Бердалы мырзаханов



бет45/103
Дата25.11.2023
өлшемі4,56 Mb.
#127512
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   103
Шәкілдеу (шкалирование) - психологияда қолданылатын бағалау тәсілінің бір түрі. Шәкілдеу барысында сыналып жатқан адамға сөздік (әр түрлі ой пікірлер), сандық белгілер немесе графикалық түрінде түзілген шкалалар қолдану арқы- лы қандайда бір объектті бір белгілер бойынша бағалауға нұсқау беріледі. Шәкілдеу психологияда бір жағдайға адам- ның қатынасын көрсетеді, белгілі объектке қатынасын бағалауға жәрдем береді.

Науқасқа сауалдаманы қалай Дұрыс жүргізу керек?


Медициналық қызметкердің науқаспен жақсы әңгіме- сұхбат құруы, Дұрыс диагноз қоюдың, науқастың қанағатта- нуының алғы шарты болып табылады.
Одан әрі науқастың қобалжуы төмендеп, ол медициналық қызметкердің барлық ұсынысын орындайды. Әңгіме бары- сында медициналық терминдерді қолданбау, науқастың меди- циналық қызметкерді толық түсінуіне көмектеседі. Медици- налық қызметкердің нұсқауы нақты, әрі қарапайым болуы тиіс.
Науқаспен амандасу және өзін таныстыру.
«Қайырлы таң Л.Т... Кіріңіз отырыңыз. Менің аты-жөнім »
  1. Науқасқа өзінің шағымдарын айтуды усыыу


    • «Сонымен, менің сізге қандай көмегім қажет?» немесе

    • «Сізді қинап, мазалайтын не жағдай екенін айта беруіңізге болады».

Бұл науқасты әңгімеге тартып, оның өз қиындыгын сізге қалай дұрыс жеткізсем болады деген қиналысын сейілтеді.
Мысалы: Медициналық қызметкер ілтипатты екен, яғни менің қиындыгымды тыңдауға, маған көмек беруге дайын екен.
  1. Мысалдарды пайдалану


Медициналық қызметкердің тәжірибелік іс-әрекетіне өмір- ден алынған мысалдар мен өзінің басынан өткен жағдайлары көп көмегін тигізеді. Олардың көмегімен науқаспен тез тіл
табысып кетуге болады. Мысалдар қарапайым, әрі медицина- лық терминдер қолданылмай баяндалуы қажет.


Тақырып 4.2. Медициналық интервью, ұғымы және

құрылысы.


Медициналық интервью - тұлғаның психологиялық қасиеті және белгілері, дерттің ішкі бейнесі мен науқастың мәселелері туралы ақпарат жинау және науқаспен жанасу негізінде оған психологиялық әрекет жасау әдісі.
Мақсаты:

  1. Науқастың жекеше психологиялық қасиеттерін біліп, бағалау.

  2. Психологиялық ерекшеліктерінің сапасын анықтау, олардың күшін, ауырлығын жіктеу.

  1. Алынған мәліметті психологиялық феномендерге немесе психопатологиялық белгілерге жатқызу.

Сонымен қатар, сұхбаттың мақсатына адамның шағым- дарын анықтау және оның тәртібінің, жүріс- тұрысының ішкі себептерін, ықпалдарын айқындау жатады. Медициналық сұхбаттасу, медициналық қызметкердің науқасқа психология- лық жәрдем беруіне де негізделеді.
Медициналық интервьюдің мағынасы, қарапайым сұрас- тырудан өзгеше болады, себебі ол науқастың шагымдарын белсенді түрде анықтаумен қатар, адам қылықтарының, өз- өзін ұстауының жасырын мотивтерін іздестіруге және нау- қасқа жәрдем беруге бағытталады. Сұхбаттасудың функция- лары:

    • диагностикалық

    • терапевтік

Олар бірге, параллельді түрде жүзеге асуы керек, себебі тек үйлесу жағдайында ғана медициналық мақсатына (ауру- дың сауығуы) жетеді.
Көбінесе науқас өзінің шағымдарын, мәселелерін және жағдайын сипаттап түсінікті түрде айта алмайды. Сондықтан, науқастың айтқан мәселелерін дәрігердің тыңдай білуі-
сұхбаттың бір кезеңі болады. Сұхбаттың екінші бөлігінде, науқастың өз мәселесін толық айтуына, медициналық қыз- меткердің әдеппен жәрдемдесуі және оның түпкі негізін түсіндіруі жатады.
Сұхбаттың принциптеріне келесілер жатады:

  • қойылған сауалдарға медициналық қызметкердің жасаған тұжырымы дәл, ашық, сәйкес және түсінікті болуы;

  • бірізділік және адекватты (логикаға сәйкес), біркелкі болуы;

  • алынған мәліметті тексеру мүмкіншілігі болуы.

Медициналық қызметкердің қойған сауалдары мен тұжы- рымдары дәл және тиісті, науқастарға түсінікті, арнайы терминсіз болуы керек. Олар аурудың тілі мен мәдениетіне, біліміне сәйкес келуі қажет. Сондықтан науқастың әлеуметтік статусы, білім дәрежесі, тіл байлығы, мәдениеті мен сөйлесу мәнері анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет