Берілген дипломдық жобада гнпс "Шымкент" жағдайында резервуар паркін автоматты басқару сұрақтары қарастырылады


Мұнай және мұнай өнімдерінің жоғалуын классфикациялау



бет12/18
Дата06.01.2022
өлшемі4,01 Mb.
#11693
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
Дип.-ГНПС-Шымкент-жағдайында-резервуар-паркін-автоматты-басқару

Мұнай және мұнай өнімдерінің жоғалуын классфикациялау

Мұнайды мұнай өндіретін зауыттармен алынған мұнай өнімдерінің тұтылушыға жеткізу және мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау олардың жоғалуларымен байланысты. Мұнай және мұнай өнімдерінің жоғалуы мемлекет экономикасына үлкен шығын келтіреді, еңбекті затқа айналдыру шығындарына, өндірістің эффектілігіне төмендетуге әкеледі, бұл қымбат энергия көздерінің шығындары. Бұдан басқа мұнай және мұнай өнімдерінің апаттар, бөліп құю және кему кезінде жоғалуы топырақты, грунттық су мен су қоймаларын, ал буланғанда атмосфераны былғайды.

Сондықтан жоғалулармен күрес өте маңызды және актуальді мәселе. Жоғалтулармен күресу үшін олардың пайда болуының себептерін білу қажет. Жоғалулар апаттар кезінде, кемулерден, буланудан, былғанумен мұнай және мұнай өнімдерінің әртүрлі сорттарының қосылуынан болады.

Апаттар мен кемулер мұнай және мұнай өнімдерінің мөлшерінің жоғалуына әке леді, қосылып кетумен лайлану сапасының кетуіне, ал булану мөлшерінің азаюы мен сапасының нашарлауына әкеледі.

Апаттар мұнай мен мұнай өнімдерін жарылғыш және өртке қауіпті заттар ретінде қарау ережелерін сақтамағандықтан, құрылыстар мен технологиялық жабдықтарды техникалық пайдалану ережелерін бұзғандықтан, бақылап өлшегіш жабдығының дұрыс істемегендігінен, стихиялық апаттар мен резервуарлар мен көліктік іштіліктерді толып кетуін жіберетін қызмет көрсететін персоналдың өз міндеттеріне мұқият қарамағандықтан болады. Бұдан басқа апаттар құрылысты жобалағанда, тасымалдау мен сақтау құралдарын жөндегенде құрылыс нормалары мен ережелерін сақтамағандықтан, зауыттық құбырлардың, резервуарлардың және тасымалдау іштіліктерінің ақауына және олардың пайдалану кезіндегі тозуы арқасында болады. Кемулерден жоғалу резервуарлардың, құбырлар мен ысырмалардың тығыз болмауы арқылы, кездейсоқ бөлек құюдан және тағы басқа болады. Кемулерден жоғалуды жаңа профилактикалық жөндеулер мен әрбір бөлек жағдайда жасалынатын арнайы ұйымдастырылған техникалық шаралармен алдын алады.

Мұнай өнімдері атмосферадан су мен механикалық қоспалардың түсуінен, коррозия өнімдерінің түсуінен мұнай өнімдерінде химиялық және биологиялық үрдістер нәтижесінде ерімейтін заттардың түзілуінен, қорғалмаған тасымалдау іштіліктерді сақтау мен тасуынан, қорғалмаған құбырлармен айдағандықтан ластанады.

Коррозия өнімдері католизаторлы болып табылады және сол себепті қышқылдану мен қышқыл, шайырлы затар мен мұнай өнімдерінде тұнулардың түзілуі үрдістерін жеделдетеді. Мұнай өнімдерінің сапасының нашарлауының алдын алу үшін ұйымдасқан техникалық шаралар жүргізуден басқа оларды сақтаудың регламенттелген мерзімдері сақталу керек.

Ығысудан жоғалу мұнай өнімдерін тізбектеп айдау мен олардың резервуарларда кездейсоқ ығысуына болады. Резервуарардағы мұнай өнімдерінің кездейсоқ ығысуын резервуарлы паркін дұрыс пайдалану арқылы жоюға болады.

