Фонетикалық кедергілер - медициналық қызметкер нау- қасқа айқын емес, өте тез сөйлегенде немесе әр тілде және диалектте сөйлесе, тіл және дикция ақаулары болған жағдай- да кездеседі.
Семантикалық (маңыздылық) бөгет, адамның жасына, мамандығына немесе әлеуметті жағдайына, мысалы, жастар- дың, нашақорлардың, шалғай аудандардың тұрғындарының тіл ерекшеліктеріне байланысты байқалады. Кейбір кездері дәрігер мен мейірбике медициналық терминдерін шектен тыс қолданып, науқасты «медицина» тіліне көшуіне, яғни жанама сөздерді пайдалануына, өздері итермелейді. Бұл науқастың психикасына кері әсерін тигізеді, түрлі психологиялық реакцияларын қоздырады.
Стилистикалық бөгет, қатынасу кезінде мейірбикенің ті- лі жағдаятқа сәйкес болмаса мысалы, ол тұрпайы сөйлеп нау- қастың психологиялық ерекшеліктеріне, жағдайына байла- ныссыз, мәдени, білім дәрежесіне сай емес сөздерді қолдануы.
Логикалық түсініксіз болмау кедергісі, медициналық қызметкердің тілі күрделі, науқасқа түсініксіз немесе ақи- қатқа сай емес болған жағдайда пайда болады. Бұл – мейір- бикенін медициналық әрекет алдында жүргізілген сұхбаты кезінде немесе дәрі-дәрмек қабылдау ережелерін түсіндір- генде байқалады.
Мәдени-әлеуметтік бөгеттің даму себептері, науқасты белгілі бір мамандықтың өкілі немесе ұлт, жыныс, жасының, әлеуметті жағдайдың тұлғасы ретінде қабылдау болып табы- лады. Кейбір ауруларға медициналық қызметкердің беделі,
әсіресе, жас маманның беделі жеткіліксіз болғандықтан, ол бұндай көзқарастарға дайын болуы керек.
Қатынасу бөгеттері, кейбір науқастарға теріс негативті эмоциялар пайда болуына байланысты дамиды.
Психологиялық бөтеттердің пайда болуының негізінде, науқас адамның ақпараттан қорғаныс реакциясы жатыр. Науқасқа түскен әр ақпарат, оның тәртібіне, пікіріне, ұста- нымдарына тікелей әсерін тигізіп, өзгертуді көздейді.
Тиімді қатынасқа кедергі келтіретін жеке тұлғалық тосқауылдар.
Сұхбаттасу үстінде барлық науқастар медициналық қызметкерлерге қилы қиындықтар туғызады. Науқас тұлғасы түрлі кәсіби, материалдық, әлеуметтік, отбасы және өмір сүру жағдайына байланысты, психологиялық тосқауылдарға, мәсе- лелерге толы. Науқастардың әрқайсысы дерті, ауырсыну сезімі, дәрілік препараттарды қабылдау туралы медициналық қызметкерге түрлі сауал қойып отырады. Мысалы, жоғары әлеуметті статусқа ие науқастар «әлсіз», «симулянтты» көрінуден қашқақтап, медициналық қызметкерге толығымен өзінің сырқатын, мұңын айтпайды. Жоғары интеллекті нау- қастар, сұхбат барысында өз білімділігін көрсетіп, дәрігермен түрлі тыс тақырыптарды талқылап отырады, ал Бұл жағдай медициналық қызметкердің ауру диагнозын нақты анықтауына кедергі келтіреді.
Үлкен жастағы адамда психикалық бұзылыстар, атеро- склероз үрдісінің дамуы корінісінде есте сақтау және инте- лектуалды қабілетінің төмендеуінен сипатталатын науқастар, физикалық жағдайына сәйкессіз болып, емдеу-диагностика- лық үрдіске айтарлықтай қиындықтар туғызады, мысалы, ауыр соматикалық аурумен сырқаттанған, эйфория жағ- дайындағы науқастар. Аса қиындықтар туғызатын, сұхбатта- су барысында медициналық қызметкерлерден шыдамдылық пен уақытты талап ететін науқастарға, суицидальді әрекетке ие депрессивті науқастар және уайымшыл науқастар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |