Сабақ тақырыбына қатысты ақпаратты жасырыңыз.
Оқушылар жасырылған ақпаратты табуы керек. Күрделілік деңгейін арттыру үшін, тақырыпқа қатысы жоқ ақпарат қосып, оқушылардан оларға қажетті жəне қажет емес ақпаратты ажыратуды сұрауыңызға болады.
… қатысты10сөздіатаңыз
Оқушылардан нақты бір тақырыпқа, ұғымға қатысты 10 сөз атауды сұраңыз.
Сəлемдемежіберіңіз
Затты бірнеше қабат қағазға/газетке ораңыз. Оқушылар əуен ойнап жатқанда оралған затты сынып ішінде береді; музыка тоқтаған кезде, оқушы бір қабатын ашады. Əр қабатқа тақырыпқа қатысты бір сұрақ немесе затты анықтауға көмектесетін ишара қойыңыз, оқушылар оны тауып, одан кейін оралған затты əрі қарай береді. Осылайша заттың орамасы біткенше жалғасады.
Сабақты қорытындылауға арналған идеялар
Сабақтың соңында бүкіл сынып орындайтын жұмыстың мақсаты – оқу бойынша қорытынды жүргізу, оқуды біріктіру, келесі деңгеймен байланыстыру жəне олардың қалай оқитынын белгілеу.
Сыныптаншығубилеті
Оқушыларға олардың оқуына қатысты сұрақтар жазылған қағаз беріңіз, олар сұрақтарға жауап беріп, оны сыныптан шығуға рұқсат етілген уақытқа дейін мұғалімге беруі керек.
Жұмбақсөздер
Негізгі сөзді, терминді немесе тақырыпты көрсететін оқушыны таңдаңыз. Оқушылар оны табуы керек.