Егер мұнай мен тез буланатын мұнай өнімдерін табиғи азаюын азайту үшін арнайы техникалық құралдарды пайдаланбаса, онда олардың тасымалдау мен сақтау жүйесінде буланудың жоғалуы барлық жоғалулар түрінен 75% - ке дейін жетуі мүмкін.

Буланудан жоғалу.

Резервуарда, мұнай құйылатын кемеде темір жол мен автомобильді цистернада және де автомобильдің отынды бағында, мұнай мен мұнай өнімдерінің біршама мөлшері бар, сұйықтың үстіндегі кеңістік-газды кеңістік бу-ауа қоспамен толтырылған. Мұнай өнмінің бұл бу-ауа қоспасындағы мөлшері.

М=cpnV,

мұндағы


c – бу-ауа қоспасындағы мұнай өнімдерінің буларының көлемдік концентрациясы;

Pn – мұнай өнімінің булар тығыздығы;

V – газды кеңістіктік көлемі.

Бу-ауа қоспаның іштіліктің газды кеңістігінен атмосфераға кез-келген ығысуы газдық кеңістікке буланып кеткен мұнай өнімдері табылады. Кейде оларды мұнай мен мұнай өнімдерінің буланудан табиғи өзақы деп атаймыз. Буланудан табиғи азаю мұнай мен мұнай өнімдерінің физико-химиялық қасиеттерімен, олардың ашық беттен ұшып кетуімен шартталады. Үлкен дәрежеде бұл бензиндер мен мұнайларға, ол кіші дәрежеде – реактивті отындарға, одан кіші дәрежеде – тракторлы мен жарықтандыратын керосиндер мен дизель отынына жанады. Майлар, мазуттар, пештік отындары мен майлаулар буланбайды.

Бензиндерден ең жеңіл көмур сутектер ұшатындықтан, бензиндердің оптамдық сандары мен қаныққан булардың қысымы төмендейді, тығыздық пен әртүрлі фракциялардың қайнау басы мен қайнауының температуралары жоғарлайды және бұл бензиндердің жіберу қасиеттерін нашарлатып, отын шығыны мен қозғалтқыш тозуын тездетеді.

Тауарлы мұнай өнімінің сапа көрсеткіштерінің шекті рұқсат етілетін мәндері стандарттармен регламенттеліп, сапа паспорты бойынша реттеледі. Сапа паспорты алдымен мұнай өндіретін зауыттың зерханаларында мұнай өнімдерін сынау нәтижесі бойынша, ол ары қарай жүру жолы бойынша – айдау станцияларының зертханалары мен мұнай базаларында құрастырады.

Бензиннің сапа паспортына басқа сипаттамалармен қатар тығыздықты, октандвқ санды, қаныққан булардың қысымы мен фракциялы құрамды қосады. Жолда жеңіл фракциялар жоғалғаны үшін мұнай өнімдерінің булану МӨЗ-ден алыстаған сайын, ал мұнай - өндірістен алыстаған сайын азаяды.

Көрініп тұрғандай, берілген оңай буланатын мұнай өнімінің меншікті жоғалулар барлық технологиялық операциялар және бірдей жабдық кезінде жолдың басында көп, ал соңында аз болады.



Булану әсерінен болған мұнай мен мұнай өнімдерінің жоғалуы себептерін қарастырамыз.

  1. “Үлкен демалудан” болғанжоғалулар газды кеңістіктен мұнай өнімімен (мұнаймен) құйылатын сыйымдылықпен булы ауа қоспасының ығысуы нәтижесінде болады. Мұнай өнімі саңылаусыздандырылған сыйымдылыққа түсіп демалу арматурасы орнатылған булы ауа қоспасын қысымға дейін қысады. Қысым демалу клапанының есептелген қысымына жеткен кезде клапан ашылып сыйымдылқтан мұнай өнімінің буы бар булы ауа ағылып шыға бастайды және “үлкен демалу” дем шығару басталады. Неғұрлым демалу клапаны реттелген қысымы көп болса, соғұрлым “үлкендемалу” кеш басталады. Сыйымдылықтан мұнай өнімін айдаған кезде кері әсер пайда болады. Сыйымдылық ішіндегі разрядталу демалу клапаны орнатылған вакуумға тең болған кезде газды кеңістікке атмосфералық ауа түсе бастайды – “демалу” басталады.

