57
Sauap.org
Үш болды...
Столымның үсті қиқымдалып жыртылған қағазға толып кетті. Осының
бәрі Жанарға жазылған хаттар. Жазамын, ұнамайды — жыртамын. Тағы
жазам — тағы жыртам, бір дәптерді тауысуға айналдым. Жай сӛзбен де
жазып кӛрдім, ӛлеңдетіп те жазбақшы болдым. Болмайды, кӛңілімдегі
лықсып тұрған кӛрікті ой қағазға түскенде ӛңезіп, ӛңі қашып кетеді. Жай
ғана әсерсіз бірдеңе болып шығады.
«Жанар, мен сені керемет жақсы кӛрем!».
Тфу, осы да сӛз бе. Жақсы кӛрудің кереметі, керемет емесі бола ма екен?
«Жанар, мен сүйем сені!».
Қандай тұрпайы — құлды кинодағы секілді.
«Ж... Қозы мен Баян секілді болайық».
Жо, бұл да емес. Іс-міс жоқ, түйеден түскендей етіп, бұл ненің қисыны.
Әуелі бас жағын былай... жұқалап жазу керек емес пе. Содан біртін-біртін
дамытып... сонда қалай жұқалап, қалай дамытпақшымын?
Екі нәрсені жазудың қиындығына менің кӛзім әбден жетіп болды. Бірі —
қызға хат жазу, екіншісі — шығарма. Ӛлең жазғандай емес, мұның машақаты
да жетерлік кӛрінеді. Мінекей, осы повесті жаза бастағаныма екі-үш
айдың
жүзі болды. Қашан аяқтаймын, немен аяқтаймын, ол жағы маған әлі мәлім
емес. Не де болса, бір тиянаққа тезірек келіп, бас-аяғын кӛмкеріп: «Ал
халайық, ендігі тӛрешісі ӛздерің болыңдар. Мен қолымнан келгенін істедім.
Бағасын ӛздерің беріңдер», — деп, жұртшылық
талқысына ұсынғанша
асықпын-ақ.
Әрине, мен бұл повесті ойдан шығарып немесе басқа біреу туралы
жазып отырсам, онда тағы қанша жазарымды, оның немен тынарын да күні
ілгері тұспалдап білген болар едім ғой. Менің қазіргі мүмкіндігім ондай емес.
Ӛз басымнан кешкен оқиғаларды тізбектеп отырған хатшы тәріздімін. Бірақ
сол іркес-тіркес оқиғаларды біріне бірін қалай болса, солай матап, жапсыра
бергенмен, ол кӛркем шығарма бола ма. Әрине, болмайды. Сыншылар
айтатындай, оны жазушылық електен ӛткізіп ӛңдеуім, сұрыптауым, бір
желінің бойына маржандай етіп тізе білуім қажет.
Творчестволық еңбектің
осы нәзік жақтары менің қолымнан келіп жатыр ма, келмей жатыр ма?
Құрметті оқушымды жалықтырып жіберген жоқпын ба, неғұрлым ілгерілей
түскен сайын, мені осы жай қатты толқытып, жүрексіндіреді.
Бірақ достарым, бейнетсіз еңбекте зейнет бола ма? Арзанның жілігі тати
ма? Қиындыққа құлаш сермеу біздің салтымыз емес пе? Бастап қалған
екенмін, бұл еңбекті жеті қабат терім сылынса да аяқтап шығуға міндеттімін.