Бердалы мырзаханов



бет85/103
Дата25.11.2023
өлшемі4,56 Mb.
#127512
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   103

Паллиативті медицина


Паллиативті медицина - созылмалы аурулармен сырқат- танған науқастардың терминалды жағдайында арнайы ем нәтижесіз болғанда, әртүрлі жеңілдіктерді (ауыру сезімдерін дәрілермен жою, науқасты мұқият күту, гигиеналық шара- ларды жүргізу сияқты) тудыра отырып, науқастардың өмір жағдайының сапасын жақсартуға бағытталған денсаулық қорғау саласының бір тармағы болып табылады.
Паллиативті көмек көрсетудің мақсаты, аурудың ұзақ ремиссиясына жету емес және ол науқастың өмірін узартуға да бағытталмаған. Науқастың психологиялық, фи- зикалық мәселелірін шешуге барлық медициналық қызмет- керлер жұмылдырады. Паллиативті көмек, науқастың қалған өмірінің қысқалығына қарамай, өмір сүру жағдайының сапасын жақсартуға бағытталады.
Науқастың дерті қаншалықты ауыр болса да, оны жеңіл- детуге қандай дәрілер қолданылмаса да, санаулы күндерінде науқастың өмір сапасын реттеп, өңдеу, көңілін көтеру деген қағида - паллиативті көмектің негізгі ұстанымы болып табылады.
Өршіген сырқатты емдеудің ешқандай радикалды жолы болмаса да? науқасқа «ештеңе жасауға болмайды» деп айтуға тиым салынады. Бұл жағдайда науқасқа психологиялық қол- дау көрсетіп, патологиялық реакцияларды қадағалап, басып отыру өте қажет.
Паллиативті көмек, эвтаназияға жол бермеді. Палиативті көмек көрсетудің негізгі мақсаты-науқасқа психикалық, физикалық қиыншылықтарды сезіндірмеу болып табылады.
«Паллиативті» деген термин латтынның «раllium» сөзінен аударға «бет перде», «жамылғы» мағынасына ие болады. Паллиативті көмек-емдеуге жатпайтын дерттерді жасыру болып табылады, яғни «суықта немесе қорғансыздарға» көмек берумен салыстырады.
Мамандардың айтуы бойынша паллиативті көмек беру критерийлері болып келесілер табылады:

  • Алдағы өмір сүру ұзақтығы 3-6 ай болған жағдайда

  • Алдағы жүргізілетін емнің тиімсіз екеніне анық көз жеткен жағдайда.

  • Арнайы симптоматикалық терапияны жүргізуге негіз болатын науқас шағымдары мен симптомдарының болуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет