген сиық...
... Таулардан бейлі кеңіп, ағып бұлақ,
Кей үйлер талқан болып, жатыр құлап.
Мұндағы жаңбыр – символдық образ, табиғатты оятып, сәнге бөлейтін ғажайып күш.
«Жас жүрек» лирикасында ақынның дүрбелең тұстағы күйі өрнектелген:
Жас жүрек, қайда сенің ыстық қаның,
Тап мұнда ймаздауыңның айтшы мәнін.
Тәтті үміттің қиялы сәуле беріп,
Ұйықтатпай толқынның жойды бәрін.
1918 – 1919 ж.ж. өлеңдеріне болашаққа хор сенім арту, қоғамдық – саяси құбылыстарды жан – жақты қамту тән («Осы да әділдік пе?, «Ғайса кім?», «Дауылдағы әбігер»).
Сонымен, өлеңдерін қорыта келсек, С. Т. – сыршыл – лирика ақын. Туындыларының көпшілігі лирика: саяси, махаббат, көңіл – күй, табиғат лирикасы. Әсірес, саяси, көңіл – күй лирикасы басым. Өлеңдері көлемді, тіпті 40, 50, 60 жолды өлеңдері бар. Мұның себетін зерттеуші Б. Кенжебаев, біріншіден, жас жағында жазылғандықтан, жинақы, дәл келе бермейді; екіншіден, үлкен,күрделі тақырыпты қозғайтын саяси лирика болғандықтан деп түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |