Бердібек соқПАҚбаев



Pdf көрінісі
бет22/28
Дата19.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#58165
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Байланысты:
Berdibek Sokpakbaev Menin atym Kozha

ЖИЫРМА БІРІНШІ ТАРАУДА 
Біздің қарақшылық өміріміздің бірінші және ең соңғы күні 
сипатталады. 
 
Кеше кешке дейін күннің кӛз жасы тыйылмады. Біз тоғайға келе 
алмадық. Бүгін таңертең тұрып қарасақ аспан мӛлдіреп тұр. 
- Кеттік! — деді Сұлтекең. 
- Кеттік. 
Торы атқа баяғыша екі ер ерттеп міндік те, жӛнеп бердік. 
Екеуіміз де қарулымыз. Мен Сұлтанның мүйіз сапты кӛздігін беліме 
тағып алдым. Ал Сұлтанның тақымында шиті мылтық. Құдай жолды оңғарса 
деп, бұл біздің аң аулап шыққан бетіміз. 
Түске дейін сандалып, ештеңе де ата алмадық. Бірер жерден қоян 
кездесіп еді, орғып безіп бара жатқанда, адам тіпті кӛздеп үлгеретін емес. 
Әйтеуір, бетке алып тұспалдап атқан оғымыз лағып, тимей кетті. 
Ұнжырғамыз түсіп, шаршап келе жатқанбыз, ӛзен жағасында бір топ қаз 
жайылып жүр екен. Бұл ара ауылдан алыстау, едәуір жер. Сұлтан оқтаулы 
келе жатқан мылтығын кезеп: 
- Мына қаздың біреуін жалпасынан түсірейін бе? — деді. 
- Қой, пәлесіне қаламыз. 
Сӛйткенше болмады, Сұлтекең басып салды. Қаздың бірі жалп етіп 
құлап қалды.Тыпыр-тыпыр етіп, тұра алмай жатыр. Аяғын серейте 
қарыстырып бір ышқынды да, қаз ӛліп қалды. 
- О, Құдай атсын! Пәле болды ғой. Енді қайттік? 
- Ешкім кӛрген жоқ. Күркеге апарып, пісіріп жейміз. 
Қазды алып, соқтырғаннан соқтырып отырып, күркемізге келдік. Келсек, 
мына қызыққа қараңыз, күркеміздің іші тағы да әптер-тәптер. Азық-
түлігімізді салып, аузын буып, тығып кеткен дорбамыз пәре-пәресі шығып
жыртылып жатыр. Бірдеңе нанымызды жеп, картобымызды шашып кетіпті. 
- Бұл, мен білсем, түлкі сұмпайының істеп жүргені, — деді Сұлтан. 
Қарнымыз әбден ашып кетіп еді, ас істеп ішудің қамына кірістік. Сұлтан 
бұрқылдатып қаздың жүнін жұла бастады. Мен шепшек теріп, от жақтым, 
Қаз семіз екен. Сұлтекең теңкитіп қырағынан ұстап, үйтіп отыр. 
Кенет дәл бет алдымыздағы талдың арасынан сумаң етіп, бір салт атты 
шыға келді. Сұлтан екеуіміз қазды тықпақ түгіл, қас қағып та үлгермей 
қалдық. Салт атты мектеп директоры Ахметовтың әкесі Ахмет шал еді. 
- Оу, балалар, бұларың не? 
- Жай... мына бір қаз атып алып едік, пісіріп жейік деп отырмыз, — деді 
Сұлтан. 
- Қайдан атып алдыңдар? 
- Ұшып бара жатқанда атып алдық, — деп Сұлтан аспанға қарап қойды. 


59 
Sauap.org
- Қой, сендер қаз атып алсаңдар... мынау жабайы қаздай емес, үлкен ғой, 
тегі. 
- Әдейі үлкенін таңдап аттық, — деді Сұлтан. 
Шал біздің шашылып жатқан ыдыс-аяқ, киім-кешегімізге, аузы 
үңірейген күркемізге, осы араны сары қоныс етіп, жайлап алған түрімізге 
қарап, одан бетер шүбәлана түсті: 
- Сендер ӛздерің осы араны жайлап алған түрлерің бар ғой? 
- Бұл біздің балық аулайтын жеріміз, — дедім мен. 
- Тұсаулы жирен ат кӛздеріңе түсті ме? 
- Жоқ, байқамадық. 
Атының басын бұрып, кете беріп, шал: 
- Сұмпайылар, әлдекімді сорлатқан екенсіңдер. Мыналарың атып алған 
жабайы қаз емес. Қаз атып алу сендерге қайдан келсін. Егер қазым жоғалды 
дейтін пенде болса, мен сендердің сазайларыңды бергіземін, — деді. 
Пәле болды деген бір қауіп менің ішімде қып ете қалды. 
Осы араны қорда етіп, қарақшылық істемек болған «тапқыр» ойымыздан 
табанда бас тартуға тура келді. Ондай кәсіптің неге апарып соғуы мүмкін 
екенін жаңағы Ахмет шалдың тап болуы аңғартып кетті. Қиырдағы барса 
келместің аралына бекініп алғандай ауылдың дәл іргесіндегі тоғайдан күрке 
сайлап, оны жан адам таба алмайды деп жүрген біз неткен ақымақтармыз... 
Жалпы, қарақшы дегеннің ӛзі осы кезде ақылға сия ма? Қарақшылар бұрын 
байларды, кӛпестерді тонаған. Біз кімді тонамақшымыз? Тонамақ түгіл, осы 
күні біреуге қолыңды кӛтеріп кӛрші. Милиция апарып, кӛзіңді жылтыратып 
қамап қойсын. 
Қарақшылық ӛмір жайында Сұлтан екеуіміз енді осылай топшыладық. 
Семіз қаздың еті бір-ақ салып асуға шелегімізге сыймады. Екі бӛліп 
асып, әзер жеп тауыстық. Арасында балық ауладық. Суға түстік. Бүлдірген 
теріп жедік. Сонымен күнді батырдық та, ыдыс-аяқ, торымызды артынып-
тартынып, қас қарая үйге келдік. Бұл біздің қарақшылық ӛміріміздің бірінші 
және ең соңғы күні болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет