"Bereke Bank" АҚ кредиттік желілерін берудің жалпы стандартты талаптары Осы «Bereke Bank»


Заемшының куәландырулары мен кепілдіктері



бет10/32
Дата05.08.2023
өлшемі74,25 Kb.
#105043
түріРешение
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32
Байланысты:

Общие стандартные условия предоставления кредитных линий АО «Bereke Bank»< p>

9. Заемшының куәландырулары мен кепілдіктері
9.1. Заемшының төмендегі растамалары мен кепілдіктері Жеке келісімге қол қойылған күнгі жағдай бойынша шындыққа сай және дұрыс болып саналады және Заемшы Өтініш берген, Шарт жасасқан күні қайтадан қаралуы керек және Келісімнің қолданыс мерзімі ішінде жарамды болып табылады.
9.1.1. Егер Заемшы Қазақстан Республикасының резиденті болса – Заемшы тиісті түрде құрылғанын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес тіркелгенін, ал егер Заемшы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болса – өзі тіркелген елдің заңнамасына сәйкес құрылған және тіркелген.
9.1.2. Заемшы банкрот, жойылу, сауықтыру, санrция процедураларына және Заемшының төлеуге қабілетсіздігімен байланысты басқа процедураларына қатыспайды және Заемшының мұндай процедуларға тартылу қауіпі жоқ;
9.1.3. Заемшы өз қызметінде қолданылатын заңнаманың талаптарын сақтайды және Жеке келісімге қол қою сәтінде Заемшы үшін мемлекет пен оның органдары, сондай-ақ кез келген үшінші тұлғалар тарапынан кредиттік құралды қайтару мүмкін еместігін тудыруы мүмкін қандай да бір құқықтық наразылықтар болмайды.
9.1.4. Заемшының берген барлық ақпараты Қамтамасыз ету, қаржылық жағдай туралы ақпаратты қоса алғанда, бірақ шектелмей, нақты, толық әрі дұрыс болып табылады;
9.1.5. Банкке қаржылық жағдай туралы соңғы ақпарат берілген күннен бастап Заемшының қаржылық жағдайында және Активтердің құқықтық жай-күйінде қандайда бір жағымсыз өзгерістер болмаған;
9.1.6. Заемшы және оның уәкілетті өкілдері Келісімді, Шарттарды/ Өтініштерді жасау және орындау үшін тиісті корпоративтік органдардан берілетін барлық тиісті құқықтар мен өкілеттіліктерге ие және ие болады, осындай шешімдерді дауға салуға негіз болатын деректер Заемшыға белгісіз.
9.1.7. Заемшы қолданылуы Заемшыға және Банк немесе Банк арқылы жүргізілетін операцияларға қолданылатын кез келген елдің, халықаралық ұйымның юрисдикциясына сәйкес шет мемлекеттердің заңнамасында белгіленген шектеулер мен тыйымдарға және санкцияларға байланысты туындауы мүмкін тәуекелдерді және барлық салдарларды өзіне қабылдайды (оның ішінде, бірақ операция түрімен байланысты, Заемшы мен оның лауазымды адамдарының, акционерлердің/қатысушылардың, бенефициарлық меншік иелерінің, еншілес және қауымдасқан ұйымдардың тіркелген және (немесе) орналасқан елімен, сондай-ақ осы елдерге/осы тұлғаларға немесе осы елдерден/осы тұлғалардан жүргізілетін төлемдермен шектелмей). Банк бұл тәуекелдер мен салдар үшін жауапты болмайды.
9.1.8. Жеке келісімге, Шарттарға/ Өтініштерге қол қою қолданыстағы заңнамаларға, Заемшының құрылтайшылық құжаттарына, уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе Заемшының корпоративтік органдарының шешімдері мен резолюцияларына, Заемшы тарапынан болған кез келген құжатқа қарсы келмейді және қарсы келмейтін болады;
9.1.9. Келісім, Шарттар/Өтініштер және оларға қатысты барлық шарттар, қосымша келісімдер, қосымшалар заңды, жарамды болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет