Аса жоғары қысымдардан мұнай өткізгіштерді сақтау
Жоғарыда белгіленгендей, аралық сорап стансасының біреуінің оқта-текте тоқтау кезінде қысымы жоғарлатылған толқын пайда болады, олар мұнай өніміндегі дыбыс жылдамдығымен бірге алдыңғы сорап стансасына жылжып оның дамытатын қысымымен қосылады.
Бұл кезде алдыңғы сорап стансасының қасындағы құбырдың ішіндегі жинақталған қысым жұмысшыны мағыналы жоғарлатуы мүмкін, ал ол құбырлар беріктігінің шарты бойынша рұқсат етілмейтін болып табылады.
Магистральді құбырларды эксплуатациялау тәжірибесі көрсеткендей аралық сорап стансасының оқта-текте тоқтауы кезінде пайда болатын аса жоғары қысымның әсерінен болған құбырлар үзілуі көп жағдайларда алдыңғы сорап стансасынан кейін 20-40 км қашықтықта болады, мұндағы жинақталған қысым жоғарлатылған қысым толқыны ең алдыңғы сорап стансасына жетпес бұрын және ондағы максималды қысым бойынша сақтау жүйесі жұмыс істемес бұрын жіберілетін шамадан асып түсуі мүмкін.
Магистралды мұнай желілері мен мұнай өнімінің желілерінің құбыр ажырауына байланысты апаттар, мұнай өндіретін зауытының немесе мұнай кәсібінің дұрыс жұмысының бұзылуы және тұтынушыларды мұнай өнімдері мен немесе мұнай өндіретін зауыттарын мұнай мен қамтамасыз ету бұзылуы нәтижесінде халық шаруашылығына мәнді зақым келтіреді. Бұдан басқа, құбырдың ажарауынан мұнай мен мұнай өнімдерінің кемуі және апат болған жердің жанындағы топырақ пен су қоймаларының ластануы болады, осыдан қоршаған ортаға мәнді зақор келтіріледі.
Артық сораптық станциялы магистралды құбырларда аралық сораптық стансаны тез арада өшіргенде қысымның аса жоғарлауын олардың “сораптан сорапқа” жұмысы кезінде пайда болуы мүмкіндігінің келесі тәсілдермен жоюға болады. Жоғарлатылған қысымының толқынына қарсы жүретін төмендетілген қысым толқынын жасау керек. Жоғарлатылған қысым толқынын оның пайда болған жерінде сөндіру немесе осындай толқынның алдындағы құлама тіктігін азайту керек.
Азайтылған қысым толқыны тоқтатылса қалған стасасынан алдыңғы сораптық стансасына сигналды байланыс сызығы бойынша жіберу жолымен ондағы бір немесе бірнеше сораптық агрегаттарды өшіру үшін жасалады. Сонымен қатар алдыңғы сораптық стансадан жоғарлатылған қысым толқынына қарсы төмендетілген қысым толқыны қозғалады және де осы қысым толқындары кездескен кезде өзара өшеді.
Осындай өзара әсер нәтижесіде мұнай желісінің бөлігінде алдыңғы сораптық стансаның алдында қауіпті жоғарылау болмайда.
Бірақ алдыңғы бірнеше сораптық стансаларындағы бөлек сораптық агрегаттарды өшіру мүмкіндігі тууы мүмкін, себебі олардың біреуіндегі агрегатты өшірсек, келесі алдағы стансаның бағытына қарай жоғарлатылған қысым толқыны және онда аса жоғары қысым туу қауіпі туады. Төмендетілген қысымның қарсы толқынынан туындайтын жүйеге келесілер кіреді:
Қысымның қауіпті әсер пайда болу туралы дабылды қалыптастыру құрылғысы (мысалы, сораптық стансасының оқта-текте тоқталуында немесе дроселдеу жүйесінің істен шығуында);
Ондағы және келесі сораптық стансалармен байланыс сызығы;
Дабыл келіп түскенде бір немесе бірнеше сораптық стансаларын өшіру құрылғысы.
Төмендетілген қысым толқынының тудыратын жүйе (“волна” жүйесі) “Дружба” мұнай құбырының бөлек бөліктерінде қолданылған. Осы жүйедегі дабылды қалыптастыру үшін арнайы жасалған қауіпті әсерлер датчигі (кодов) қолданылған және ол дабылды тек қысымның үлкен жылдамдықпен өсуінде ғана (5-6с ішінде 1,0-1,2 мПА-ға) шығарады.
Дабыл арнайы байланыс сызығы бойынша алдағы сораптық стансасындағы бір немесе бірнеше сораптық агрегатты өшіретін жергілікті автоматты басқару жүйесіне келіп түседі.
Сораптық стансаны өшіру туралы дабылды мұнай желісінде сәйкес телемеханика жүйесінің бар болуы шартында ғана диспетчер бере алады.
Аралық сораптық стансаларының оқта-текте тоқтап қалған кезде мұнай желілерінің аса жоғары қысымдардан сақтау үшін төмендетілген қысым толқынынан туындайтын жүйені жобалап, пайдаланғанда қауіпті қысымдарды жібермеу үшін алдыңғы сораптық стансаларындағы өшіру керекті сорапты агрегаттар санын есептеп білу керек, сонымен қатар осы жағдайда мұнай желісінің өткізгіштік қасиеті қалай өзгеретіндігі мен тағы қай сораптық стансаларда сораптық агрегаттарды өшіру қажеттігі туындайтығын анықтау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |