Бердібек соқПАҚбаев



Pdf көрінісі
бет24/28
Дата19.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#58165
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Berdibek Sokpakbaev Menin atym Kozha

ЖИЫРМА ҤШІНШІ ТАРАУДА 
 
Кітаптағы ең бір қайғылы тарау болар деймін. 
 
- Келесі сабақта қайсың бақа ұстап әкелесіңдер? — деп сұрады зоология 
пәнінің мұғалімі Оспанов. 
- Мен әкелем, — дедім. 
- Қадыров, сен әкелесің. Ұмытып кетпе бірақ. 
- Ағай, неше бақа әкелейін? 
- Бір... екеу әкелсең, жетеді. 
Мен бір, екеудің орнына тіс порошогінен босаған қаңылтыр қобдишаға 
толтырып, бес бақа әкелдім. Оның біреуі ғана үлкендеу еді де, басқалары 
кішкентай ұсақ бақалар болатын. 
Бірінші сабақ қазақ тілі. Класқа Майқанова кірді де, класс журналы мен 
сумкасын менің алдыма стол үстіне қалдырып, ӛзі тысқа шығып кетті. 
Қоңырау әлі бола қоймаған. Сол кезде сап етіп басыма бір қызық ой келе 
қалды. Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сумкасына сүңгіттім де 
жібердім. Не болар екен? 
Қоңырау соғылды, сабақ, басталды. Тізім шақырып болғаннан кейін
Майқанова сумкасын ашып, қол орамалын суырып алды. Сол кезде 
кішкентай қарасұр бақа қол орамалмен қоса секіріп шығып, секемшіл 
мұғалімнің қолының дәл үстіне қонбасы бар ма. Майқанованың шаңқ еткен 
дауысы бір-ақ шығып үлгерді. Ӛңі құп-қу болып, сылқ етіп құлап бара 
жатыр... 
Майқанова содан сабаққа екі күн бойына келмеді. Шошынып, ауырып 
қалыпты. Жұмысқа бүгін ғана шығып отыр. Бүкіл мектепті даңғаза қылған 
бақа оқиғасының мән-жайы, міне, осындай. 
...Кӛз байланып кетті. Жоңышқаның тӛбесінде дӛңбекшіп әлі жатырмын. 
Не істеймін? Қалай кӛрінемін мамама. Мынау Қаратай деген... мұндай да 
жабысқақ пәле болады екен. Кӛлеңкеше еріп, мамамның соңынан бір қалар 


63 
Sauap.org
емес. Япыр-ай, мамам осыған шынымен-ақ күйеуге шықпақшы ма? Жоқ, 
мүмкін емес. 
Бірсыпыра уақыттан кейін үйден Қаратай мен мамам шықты. Қаратай 
мотоциклін от алдырып, тұмсығын кӛшеге қарай бұрды. «Кет! Жоғал! 
Тезірек кет!» деп мен оны кӛңіліммен желкелеймін. Бірақ Қаратай кете 
қоймады, мамаммен сӛйлесіп тұрып алды. Олардың сӛздерін трт-трт еткен 
мотор үні маған жӛндеп естіртпейді. Сӛйлесе тұрып, Қаратайдың қалқиған 
денесі мамама біртін-біртін жақындап, тақала түсетін тәрізді. «Тоқта! Қайда 
кимелеп барасың?». — Мен Қаратайды желкеден бүріп ұстаймын да, бар 
күшіммен жұлқып, лақтырамын кӛшеге қарай. Ӛлген мысық тәрізденіп
кӛшенің май шаңына барып ол топ ете түседі. 
Бұл да менің ойымда болып жатқан құбылыс. 
Қаратай әрең дегенде «қош, сау бол» айтысып, мотоцикліне отырып, 
зырғыта жӛнелді. Мамам оның соңынан біраз үнсіз қарап тұрды да, үйге кіріп 
кетті. 
Әр нәрсенің шегі бар, мен қашанғы жата берейін. Тәуекел деп, үйге 
кірмекші болдым. Қораның арт жағынан жерге түсіп, үстімнің шӛбін қағып, 
бойымды тәртіпке келтіріп алдым. Жүрегім лүп-лүп етіп, алқымыма 
тығылады. 
Есікті аша бергенімде тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап 
қалғандай болды. Сол кездегі келбетім кӛлденең кӛзге тірі әруақ тәрізді 
қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін. Ауыз үйден әжем ұшырасып: 
- Сен қайда қаңғып жүрсің? Шешең келді, — деп тӛр үйді нұсқады. 
Сонан соң құлағыма сыбырлап:— Байқа, шешең саған ашулы, — деді. 
Тӛр үйге кірдім. Мамам киімшең күйі, ӛз тӛсегінде бір уыс болып, әрі 
қарап, бүк түсіп жатыр. 
- Мама. 
Мамам жауап қатпады. Мен жақындай түсіп, оның уысында кӛзіне 
басып алған қол орамалы бар екенін кӛрдім. Жүрегімді біреу ұстарамен тіліп 
жібергендей болды. 
- Мама, сен жылап жатырмысың? 
Мамам басын жайлап кӛтерді де, маған қарай бұрылды. Жасқа 
шыланған қоңыр кӛздері біртүрлі бӛтен, суық. 
- Иә, жылап жатырмын, — деді ол. Дауысы қарлығып, бітіп шықты. — 
Қайтейін жыламай. Құдай бағын ашпаған мен сорға жылаудан ӛзге не 
бұйырған. Қу жалғыз, сенің-ақ күйігіңді тартып ӛлетін болдым ғой. Осы сен 
не боп барасың күннен күнге. Бұл не сұмдық? Жүрген жеріңе шӛп шықпағыр 
боп барасың ғой. Ұялмайсың ба бір мезгіл елден-жұрттан. Қу жалғыз-ау, 
айтшы, не болды мұнша саған бұзылып? Ӛлтірдің ғой мына сорлы анаңды. 
Ел бетіне қарағысыз қылдың ғой. Қайтем сені? Қайтем?.. Неге тыныш 
жүрмейсің? Осы саған не жетпейді? 
- Маматай, қойшы. Ендігәрі... 
Мамам менің жалбарына созған қолымды қағып жіберді: 


64 
Sauap.org
- Жолама. Мама деуші болма мені. Құдайдың сендей бала беріп, азапқа 
сап қойғанынан да, қу бас тастағаны артық еді ғой. 
- Қойшы, маматай... Ең соңғы рет кешірші. Ант етемін... 
Мамамның тізесін құшақтай жығылған қалпым еңіреп жылап жібердім... 


65 
Sauap.org


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет