11. Жақсарту жағына қарай өзгертулер 11.1. Банк Жеке келісімнің шарттарын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы, олар Заемшы үшін жақсарту жағына қарай өз қалауы бойынша Жалпы талаптарда көзделген тәртіппен ғана өзгертілуі мүмкін. Бұл жағдайда қосымша Келісім жасау талап етілмейді.
11.2. Банктің Келісім бойынша жақсарту талаптарын қолданғаны туралы Банк Заемшыны байланыс арналары арқылы оларды қолданысқа болжамды енгізгенге дейін кемінде күнтізбелік 14 (он төрт) күн бұрын хабардар етеді.
11.3. Егер көрсетілген мерзімде Банк Заемшыдан Келісім бойынша Банк ұсынған жақсарту талаптарын қолданудан жазбаша бас тартуды алмаса, олар Заемшы қабылдаған болып есептеледі. Заемшыдан жазбаша бас тартуды алған жағдайда, мұндай Шарттар қабылданбады деп есептеледі.
11.4. Келесілер жақсарту (Жақсарту шарттары) деп танылады:
- Кредиттік құралға қызмет көрсетуге байланысты қызмет көрсеткені үшін комиссияларды және өзге төлемдерді азайту жағына өзгерту немесе толық жою;
- тұрақсыздық айыппұлын (айыппұл, өсімпұл) азайту жағына өзгерту немесе толық жою;
- Жеке келісім, Шарт/ Өтініш бойынша сыйақы мөлшерлемесінің азаю жағына өзгертілуі;
- Жеке келісім, Шарт/Өтініш бойынша төлемдер мерзімін кейінге шегеру;
- Қолжетімділік кезеңін ұзарту;
- Жеңілдікті кезең беру;
- Заемшының Келісім бойынша кез келген міндеттемелерді орындауы бойынша мерзімін ұзарту;
- Заемшы үшін төмен тұрған кезектің берешегін жоғары тұрған басымдыққа өтеу мүмкіндігін көздейтін берешекті өтеу кезектілігінің өзгеруі;
- Заемшыға Келісім шарттарын өзге де жақсартуларды ұсыну.
12. Келісім бойынша талап ету құқықтарын беру 12.1. Банк Келісім бойынша өзiнiң талап ету құқықтарының барлығын немесе олардың бiр бөлiгiн, міндеттерін Заемшының келiсiмiнсiз үшiншi тұлғаларға беруге құқылы.
12.2. Заемшының Келісім бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн Банктiң жазбаша келiсiмiнсiз үшiншi тұлғаға беруге құқығы жоқ.
12.3. Келісім бойынша тараптың құқылы мирасқоры Келісімде баяндалған талап ету құқығы мен міндеттемелерді, оның ішінде болуы мүмкін даулар мен келіспеушіліктерді реттеуге байланысты талап ету құқығы мен міндеттемелерді тікелей өзіне қабылдайды.
12.4. Банк Келісім бойынша (талап ету) құқықтарды үшінші тұлғаға берген кезде, Қазақстан Республикасының заңнамасы тарапынан Келісім аясында кредитор мен заемшының өзара қарым-қатынасына қойылатын талаптар мен шектеулер Заемшының (талап ету) құқық берілген үшінші тұлғамен құқықтық қатынастарына да таралады.