Бердалы мырзаханов


Науқастың психологиялық ерекшеліктеріне, жағ- дайына байланыссыз, мәдени, білім дәрежесіне сай емес сөздерді қолданғанда кездесетін кедергі



бет43/103
Дата25.11.2023
өлшемі4,56 Mb.
#127512
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   103

Науқастың психологиялық ерекшеліктеріне, жағ- дайына байланыссыз, мәдени, білім дәрежесіне сай емес сөздерді қолданғанда кездесетін кедергі:


а. логикалық
в. семантикалық с. фонетикалық д. стилистикалық е. қатынасу
  1. Науқаспен психологиялық жағымды контакт орнатуға, эмоционалды қолдау көрсетуге кедергісін келтіреді:


а. экстроверттілік с. рефлексия
е. интроверттілік в. аффилиация
д. сенсетивтілік

МОДУЛЬ 4. ПСИХОДИАГНОСТИКА

Тақырып 4.1. Сауалдама тәсілінің негізгі мінездемелері

және оның түрлері


Сауалдама – медицинадағы ең қарапайым процедуралар- дың бірі болып есептелінеді. Медициналық қызметкер мен науқастың арасындағы сұхбат тек ауру тарихын білуге ғана бағытталмаған. Мұнда ең басты мақсат клиникалық маңызы бар мағлұматтармен алмасу, медицина қызметкері мен науқас арасында одақ құру. Науқас медицина қызметкеріне келгенде көмек іздеп келеді, ал білімді де тәжірибелі медицина қызметкері науқасқа көмек көрсетуі тиіс.
Медициналық мекемелердің көпшілігінде ең кең таралған клиникалық сауалдама - қарапайым медициналық мағлұ- маттарды жинақтау. Бұл мағлұматтар қазіргі аурудың белгі- лері мен симптомдарын, өткен аурулардың ағымын, науқастың жанұясы жайлы мағлұматтарды айқындауға және жүйелер бойынша шолу өткізуге көмек береді.
Науқастың өмір сүруінің басқа аспектілері, мәселен психосоциалды мінездемелері, көп жағдайда медициналық сауалдама жүргізген кезде анықталады.
Медицина қызметкерлері медициналық қарау кезінде пациенттің эмоционалды жағдайын білу үшін жол табуға үмтылады. Сонымен қатар, науқастың өзін-өзі тану денгейін, тұлға аралық қатынастардың мінездемелерін және қиындық- тарды жеңе алу қабілетін, науқаста бар болған жағдайда психосоциалды дамуының бұзылыстарын анықтауға тырысады.
Медициналық қызметкерде сауалдама өткізу шеберлігі бү- кіл профессионалды қызметінің барысында дамып отырады.
Оқу орнын бітірген соң, жұмыс барысында Бұл дағдыны менгереді деген оймен, өткен жылдары медициналық қыз- меткерлерді оқытуда Бұл мәселеге керекті назар аударыл- маған. Студент-медиктер науқастармен оқу барысында сөй- лесіп үйренген жағдайда, науқаспен сұхбат жүргізу дағдысы
жеңілге түседі, бірақ Бұл кезде оқытушы немесе консультант болуы тиісті.
Сауалдама әдісі, экспериментатор және респондент (па- циент) арасындағы тікелей (интервью) немесе тікелей емес (сауалнама, анкета) қатынас, зерттелуші индивид, топ? әлеуметтік қауым жайлы мағлұмат алу тәсілі. Сауалдама әдісі тұлғаны зерттеудегі ең кең таралған әдіс болып есептелінеді.
Сауалдаманың мақсаты - науқастың бағытын, өзі жайлы, айналасындағы адамдар жайлы ой-пікірін анықтау. Сауалда- маны басқа тәсілдермен қосарластырып қолданған өте тиімді болады және де көптеген қателердің алдын алады.
Сауалдаманың мына түрлері белгілі: интервыо, сұрақ- анкетасы және жеке сауалнамалар.
Интервью - ауызша сөйлесу нәтижесінде ақпарат алудың амалы. Интервью байқау әдісі секілді ертеден келе жатқан әдіс.
Интервью 2 түрлі мағлұматтар береді. Біріншіден, науқас- тың сөйлеу мәнерін, жүріс-тұрысын, мимикаларын, бейтаныс адамдармен қатынасын байқауға болады. Екіншіден, интер- вью кезінде науқастың өмірі жайлы мағлұматтар алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет