Бердалы мырзаханов



бет81/103
Дата25.11.2023
өлшемі4,56 Mb.
#127512
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   103
Жағдайы ауыр, емі нәтижесіз болған науқастың жағдайын жеңілдететін іс-шаралар аталады:

а. паллиативтік ем в. күрделі ем
с. нәтижелі ем д.психологиялық ем е. Сенсетивті ем

  1. Медициналық қызметкер бейәлеуметтік (асо- циальды) науқастармен қарым-қатынас жасаған кезде бәрінен де маңыздысы:

а. көңіл аудармау в. өз жағына тарту
с. өздерін түк болмағандай ұстай білу д. Бұның себебін түсіну
е. ашумен жауап беру
МОДУЛЬ 6. МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ
ТҰЛҒАСЫ
Тақырып 6.1. Медицина қызметкерінің тұлғасына қойылатын психологиялық талаптар
Медициналық қызметкер мамандығы ең көне кәсіптердің бірі. Мыңдаған жылдар бойы медициналық қызметкер жұрт арасында, әсіресе сол заманның зиялыларының ішінде, әр- түрлі сезімдер тудырған. Халықтың ойы бойынша медици- налық қызметкерлер үш түрлі кейіпте болған: кәдімгі өмір жағдайында әдепті адам, науқастың жанында періштедей, ал сыйақы талап еткенде шайтандай. Материалдық Құндылық- тар жүрген жерде, бақылау да жүретіні анық. Сондықтан қоғам әрқашан да медициналық әрекетті бақылауға алып, үнемі қадағалап отырады.
Ежелден медициналық қызметкер тұлғасына қоғам ерекше талап қойып, өсиеттер айтып, олардың білімі мен біліктілігіне және адамгершілік қасиеттеріне көп мән берген. Бүгінгі күні де адамдар медициналық қызметкерге ерекше көзқарасын білдіріп, олардың мамандық тәжірибесіне, қайырымдылығы мен әдептілігіне, басқа қабілеттеріне көп үміт, міндет артады. Ал тәжірибелік дәрежесі мен білгірлігі жоғары медициналық қызметкерге тұрғындар үлкен сый- қүрмет көрсетіп, оның абыройын, беделін көтере түседі. Медицина қызметкерінің өмірі, оның қылықтары, жүріс-тұрысы көпшіліктің көзіне жиі түсіп, олардың «сынына» тұрақты ілінеді деуге болады.
Бұлай болудың өзіндік себебі бар, өйткені медициналық қызметкер көбінесе мәдениеттіліктің, зиялылықтың, салауат- ты өмір салтының үлгісі бола отырып, сол қасиеттердің үгітшісі де болып табылады.
Медициналық қызметкер өзінің сыртқы пішініне, күнде- лікті киетін киіміне, мінез-құлқына, сөйлеген сөзіне, жүріс- тұрысына тұрақты түрде көңілін бөліп отыруы қажет.
Медициналық қызметкердің киген киімі өзіне лайық, таза және қарапайым болғаны дұрыс. Медициналық қызметкердің сыртқы пішіні, үстіне киген киімі, оның мінез-құлқын, мәде-
ниеттілігін, ақылын, білімін сипаттайды десек қателеспейміз. Сәнге сәйкес, ұқыпты, таза, әрі қарапайым киінген медици- налық қызметкерге ауру адамның да сенімі арта түседі.
Медициналық қызметкердің мінезі сыпайы болса, қызмет этикетін дұрыс сақтаса, ауру адамдар онымен ашық сөйлесіп, айтқан сөзіне сеніп, көңілдері көтеріңкі болып жүреді. Ондай медициналық қызметкер әрбір ауру адамның мұң-мұқтаж- дығын түсініп, олардың жасына, жынысына, сырқатының түріне қарай күлаққа жағымды керекті сөздерді тауып айтып, көңілін жүбатады.
Медициналық деонтологияға, моральдік, этикалық прин- циптеріне қайшы келетін тәртіп, тәжірибесі мол, жасы үлкен медициналық қызметкерлердің арасында кездеседі. Өзінің мол тәжірибесіне маңғазданып, көп білгішсініп, ешкімнің пікірін тыңдамай, әріптестерін менсінбей жүретін медицина- лық қызметкерлер де аз емес. Бұндай медициналық қызмет- кер ұжымның жұмыс нәтижесі жақсы бола қалса, жетіс- тіктердің бәрін өз үлесіне қосып, ал кемшіліктер болган сәтте өз бойынан мін таппай, басқаларды айыптап, қателіктердің бәрін солардың мойынына арта салады. Бір ұжымда қызмет атқарып жүрген әріптестер арасында жиі кездеспесе де, байқалып тұратынтағы бір өте зиянды жағдай - біреудің жетістіктерін көре алмаушылық, қызғаныштық. Бойларында осындай «қасиеттері» бар медициналық қызметкерлер ұжым- ның соры. Өйткені ондай «маман» жүрген жерінде өтірік, қызғаныштық, іштарлық, қастық т.б жалпы қоғамдық мораль- ға, этикаға жатпайтын қылықтар тудырып жүреді. Олар жақсы маманның беделін төмендету үшін оның соңынан жал- ған сөз, теріс пікір айтып, кішігірім жіберген қателері болса, оны үлкейтіп, көркемдеп, ел арасында таратуды көздейді.
Медициналық қызметкер білімді маман болумен қатар елдің қоғамдық өміріне араласатын, жан-жақты қоғамдық азамат, қызметкер болып табылады.
Медициналық қызметкердің білімі терең, толық, кең, же- тілген болуы тиіс. Алайда, мұндай білімнің болуы, медици-
налық қызметкер тарапынан адамгершілікті, өзін-өзі тәрбие- леуді дамытуды да талап етеді.
Адамгершілігі жоғары медициналық қызметкер таңдаған мамандығына сай, өзін азамат және медициналық қызметкер деп қабылдаған қоғам алдындағы жауапкершілігі негізінде өз жұмысын адалдықпен атқара алады.
Адамдардың медициналық қызметкерлер тұлғасына қойы- латын талаптарына сараптама жүргізе отырып, медициналық қызметкерлердің келесі ең маңызды оң қасиеттерін атауға болады. Бұларды науқас адамдар өте жоғары бағалайды және арқа тұтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет