Берекелі алтын күз


Жүргізуші:ендеше Жемістер ханшайымы біздің балалар « Сабан той» әнін орындап берсін. Гүлшырай



бет3/3
Дата21.01.2023
өлшемі19,87 Kb.
#62224
1   2   3
Байланысты:
Берекелі алтын күз

Жүргізуші:ендеше Жемістер ханшайымы біздің балалар « Сабан той» әнін орындап берсін.
Гүлшырай
Қызыл қырман басында
Ақ бидайды сапырған
Диқандардың қасында
Күз есепші отырған
Сабина
Жайдар күз,алтын күз
Аяулы күз,алтын күз
Дәнге толып ен далам
Дариядай шалқыған
Рамазан
Бұлттанып заңғар аспаным
Толтырды жасқа жанарын
Құстар да қайта бастады
Суықтың сезіп хабарын
Анель
Қамба толды астыққа
Алғыс саған Алтын күз!
Бір уыс дән шаштық та
Қап-қап бидай алдық біз
Жанель
Алақай, алақай
Шаттанды балақай
Күз түсті, дән пісті
Айтамыз алғысты
Әлпеш
Бүгін мейрам,бүгін той
Қуаныш күн біліп қой
Күзгі бақтай сыңғырлап
Алақанды соғып қой
Нұрбек
Күзді күтіп жатамын
Жиып нәрді бойыма
Асқабақпын,жараймын
Қыстай сақтап қоюға.
Алихан
Бақшаларда тізіліп
Қаперсіз мен жатамын
Қабат-қабат киініп
Қырыққабат атандым
Жүргізуші:Жемістер ханшайымы сіздің себетіңізде жеміс-жидектер бар секілді, олар тапсырмалар болар бәлкім?
Жемістер ханшайымы: - Әрине ,(Жеміс -жидектерді көрсетеді)Мен мына жеміс-жидектерді әжеме алып бара жатыр едім.Бірақ оларды әжеме аман-есен жеткізу үшін мына сұрақтарға жауап берүім керек екен. Балалар маған көмектесіп жібересіңдер ме?
-Әрине біз саған көмектесеміз. Біздің балаларымыз өте ақылды ,қане қандай сұрақтар екен?
Жұмбақтар шешу
Бойын жерге жасырған
Бұрымы бар жасылдан (сәбіз)
Ұзын мұртты сарылар
Қойнында дәні бар (бидай)
Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады (пияз)
Тәрбиеші:Біздің жігіттердің өнерін тамашалайық«Жігіттер »
Жігіттер өте жақсы билеп шықты.Ендеше сендермен ойын ойнайық.
Ойын:Ағашта өсетін жемістерді естіген кезде қол шапалақтайды. Жерде өсетін көкеністерді естігенде аяқтарын тыпырлатады.
Жемістер ханшайымы біздің қыздар да өнерден кем емес ,ендеше қыздар тобының орындауында «Жапырақтар »биі.
Сахналық қойылым : Алма ертегісі.
Балалар сендерге үлкен рахмет.Жақсы демалып ,керемет кештің куәсі болдым.Мені әжем күтіп қалған болар. Ата –аналарыңды тыңдап, жақсы оқушы болыңдар.Сау болыңдар .
Жүргізуші:Осыменалтын күз мерекелік кешіміз аяқталды, аман сау болыңыздар!
5

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет