Бердалы мырзаханов



бет87/103
Дата25.11.2023
өлшемі4,56 Mb.
#127512
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   103
Кәсіптік деформация дегеніміз - медициналық қызмет- керлердің психологиялық болмысына мамандығының жасай- тын әсері. Көп жылдар бойы бір жұмыс түрін қайталап ат- қарудың салдарынан қажу, шаршау, мамандығының ішіндегі басқа жұмыс түрлерін орындамаудың кезінде оларды ұмыту, медициналық қызметкердің тұлға ретінде дамуына, еңбек жетістігіне кері әсерін тигізеді. Кәсіптік деформация адаммен қарым-қатынас жасайтын қызметтерге тән .
Адам адаммен қарым-қатынасқа түсетін мамандықтарға, өзара психологиялық әрекетке ұшырайды. Бұндай ситуация, оның билігін бақылау мен шектеу мүмкін емес немесе қиынға соғатын жағдайларда байқалады. Әрине, медициналық нау- қасқа билік жасайды, себебі оның денсаулығы медициналық қызметкерге байланысты болады. Кәсіптік деформация, кәсі- би адаптацияға байланысты, яғни дәрігер науқастың қина- луына үйреніп, бейімделуі негізінде пайда болады. Әрине, медициналық қызметкерге эмоционалдық қарсы тұру қабілеті де керек, бірақ ол мамандықтың оңды қасиеттерін, этика нормалары негіздерін тиісті сақтауы қажет.

Кәсіптік деформациясының белгілері:


  1. Науқас тұлғасына медициналық қызметкер біртұтас көзқараста болмауы, яғни оны бөлшектеп, жеке симптом мен синдромдар тасымалдаушы объект ретінде қарастырғаны.

Мысалы, «Мені (медициналық қызметкерді) тек науқастың жүрек бұзылыстары ғана қызықтырады».

  1. Мамандыққа тән сөйлемшелерді (жаргон) қолдануы, медициналық қызметкердің науқасқа дерт тасымалдаушы ретінде көзқарасын білдіреді. Мысалы бауыры ауырған адамға «циротик» деп айтуы, бронх ауруылар науқасқа

«астматик» деуі.

  1. Науқасқа және оның туыстарына немқұрайлы, кейігіш және асығыс түрде қарым-қатынас жасау. Мысалы, егде адамға «алжыған шал қарапайым адамға «бейшара» деуі, адамның намысына тиіп, оныңренішін тудырады.

Кәсіптік деформацияның үлгісі. Өз міндетін атқарғанда, медициналық қызметкерді әкімшілік қорғап, оның жұмысын арнайы нұсқаулар бойынша реттеп отырады. Бұл нұсқаулар арқылы әкімшілігінің жұмысын бағалап, қадағалап отырады және аурумен қатысуын реттейді. Осы себептен кәсіптік бұзылыстар (деформациялар) пайда болады. Медицина қыз- меткерінің сана-сезімі өзгереді, Бұл оның клиникалық жағдайына да әсер береді. Медициналық қызметкердің Бұл нұсқауларды ашық шынайы қабылдауы немесе қабылдамауы оның өз еркінде.
Егер медициналық қызметкер әкімшілік нұсқауларын толық қабылдап, оларды мамандық міндетін атқаруда ең сенімді жол деген ұғымға келсе, науқасқа функционалдық қөзқараста болады. Яғни, ол ауру адамда біртұтас, жинақты тұлға ретінде бағаламай, оны бір симптомда тасымалдаушы объект тәрізді қабылдайды. Осы себептен, дәрігердің тұлғасы да теріс өзгеріске (деформацияға) ұшырайды.
Медициналық қызметкер маман ретінде міндетін атқарған кезде көптеген фантомдарға (стандартқа) сүйенеді. Кәсіптік әрекеттердің стандарты (фантом) дегеніміз - жеке тұлғасыз берілген, дайын қоғамда жиналған, білімдер (мамандық әрекеттерінің алгоритмі) жиынтығы.
Қарапайым адамға медициналық қызметкердің әрекеті дуагер, сиқыршы тек медициналық қызметкердің қолынан
келетін іс сияқты көрінеді. Науқастанған адамның ойы - «тек дәрігер ғана мені дерттен қүтқарады», - деген негізінде ол толық дәрігердің билігіне ісулшылық етеді. Осыған байла- нысты дәрігер дайын стандартқа (фантомға) бейімделіп, оларды шындыққа ақиқатқа балайды. Ал аурудың жеке меншікті тұлғасын, оның психологиясын, өмір жайын ескер- мейді, елемейді. Сондықтан, медициналық қызметкердің психологиясы осыған қалыптасып, теріс өзгеріске тап болады.
Көптеген жағдайларда фантомдық санасы пациентпен қайшылыққа келеді. Науқастың ойында медициналық қыз- меткердің бейнесі (образы) әрқашан да оңды, үлгілі, себебі оны сүйікті ұстазымен, анасымен салыстырып, қамқоршы ретінде санайды. Осындай қарым-қатынас үрдісі нәтижесінде науқас медициналық қызметкер туралы келесі тұжырымға келеді:

Олардың арасындағы қарым-қатынас онды немесе оңды болмайды, олардың бір-біріне сенімі тумайды.
Сондықтан, әр медициналық қызметкер қызметінің бас- тапқы кезінен, өзінде гуманизм қасиеттерін тәрбиелеп, әрқашанда негізге алып отыруы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет