Бердалы мырзаханов


Паралингвистикалық компоненттер



бет21/103
Дата25.11.2023
өлшемі4,56 Mb.
#127512
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   103
Паралингвистикалық компоненттер. Вербальды, яғни сөз арқылы қарым-қатынас қуруда паралингвистикалық құбылыстар (вербальды емес) да кеңінен қолданылады. Мысалы, түрлі дыбыстар- жөтелу, ыңырсу, есінеу, терең дем- алу және т.б сөйлесу тәсіліне жатпаса да, мағыналы болады, науқастың жағдайын, көңіл-күйін, мәліметке көзқарасын білдіреді. Бұлардың арасында келесі белгілер маңызды роль атқарады:

Медициналық қызметкерінің дауысының қаттылығы мен ырғағы жанасудың түсініспеушілік (конфликтті) түрде өтіп жатқанын мәлімдейді және науқастан агрессивті жауапты тудырады. Қатты сөйлеу үстінде, дауыстың қаттылығы тіпті өсе түссе, науқасты кері, үрейлі реакцияға шақыруы мүмкін.
Науқас үрейленгенде немесе қапалағанда, өзіндік қиын- шылықтарын айтқанда, медициналық қызметкердің назарын аударғысы келсе, сөйлеу тез, қарқынды болады. Клиникалық жағдайда қарқынды сөйлеу көбінесе үрейленудің, қозудың белгісі.

Тұлға аралық қатынасудың дистанциясы.


Әр адамда өзінің өмірлік кеңістігі болып, ол оған қорша- ғандарды жібермеуге тырысады. Оны қорғайды. Ара қатынас үрдісі кезінде әңгімелесушілер тұлға аралық дистанцияны реттеп отырады. Бұл өмірлік кеңістікте адам өзі жайлы, ком-
фортты сезінеді. Ол әр адамның психологиялық ерекшелігіне байланысты әртүрлі болады. Тұлға аралық ара қатынас дистанциясының төрт түрі болатыны белгілі:

  1. 0-45 см- «интимдік дистанция», өте жақын адамдар- дың ара қатынасында кездеседі (ерлі-зайыпты, ата мен бала).

Бұл интимді зонаға басқа жат адамдардың кіруі наразылық және қарсылық тудырады.
Медициналық қызметкер мен науқас ара қатынасында пациент интимді қашықтыққа жіберілмейді, себебі олардың әрекеті ресми түрде өтіп, әлеуметтік нормалармен реттеледі. Бірақ, ауру хал үстінде болса, өміріне қауіп төніп тұрған жағдайда интимдік дистанция қолданылады.

  1. 45-120 см «жекелік дистанция», партнерлік қатынасты сипаттайды. Әлеуметтік жағдайы біркелкі адамдардың сұхбаттасуында қолданылады.

  2. 120-400 см - Бұл «әлеуметтік дистанцияда» формал- ды, ресми ара қатынасу өтеді. Егер науқас адамның өзіне сұхбаттасу қашықтығын таңдауға мүмкіншілік берсе, ол 2 метр қашықтықта орналасатыны анықталған. Мұнда ол өзін жайлы және комфортты сезінеді.

  3. 4-7,5 метр- «көпшілік дистанциясында» бірнеше адам формалды түрде қатынасады ( жиналыста, конференцияда)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет