Әңгімелесушілердің озара орналасуы. Ара қатынас ке- зінде әңгімелесушінің отырысы мен тұрысы да, оның әрекет- тесуінің психологиялық мағынасын түсінуге мүмкіншілік береді. Сұхбаттасушының негізгі позицияларының келесі түрлері белгілі:
Бетпе-бет, бір-біріне қарсы орналасуы, адамның кон- фронтацияға бейімделген мінезін көрсетеді, шиеленіс үстінде мүмкін деген қауіпті қарсы алуға бағытталады.
Медициналық қызметкерлер мұндай позициядан аулақ болуы қажет.
Қатар орналасу позициясы адамның әрекеттесуге бейімділігін, сенімділігін және қайырымдылығын көрсетеді, партнерлік ара қатынасты белгілейді.
Қарама-қарсы отырып, стол арқылы қатынасу, адам- ның басшылығын көрсетеді, сенімділік тудырмайды, психо- логиялық жанасуға жетуге мүмкіншілік бермейді.
механизмдері Әр бір адам әлеуметтік ортаны түрліше қабылдап, бір жағдайға өзінше жауап қайтарады. Бұл адамның әлеуметтік ұстанымына байланысты болады. Әлеуметтік ұстаным түсіні- гін Томас пен Знанецкий 1918 ж ендірген. Олар оны психо- логиялық процесс ретінде түсіндіріп, әлеуметтік дүниеге қатынас түрінде қарастырып, әлеуметтік Құндылықтармен байланыстырған. «Құндылықтар-Бұл ұстанымның объективті жагы. Ұстаным Бұл әлеуметтік Құндылықтың индивидуалды (субъективті) жағы»- деп өз еңбектерінде олар сипаттаған.
Сонымен әлеуметтік ұстаным түсінігі Бұл индивидтің әлеуметтік объектілердің Құндылықтарын, мән мағынасын психологиялық өткізу, немесе кейбір әлеуметтік Құндылық- тарға индйвидтің санасының қатынасын білдіреді
Тиімді коммуникацияға кедергі келтіретін не?
Екі адамның бір жағдайды түрліше. қабылдауы, тиімді коммуникация үшін үлкен кедергі болып табылады. Ең алды- мен, қарым-қатынастың екі жақты процесс екенін ұмытпау керек.
Сондықтан, қарым-қатынас тиімді болсын десеңіз, тыңдау- шының қабылдай алу қабілетіне мән беріңіз, ол үшін сөзге шебер, шеінен болудың тіпті де қажеті жоқ.
Ақпарат алу кезінде кездесуі мүмкін кедергілер:
тыңдаушымен түсініксіз тілде сөйлесу; қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескермеу;
тыңдаушы жөнінде пікірлер мен көзқарастың қалыптасуы.
Тиімді коммуникация үшін басты кедергілердің бірі, басқа адам жөніндегі пікірлер мен көзқарастар қалыптастыру.
Айырмашылықтар төмендегідей болуы мүмкін: