Өлім туралы, аурудың жазылмайтыны туралы ойларға бейімделу кезеңдері.
Өлімге деген қатынас өмір сүруге әсер етеді. Әулие Авгус- тиннің пікірі бойынша «Тек өлімнің алдында ғана адамның болмысы көрінеді». Сонымен, өлім-өмірдің шындығы.
Өлімнің өмірге жағымды әсер ететін қабылдау қиын, өйткені біз оны тек қана қабылдаймыз. Бірақ, бір сәтке бол- сын өлім туралы ойлардан бас тартсақ, өмір өзінің қарқынынан айрылады.
Жазылмас, ауру адамға өлімді бір табан жақындатады. Ол адамның өмірін өзгертеді.
Өлім тақағанда не болады? Бұл сұраққа жауапты қатерлі ісікпен ауыратын науқастармен әңгіме барысында аламыз:
өмірдегі приоритеттер қайтадан бағаланады, маңызды емес мәселелері мәнін жояды;
еркіндік сезімі пайда болады-жасағысы келмеген зат- тар жасалмайды, маңызды дегеннің мәні жойылады, өмірдің әрбір сәтінің маңызы артады;
Бұл өзгерістердің барлығы жазылмас науқастың сезгіш- тігінің артуының дәлелі болып келеді. Науқаста өзі үшін маңызды сұрақтар пайда болып, айналасындағылардан жауап күтеді.
Өлімге реакция беру кезеңдерінің өту шамасы түрліше болады.
Жоққа шығару. Пациенттер медициналық қызметкер- ге қарағанда, ең алдымен, қойылған диагноздың шығатынына сенеді. Шындық жағдай өзінен де, отбасынан да жасырыла- ды. Жоққа шығару, себепсіз үміт отын жағып, адамда өлімнің белгілерін көрсетпейді.
Ашу көбінесе «Неге мен?», «Неге бұл менімен болады?», «Неге құдай мені естімейді?», дегн сұрақтардан көрінеді.
Компромисс. Мінез-құлқын, өмір сүру салтын өзгерту арқылы, тағдырдың үкімін өзінен алыстатқысы келеді.
Депрессия, жағдайдың үмітсіздігін түсінгенен кейін қоршағандарға деген қызығушылығы біртіндеп азайып, өкінішке оранып, оны қайғы басады.
Бұл кезеңдерден адамның жазылмас ауруын естіген отбасы мүшелері де өтеді.
Қаза алдындағы адамдармен өзін қалай ұстау керек?
Көбінесе адамдар жалғыздықта өледі, «адам әрқа- шанда жалғыз өледі» деген белгілі пәлсапалық тұжырымды көбінесе біржақты түсінеді және өлім халінде жатқан адамнан алыстауды осылайша ақтайды. Бірақ, адамды жалғыз қалдырса, өлім қорқынышы мен ауруы күшейеді. Өлім халінде жатқан адамға, өліп қалған сияқты қарауға болмайды. Онымен қарым-қатынас жасап, халін біліп тұру өте маңызды;
Өлім халіндегі адамның шағымын мұқият тыңдап, қажеттіліктерін қанағаттандырып тұру керек;
Айналадағы адамдардың барлық тіршілігі, өлім халінде жатқан адамға бағытталуы жөн. Онымен қарым- қатынаста оптимизмнен аулақ болу қажет, өйткені ол күмән туғызады.
Өлім халіндегі адамдар тыңдағаннан көрі, өзі сөйлегенді унатады;
Өлім халіндегі адамдардың сөзінде жасырын мағына болады. Оны жақсы түсіну үшін қолданылған символдардың мәнін ашу керек.
Өлім халіндегі адамды тек күту, аялау нысаны деп қарастырмаған жөн. Көбінесе айналасындағылар, өлім халіндегі адамға «не жақсы?» деген мәселені шын көңілден шешкісі келеді. Бірақ жауапкершілікті барынша өзіне тарту пациенттің дербестігін азайтады. Мұның орнына оны тыңдап, емдеу туралы шешім қабылдауға қатыстыру керек;
Өлім халінде жатқан адам қолдана алатын ең үлкен нәрсе- біздің тұлғамыз. Өлім халінде жатқан адаммен бірге болу, бізден қарапайым адамгершілікті талап етеді және оны көрсету міндетті болып табылады.
Психологтар мен дәрігерлер өз күмәндары мен күнә сезімдері және өзінің өлім жайлы ойларын мойындап, бөлісуі керек.
Өлім халіндегі адаммен және оның туыстарымен жұмыс істейтін күтушілерге де маңызды көмек қажет. Олармен өлім алдында медициналық қызметкерлер дәрменсіз екенін түсіндіріп кеткені жөн.