Этика мен деонтологияның, ал қазіргі заманда- биомеди- цинаның этиканың ең өзекті мәселесі-эвтаназия. Эвтаназия дегеніміз - ауру адамның өтініші бойынша, әртүрлі іс әрекеттерді немесе арнайы дәрілерді қолдану арқылы, немесе адам өмірін демеп тұрған жасанды шараларды, дәрі- дәрмектерді және басқа да емді доғарудың нәтижесінде, науқастың өлімін жақындату.
Кейбір жағдайларда, қатты сырқаттанған адам (мысалы, рак дертінде), өмірінің соңғы кезінде өте қиналады, сонымен қатар күнделікті аурудың қиналғанын көріп жүрген жақын туысқандары да азап кешеді. Осының салдарынан мұндай науқас адамдардың кейбірі дәрігерден оған тез және жеңіл өлім беруін сұрауға әрекет жасайды. Егер дәрігер бүған келісімін берсе және оны орындау үшін белсенді іс-әрекеттер жасаса, оны белсенді эвтанзия, ал егер де дәрігер, науқастың өмірін демеп тұрған ем шараларын жүргізуден бас тартса (мысалы, жасанды дем алдыру аппаратын тоқтатуға ат салысса)- белседі емес (пассивтік) эвтаназия деп атайды.
Соңғы кезге дейін, дәрігерлер эвтаназияға қарсылық білдіріп, өлімге жәрдем бермей келді, олар «өмір үшін күресу керек»- деген көзқараста болған. Алайда, бірқатар елдерде ғана, белсенді эвтаназияға рұқсат берілген, ал пассивтік эвтаназия тәжірибеде кеңінен тараған. Мысалы, дәрігерлер хал үстінде ауруды үйге алуға туысқандарына рұқсат беруі- пассивті эвтаназияға жатады.
Эвтаназия, дәрігерлік үлгі ұғымдарына қайшылық жағдай тудырады (өмірінің күндылыгы, Гиппократ анты). Сонымен қатар эвтаназия кең тараса, заңмен бекітілсе адамзаттың
моральдық, заңдық институттарына қайшылық тудыруы мүмкін. Біздің елде эвтаназияға рұқсат берлімеген.
«Эвтаназия» термині грек сөзінен «еvоs» - жақсы,
«thanatos»- өлім, яғни «жақсы», мейірімді өлім деген мағы- наны білдіреді. Қазіргі уақытта бұл термин саналы әрекет немесе әрекеттен бас тарту мағынасын білдіреді. Бұл термин үміт үзген науқасты жылдам және ауыру сезімінсіз өлімге әкелу мағынасында белгілі.
Тақырып 6.3 Медицина қызметкерінің кәсіби деформациялануы