Бердалы мырзаханов


Медициналық сұхбаттасудың кезеңдері



бет47/103
Дата25.11.2023
өлшемі4,56 Mb.
#127512
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   103

Медициналық сұхбаттасудың кезеңдері:


І Науқас адамның сенімділігін тудыратын жағдай жасау (тыныштыққа назар аударуы, тиісті орналасуы, т.б.), құпия- сын сақтауға кепілдік білдіру және сұхбаттың бастауыш мотивтерін анықтау.
ІІ Науқастың шағымдарын анықтап, талқылау, аурудың ішкі бейнесін бағалау.
ІІІ Сұхбаттан және емдеуден тосатын нәтижелеріне баға беру, адамның психологиялық бейнесін анықтау
ІҮ Дерттің аяқталу түрлерін және болжамды емдеу нәтижелерін айтып, түсіндіру.
Психологтардың мәліметі бойынша адам туралы пікір танысудың 18-ші секундінде пайда болады.
Бірінші кезең - сұхбаттасуға сенімділік тудыратын жағдай жасау. Бұл белсенді интервью, ол өте маңызды және қиынға түсетін кезең.
Интервьюдің әрі қарай ағымы, жалғастыру мүмкіншілігі, сұхбаттық егжей- тегжейдің толық ашылуы, науқастың алғашқы пікірі мен көзқарасына байланысты болатыны анық. Бұнда медициналық қызметкер науқастың көзіне тік қарап, оған назарын аударғанын көрсетеді.
Медициналық қызметкердің науқаспен қатынасуы мен сұхбаттың басталуы формалды түрде емес (шағымдарыңыз қандай?), оны жағдайына және халіне байланысты қолдау әрекетін жасау қажет. Қатардағы жағдайда «сенімділік дистанциясын» қуруға пәтиже әкелетін болып келесі пікір саналады: «Ауруханаға (емханаға) келуіңіз сізге оңай түскен жоқ. Сіз айтар жайттар, уайымдар тек осы жерде, екеуіміздің арамызда қалатыны туралы, мен сізге конфиденциалдықты сақтайтыным туралы кепілдік беремін»,- деп қайталап, ескертіп отырады.
Бұдан кейін ІІ-ші кезеңде медициналық қызметкердің белсенділік рөлі доғарылып, ол пассивті (белсенді емес) сұхбаттасушыға айналады. Науқас адамға тиісті уақыт бері- ліп, оның шағымдарын асықпай, ұқыпты, өзі таңдаған бірізділікті, қажеттілігі мен маңыздылығы бойынша айтуға мүмкіншілік беріледі. Медициналық қызметкер толық наза- рын аударып тыңдайды, яғни белсенді тыңдаушы рөліне ауысады.
Медициналық анамнезді (аурудың даму тарихы және өмір тарихы) жинау, сұхбаттасудың Бұл кезеңінің ең бір маңыз- дысы болады. Оның мақсаты - адамның толық ақпарат алу негізінде, оның тұлғасына, өзіне және дертке көзқарасына, өзіне жасаған аурудың әсеріне баға беру болады. Мұнда, нау- қастың өмір жолын, ауру барысын, аурудың тәртібіне, тұлға- лық жүйе қатынастарына әсерін анықтау өте маңызды болады.
Келесі, III кезеңде, сұхбаттасушы аурудың осы пікірле- суден және емдеуден тосатын нәтижелерін анықтауға бағыт- талады: «Сіз айтқан шағымдардың қайсысынан тез арылғы- ңыз келеді», « Келер алдында менімен сұхбат құруға қандай көзқараста болдыңыз, сіз одан не тосасыз?», «Сіздің ойыңыз- ша, мен сізге қандай жәрдем бере аламын?». Соңғы сұрақ науқастың өзі қолдайтын ем тәсілін анықтауға мүмкіншілік береді, себебі кейбір адамдар медициналық қызметкер үсынған емдеуден бас тартып, сенімін білдірмейді.
Сұхбаттың соңғы, ІҮ кезеңінде медициналық қызметкер тағы белсенділікті өз қолына алады. Бұл тәсіл тірек-сызба арқылы аурудың жағдайын дәл анықтап, оның тұлғалық және ауруына байланысты құпияларын ашып, ем нәтижесін өсіруге болады.
Клиникалық сұхбаттасу үстінде вербальды және вербаль- ды емес тәсілдерді қолдана білу өте маңызды және мағыналы болады. Ауруды сұрастырумен қатар, тілге бейімделмеген бірталай өте маңызды ақпаратты алуға болады (вербальды емес). Мысалы, визуалды жанасу, дене қалпын бақылау, дауыс ерекшеліктері, қол қимылдары және бет әлпеті медициналық қызметкерге көптеген мәлімет береді. Алайда, кейбір жағдайларда, әсіресе депрессивті адамдарға және шектеулі мәлімет айтылған кезде аурудың көзіне тік қарамаған Дұрыс болады. Сонымен қатар, вербальды және вербальды емес тәсілдерді қолдану, пациент проблемаларын дәл түсініп, сұхбаттасуға қолайлы жағдай тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет