Төменде сабағыңызға қосуға болатын бірқатар ойлар ұсынылған. Алайда бұл тізім ұсынымдық сипатта, сондықтан оны осы бағыттағы жұмысты əрі қарай жалғастыруға жəне дамытуға негіз ретінде санаған дұрыс.
Ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕББҚ) бар оқушылар
Оқушыны не себепті ЕББҚ деп даралау керек, олардың оқуына көмектесу үшін бірінші кезекте қандай əдіс-тəсілдерді қолданасыз жəне өзіңіз жоспарлаған жаттығулардан бір-екі мысал келтіріңіз.
Дарындыжəнеталанттыоқушылар
Күтілетін деңгейден жоғары деңгейде жұмыс істейтін оқушыларды анықтаңыз. Олардың оқуын кеңейту үшін бірінші кезекте қандай əдіс-тəсілдерді қолданасыз жəне өзіңіз жоспарлаған жаттығулардан бір-екі мысал келтіріңіз.
Жоспарыңыздағы барлық жаттығуларға шолу жасап, əр жаттығудың сауаттылықпен байланысын белгілеңіз.
Сыныптағы пікірталас пен кері байланыс орнату барысында оқушылардың ауызша жауап беру дағдыларын дамытуды назарда ұстаңыз.
Ширату жаттығуларының мақсаты – сабақ тақырыбына байланысты оқушылардың қызығушылығын туғызу.
Артығыналыптаста
Оқушыларға сөздер немесе суреттер жинағын (сабақ тақырыбымен байланысты) көрсетіңіз. Олар қай сөз немесе сурет қалғандарына қатысты емес екенін анықтауы керек.
Бұлжауабыболса,ондасұраққандайболады?
Оқушыларға сөйлемдер беріп, жауап ретінде осы сөйлемдерді алу үшін сұрақ қандай болатынын анықтауды сұраңыз.