13. Өзге ережелер 13.1. Жеке келісім аясында жасалған Шарттар және Өтініштер оның ажырамас бөлігі болып табылады және сонымен бірге ғана қарастырылуы мүмкін. Егер Келісімнің және/немесе Шарттың/Өтініштің бір бөлігі жарамсыз болып табылса, ол Келісімнің және/немесе Шарттың/Өтініштің басқа да бөліктерінің жарамдылығына әсер етпеуі керек.
13.2. Банк Жалпы талаптарды өзгертілген Жалпы талаптарды және Жалпы талаптарды өзгерту туралы хабарламаны Банктің www.sberbank.kz интернет сайтына олар күшіне енетін күнге дейін кемінде 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын жариялау арқылы өзгертуі және/немесе толықтыруы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген өзгерістер және / немесе толықтырулар жаңадан жасалатын Жеке келісімдерге (Кредит желісін ашу туралы келісімдерге) қатысты ғана қолданылады. Заемшыға қатысты мұндай өзгерістер мен толықтырулар Банк пен Заемшы арасында Жеке келісімге қосымша Келісім жасалған жағдайда қолданылады.
13.3. Жалпы талаптарда айқындалмаған Келісімнің шарттары Жеке келісімде белгіленеді. Жалпы талаптар мен Жеке келісім арасында қайшылықтар туындаған жағдайда Жеке келісімді басшылыққа алу қажет. Жеке келісімде Жалпы талаптарда көзделген Шарттардан өзгеше өзге де Шарттар белгіленуі мүмкін.
13.4. Егер Тараптардың біреуі екінші Тарапқа бірінші болып шағымдар мен даулар туралы хабарлаған күннен бастап 15 (Он бес) күнтізбелік күн ішінде Тараптар шағымдар мен дауларға қатысты келісімге келе алмаған жағдайда, Келісімге байланысты немесе осы Шарттың Келісім талаптарын бұзуына қатысты туындайтын барлық даулар, келіспеушіліктер, талаптар қолданыстағы заңнамада қарастырылған жағдайды қоспағанда, Жеке келісімді жасаған Банктің немесе оның филиалының орналасқан /тіркелген жері бойынша сотта шешілуі тиіс.
13.5. Айырмашылықтар болған жағдайда, Тараптар Жалпы талаптардың орыс тіліндегі нұсқасын басшылыққа алады.
14. Терминдер мен анықтамалар Келісімде, Шарттарда және мәлімдемелерде пайдаланылатын бас әріппен жазылған терминдер, егер Келісімнің мәнмәтінінде басқасы көзделмесе, келесі мағынаға ие болады: