Белослюдов: «19-ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ әдебиетінде жаңа кезең жазба әдебиеті басталды. Жазба әдебиеттің негізін салушы Мәшһүр Жүсіп Көпеев»



бет18/37
Дата10.02.2022
өлшемі325 Kb.
#25189
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37
Романдары. Жалпы роман жанры әлем әдебиетіне 12-13 ғ.ғ. келген. Шарықтау шегі – 19 ғ. Қазақ әдебиетінде роман 20-ғасырда жаңа әдеби жанр ретінде енген. Оған атсалысқандар – М. Дулатов, С. Көбеев, С. Торайғыров және т.б. Қазақтың көзі ашық адамдары да романның әдебиетімізге тереңдей енуіне өз ықпалдарын тигізген. Мысалы, 1913 ж. 6- шілдеде Ахмет-иман Оразов деген азамат «Бәйге тігемін» деген шағын хабар береді. Онда жақсы роман жазған жазушыға бәйге теретіндігі туралы айтылады. 1914 ж. Жетісу өңіріне аты шыққан, Мамания медресесін ашқан Есенғұл қажы Маманов деген азамат да 200 сом бәйге тігеді.

«Қамар сұлу» С. орайғыровтың Троицк кезеңінде жазылған. Тұңғы 1933 ж. толық жинағында жарық көреді. Тақырыбы - әйел мәселесі, бас бостандығы, әлеуметтік қайраткер болуы.

Қамардың портреті:

Жіңішке сымға тартқан әні қандай,

Балауыз балбыраған әні қандай

Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп,

Толықсып, толып тұрған сәні қандай,


Еріткен іш – бауырыңды көзі қандай,

Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай.

Жұп – жұмсақ, бып – биязы ішке кіріп

Жайтаңдап, жан күйдірген кезі қандай!

Сұлу Қамар, ақын Қамар басындағы шытырман оқиға, трагедиялық хал – романдағы тартыс желісі.

С. Т. Қазақ арасында ескі салт күшті деген көзқараста Қамар өлімімен аяқтайды. Бұған Б. Кенжебаев: «Ескілік күшті, басым, ұнамсыз кейіпкерлері анық, жігерлі болып шыққан да, ұнамсыз кейіпкерлері тіпті ынжық, әлсіз болып шыққан», - дейді. М. Қаратаев болса мынадай пікірде: «Жазушының идеясы – адамның кіршіксіз таза, ең күшті махаббат сезімін жырлау. Теңсіздік қоғамда бұлс езім қырсыққа ұшырайды, трагедиямен тынады... Сұлтанмахмұттың «Қамар сұлу» романында да тақырып шешімі осындай ғой».

Ақын хат формасын пайдаланған. Мұндағы хаттар көркем прозадағы диалог санатында.

Ахметтің сипаты: «Ахметтің ақыл – ой зеректігінің үстіне сұңқардың баласындай бітімі жақсы, көзге түсерлік көркі де бар, сөзге шешен, ойдан шығарғыш ақын, жарып салма өткір еді».

Қасен – кейінгі өркен рухының оянуына жанды мысал.

Омар – беделді, дәулетті, сәулелі, турашыл кісі.

Жорға Нұрым, Қалтан, Оспандар – адамгершілігі ардан аттаған пенделер.

Кейіпкерлердің саны аз – бар – жоғы жеті – сегіз. Жанры жағынан драма, лирика, эпос аралас. Фольклор үлгілері кездеседі: қоштасу, айтыс, жар – жар, бақсы сарыны. Этнографиялық көріністер бар: қол ұстатар, неке қияр, үшкіру.



«Кім жазықты?» (1915ж. ) Әуелі романды «Әжібай болыс» деп атайды. Төкен Әбдірахмановтың айтуынша, 2 айда жазылған. «Кім жазықты?» қазақ әдебиетіндегі тұңғыш өлеңмен жазылған роман. Бірақ, ақталмаған. Күрделі, көп жоспарлы шығарма. Басты тақырып – ХХ ғасыр басындағы қазақ ауылдарындағы әлеуметтік, таптық қайшылықтар, кетеуі кетіп, ішінен іріп, іргесі бұзылып бара жатқан қоғамдық ортаның ұсқынсыз келбеті. Үш ұрпақ өкілінің – Тасболат, Әжібай, Қабыштардың құлдырауы мехеге арналады.

Ы. Дүйсенбаев бұл шығармада шын мәніндегі ұнамды кейіпкер жоқ деген пікірде.

Қазақтың жастары тәлімсіз кетіп барады. Осыған кім жазықты? Қазақтың қыздары ескілік, надандық құрбаны болады. Осыған кім кінәлі ? Қазақ арасында қараңғылық күшті. Бұлар халықтың еңсесін басып отыр. Осыған кім кінәлі? Қазақ атқамінерлері өз қамын ойламайды, шенқұмар. Осыған кім кінәлі? Қазақ мешеу, отарда. Осыған кім кінәлі? Осы сұрақтарға жауап іздейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет