Медицина қызметкерінің жетекшілік қасиеттері - бұл медициналық қызметкердің белсенді, бастаушы позицияда, лидер ретінде, ал науқастың белсенділігі шамалы медицина қызметкеріне ілесетін жағдайда болуы. Аурулар оның басым- дылығына бейімделіп, оған толық бағынуға даяр. Олардың ойы - «медициналық қызметкер барлығын біледі, науқас ештеңе білмейді». Кемеліне келмеген, есеймеген, мінез-құл- қына қарай басқаруды қажет ететін науқастарда, бұл қатынас қолайлы және қажетті.
Қазіргі кезде медициналық қызметкердің аурумен қарым- қатынас үлгісі ретінде, оның билік жасау, авторитарлы ролі саналады. Бұнда медициналық қызметкер белсенді, лидер позициясында болып, арақатынаста доминант ролін атқара- ды. Мұндай жағдайда науқас адам медициналық қызметкер- дің бағынуында болып, тәуелді және пассивті емдеу объектісі ретінде саналады. Медициналық қызметкер мен науқас арасында тиісті дистанция сақталып, оны бұзуға тосқауылдар қойылады. Әрине, лидерлік рольді атқару, медициналық қызметкерге жоғары талап қояды: беделді болуы, білімі, біліктілігі және білгірлігі ешқандай күмән келтірмеуі, т.б
Бұл қарым-қатынастың түрінің кемшілігі-науқастың бел- сенді еместігі және үнемі, емделгеннен кейін де медициналық қызметкерге тәуелді болуы.
Біртұтас ұжым - ортақ мақсат, мәселен, адамдардың жан дүниелік жақындығын туғызатын түсінушілік орнаган жағдай негізінде қүрылады. Аталған жағдайда ұжым басшысының, ягни көшбасшының ролі ерекше.
Ұжымда көшбасшының беделі жоғары болуы керек, себебі ұжым адамның адамгершілік қасиеттерін бейнелейтін қоғам- ның бір бөлігі саналады. Көшбасшының беделділігі мен шынайы адамгершілігі қоршаған адамдардың, ұжымның ортақ ойына негізделеді. Сенім және беделге медициналық қызметкер өзінің білімімен, қабілетімен, жұмысқа деген шы- найы ниетімен, түрлі мәселелерді шешу жолдарын іздесті- румен, ұжым мүшелеріне жақсы қарым-қатынасымен ие
болады. Осыған байланысты, қалыптасқан ұжым басшысы- ның беделділігі әрбір администраторға ауадай керек екені сөзсіз.
Ұжымға жалған достық қажет емес. Айта кететін бір жайт, ұжымдағы тиісті моральды климат болғанда, қаталдылық, ұжым мүшелеріне ауырлық әкелмейді.
Атақты ғалым-хирург Н.Н. Бурденко өте қатал, көпті талап ететін, өткір тілді болатын, бірақ оның ұжымындағы бірде-бір адам кетуге ұмтылмай, керісінше оның тілектес, адамсүйгіш қасиетіне, әрбір адам баласынан жақсы қабілетін тауып, оны дамыта білетін қабілетіне байланысты, барлығы оның ұжымында жұмыс жасауға тырысады.
Ұжымдағы шиеленісті жағдайлардың дамуына әкелетін себептердің біріне карьеризм тудыратын мансапқорлық жата- ды. Мұндай басшы мемлекеттік жоспарлар, мақсаттармен бүркеніп, кейде жақсы жетістіктерге жетуі де мүмкін. Нәти- жесінде басшылық ету- әміршілікке, ал ұжымды реттеу мен тәрбиелеу-әкімшілік етуге ауысады. Бұйыру әдеті басқа адамдармен салыстырғанда өз ерекшелігін, яғни басымды- лықты үнемі көрсету дағдыларын тудырады. ¥жымның әрбір мүшесі алдында жауап беретін, адал, өз жұмыс ережесін, міндеттерін білетін адам ғана шынайы ұжым басшысы бола алады.
Өзін жоғары санау сезімі басқа адамдарға деген қатал қарым- қатынастың дамуын туғызады. Басқа адамдарға қатал- дықпен қарайтын адам, өзінің тұлғасына аса назар танытады. Мұндай басшы кейбір ұжым мүшелерінің қателіктерін кеші- ріп, өзіне жақындататын болса, ал өзін еркін бостандықта ұстағысы келген ұжым мүшелерін қорқытады. Осылай ркымда бөлшектену, топтасу дамып, ұжымның ыдырауына әкеледі.
Басшының асқақтығы, ұжымда алдау және адалсыздықтың дамуына себеп болады. Нәтижесінде, ұжымда осылай әрекет- тесу мәнері қалыптасады, яғни басшылыққа жағымпаздық жасау, жұмыс орнында көтерілу мақсатында, жасалынған қателіктерді жасыру, фальсификацияға барады. Мұндай
ұжымда бөлшектену пайда болып, өсек-аяң, шиеленістер салдарынан ол қулдырайды.
Атақты хирург, администратор Н.Н.Петров былай жазған:
«Жоғары көтерілуге күш тапқан басшы, өз ұжымының мүшелеріне қарапайым, жақын адам болуға кедергі келтіретін қасиеттерін жеңе білуге де күш табуы тиіс»
Әрбір ұжым мүшесіне тапсырылған жұмысқа жеке бастың жауаптылық, максимальды қол босамаушылық, шығарма- шылық инициативаға негізделген ортақ жұмыс барысы ұжымда келіспеушіліктің алдын алу болып табылады. Егер адам ұжымдық қызмет барысында өзіндік қажеттіліктерімен, шығармашылық потенциалын толығымен пайдалана алмаса, ол қанағаттан ұқыптылықсыздьіқты, жалқаулықты тудырады.
Медицина қызметкерлерінің еңбегінің жоғары нәтиже беруіне және қателіксіз кәсіптік әрекет жасауына келесі тұлғалық сфералары кедергі жасайды:
Когнитивті - икемсіздігі және ойлану оперативтілі- гінің болмауы, аналитикалық ойлану әрекеті төмен дәрежеде болуы, тиісті болжам жасай алмауы, байқағыштығы жеткіліксіз болуы, көргенін толық есте сақтай алмауы.
Мотивациялық- кәсіби дәрежесін жетілдіруге талап- танбауы, жаңа технологияларды игермеуі, белсенділігінің төмен болуы;
Тәжірибелік - білімінің төмен болуы, мамандық біліктілігінің мен білгірлігінің жеткіліксіздігі;
Моральды-адамгершіліктік - мотивациясы төмен бо- луы, міндетін жауапсыз орындауы, жалқаулық, немқұрайлық, тәртіпсіздік, әділетсіздік;
Эмоционалды-жігерлік - эмоционалды қызбалылығы, стреске бейімділігі, тез шаршағыштығы
Еңбек үрдісінің нәтижелі және кәсіптік ғүмырдың ұзақ болуы үшін медициналық қызметкер мына бағыттарды ұста- нуы тиіс: топ талабы мен пікірлеріне тәуелділігі, көпшілікке танымалы моральды нормаларға, ережелерге берілуі, тұлғааралық қатынасуда ашық болуы, шиеленіс жағдайында
оппонеттерімен бірге шешуге, альтернатива табуға ерекше ықылас білдіруі.