Бердалы мырзаханов



бет44/103
Дата25.11.2023
өлшемі4,56 Mb.
#127512
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   103

Интервью түрлері


Құрылу дәрежесіне қарай:

  • Стандарттандырылған немесе формальды интервью. Бұл интервьюде сұрақтардың құрылуы және олардың нәтижесі алдын ала анықталады.

  • Стандарттандырылмаған немесе бос интервью. Мұн- дай интервьюде медициналық қызметкер жалпы жоспарға сүйене отырып, жағдайға байланысты сұрақтар қояды.

  • Жартылай стандарттандырылмаған немесе фокустел- ген интервью. Мұндай интервьюді жасаған кезде медицина- лық қызметкер стандарттарға негіздей отырып, басқа да керек сұрақтар қоя алады.

Зерттеу дәрежесіне қарай:

    • Алдын ала жүргізілген интервью. Жағымды зерттеулер кезінде қолданылады;

    • Негізгі интервью. Негізгі мәлімет жинау кезеңінде қолданылады;

    • Қадағалау интервью. Күдікті нәтижелерді тексерген кезде қолданылады.

Қатысушылардың санына қарай:

    • Индивидуальды интервью - Бұл интервьюде медициналық қызметкер мен науқас қана қатысады.

    • Топталған интервью-екі адамнан көп тұлғалар қатысады.

Интервъюдің негізгі фазалары: адаптация, қойылған мақсатқа жету, қозуды шешу.
Интервью адаптация фазасынан басталады- Бұл кезде науқасты сұрақтарға жауап беруге және сұхбаттасуға дайын- дайды. Бұл фазаның мазмұны- барлау, дайындық жүргізу.
Интервьюдің келесі фазасының негізгі мазмұны – қойыл- ған мақсатқа жету, негізгі ақпаратты жинау, мәселенің шешілуіне ықпал жасау. Науқастың көңілін аудару үшін функционалды психологиялық сұрақтар қолданылады.
Медициналық интервъюдің қорытындылануы. Интервью- дің соңында жай сұрақтар қойылу арқылы қызбалылыққа және сезімдердің шығуына жол беріледі.
Сұрақ-анкетасы өзінің бастамасын Ф. Галыпон, К.Пирсон және Дж. Кэттел стандарттандырылған анкета және шәкілдеуден алады. Олардың өңдеулерін түрлі сұрақ- анкетасын және жеке сауалнамаларды қүрастыру үшін басқа зерттеушілер кеңінен қолданды. Сұрақ-анкеталар адамның тұлғалық қасиеттеріне және ерекшеліктеріне қатысты емес мағлұматтар береді. Мысалы, биографиялық сұрақ-анкеталар, қызығу сауалнамалары, бағдар сауалнамалар және т.б
Тестілеу - стандарттандырылған сұрақ және есептерден құрылған психологиялық диагностика. Психологияда көп- теген арнайы тесттер құрылған, олар адамның психикалық ахуалын, тұлғалық қасиеттерін зерттеуге арналған. Мысалы,
интеллектті, қабілетті, тұлғаның жетістіктерін анықтайтын тесттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет