Қазақстан Республикасының заңнамасын білдіреді.
Шарт
Кредит беру туралы Банктік заем шарты.
Кепіл шарты
Келісім бойынша Заемшының Банк алдындағы міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету үшін мүлікті кепілге беру бойынша Банк пен кепіл беруші/Заемшының өзара қарым-қатынасын реттейтін Шартты білдіреді.
Қолжетімді сома
Жеке келісімде қосымша белгіленуі мүмкін соманы білдіреді (Кредиттік желі сомасының шегінде). Көрсетілген Қолжетімді сомадан жоғары сомаға Кредит беру Банктің алқалы органның шешімі бойынша ғана мүмкін болады.
Дисконттау
Бенефициардың пайдасына жүзеге асырылатын кейінге қалдырылған төлем жолымен орындалатын Аккредитив бойынша мерзімінен бұрын жасалатын төлем.
Берешек
Заемшының Банкке Жеке келісім бойынша барлық және кез келген қарыздарын, соған қоса, бірақ шектелмей Кредит бойынша Негізгі қарыз сомасын, Банктің Заемшыға берген Кепілдіктер, Аккредитивтер бойынша туындайтын қарыздарды, Банктің және басқа банктер мен қаржы ұйымдарының сыйақысы, комиссиясы, тұрақсыздық айыбы және Жеке келісімнің, Шарттың/ Өтініштің және\немесе Кепіл шартының талаптарына сәйкес, Банкке қатысты Заемшыда туындауы мүмкін басқа да қарыздарын білдіреді.
Кепіл затының кепілдік құны
Кепілзатты өндіріп алуға өтініш берген кезде, кредиттік талаптарды қанағаттандыру үшін Банк алуға болады деп болжаған және Банктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарынына сәйкес белгіленетін ақша сомасы.
Байланыс арналары - Банк пен Заемшы арасында хабарламалар мен хабарламалар жіберудің мынадай тәсілдерінің бірі: жеке өзі, пошта байланысы, телефон, оның ішінде телефонограмма түріндегі хабарлама, факс, мобильді қосымша, СМС-хабарлама, Voice-mail, Push-хабарлама, электрондық пошта (e-mail), интернет-Банкинг, мобильді Банкинг, электрондық құжат айналымы жүйесі (Doculite және басқалар).
Келісімшарт
Заемшы Аккредитив/Кепілдік ашуды сұрауына байланысты Бенефициармен бірге/алдындағы міндеттемелер бойынша есеп айырысуға және/немесе орындалуын қамтамасыз етуға арналған шартты білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |