Ыстық орындық
|
Өтілген тақырыпты қорытындылау үшін оған қатысты қандай-да бір ұғымды, формуланы, фигураны, т.с.с. (мысалы, пирамида) сомдайтын оқушыны таңдаңыз. Сыныптың қалған бөлігі бұл «кейіпкерге» кезек бойынша сұрақ қояды, ал ол сол кейіпкер сияқты жауап беруі керек.
|
Миыңның суретін сал
|
Оқушылар мидың суретін дəптерге салады да, оны сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толтырады.
|
Тізбектен не түсіп қалған?
|
Оқушыларға бір сөз түсіп қалған тізбек көрсетіп, сол сөзді табуды сұраңыз. Мысалы, жанама –түзу, транспортир –?
|
Бір минут
|
Оқушылар кезек бойынша бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз жəне қатесіз сөйлейді.
|
5-5-1
|
Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.
|
Хабарлама
|
Оқушылардан өздерінің не үйренгенін көрсететін мəтіндік хабарлама (SMS) құрастыруды сұраңыз. Барлық мəтіндік хабарламадағы сияқты мұнда да символдар саны шектеулі.
|
Əріптестер
|
Əр оқушыға не жауабы бар, не сұрағы бар қағаз беріңіз. Оқушылар сынып ішінде жүріп, сəйкес келетін сұрақ пен жауапты іздейді. Күрделілік деңгейін арттыру үшін, оқушылар үндемей орындай алады.
|
|