  2. “Кері дем шығарудан” болған жоғалулар ауамен “демалу” кезінде түскен мұнай өнімінің булармен қанығу нәтижесінде болады. Ауа қанығу кезінде булы ауа қоспасындағы мұнай өнімінің буларының концентрациясымен газды кеңістіктегі ортақ қысымы өседі. Есептелген қысымға жеткен кезде демалыс клапаны ашылады, сондықтан “демалу” біткеннен кейін бірнеше уақыт өткеннен кейін “ кері дем шығару” болуы мүмкін – қанығатын булы ауа қоспасының ығысуы.

  3. “Кіші демалыстан” болатын жоғалулар келесі себептер нәтижесінде болады: а) күндізгі уақыттағы газды кеңістікпен мұнай өнімінің температурасының көтерілуінен. Күндізгі уақытта сыйымдылықтың газды кеістігімен мұнай өнімінің беті сыйымдылықтың қабырғасы мен төбесіне күн радиациясының әсерінен қызады. Булы ауа қоспасы түседі, мұнай өнімінің буларының концентрациясы газды кеңістікте көтерімді, ортақ қысым көтеріледі. Сыйымдылықтағы артық қысым демалу клапаны орнатылған есептелген қысымға жеткен кезде, клапан ашылып сыйымдылықтан булы ауа қоспасы ығысады “дем шығару” болады. Түнгі уақытта сыйымлықты суыту нәтижесінде температураның төмендеуінен қабырғалары мен төбелері арқылы булардың бір бөлігі конденсацияланады, булы ауа қоспасы қысылады, газды кеңістікте разрядталу құрылады, демалыс клапаны ашылады және сыйымдылыққа атмосфералық ауа кіріп – “демалу” пайда болады. Бұл тәулік температуралық “кіші демалыстар”. б) барометрикалық қысымының тербелуінен. Барометрикалық қысымның төмендеуі кезінде сыйымдылықтың гады кеңістігіндегі және атмосфералықтың қысымдар айырымы демалу клапаны орнатылған қысымының құлауын жоғарлатуы мүмкін, ол ашылып “дем шығару” болады. (барометрикалық “кіші демалыстар”). Барометрикалық қысымды көтерген кезде “демалу” болуы мүмкін.

  4. Газды кеңістіктің қанығуынан болған жоғалулар мұнай өнімінің буы жоқ сыйымдылыққа мұнай өнімінің түсуі кезінде болады. Егер тең ауасы бар сыйымдылыққа азғана мұнай өнімін құйса, соңғысы булана бастап газды кеңістікті қанықтырады, оының концентрациясы булы ауа қоспасында өседі, газды кеңістіктегі ортақ қысым көбейеді, есептелген қысымға жеткен бойында демалыс клапаны ашылады жіне булы ауа қоспасының бөлігі резервуардан кетеді - қанығудан жоғалулар пайда болады.

Жоғарғы келтірілген буланудан болған жоғалулар түрлі тұрақты мұнайлар мен мұнай өнімдері және саңылаусыздандырылған сыйымдылықтардан операциялар жасау кенде пайда болады.

Буланудан болған жоғалулар резервуарлардың техникалық эксплуатациялау және магистральді мұнай өткізгіштер ережелерін сақтамау кезінде тез өсіп кету мүмкін.

Газды кеңістікті желдетуден болған аталмыш жоғалулар резервуарлардың, цестерналардың ашық люктары арқылы мұнай және бензин булардың желмен жәй желдету жолымен пайда болады.

Соңғы жылдарда мұнай өткізгіштер мен резервуарларды температуралық деңгей көтерілуінен және кәсіптерде мұнайды дайындау шартының нашарлауынан көлікпен сақтау жүйесінде кейде тұрақты емес мұнайлар мен бензиндер келе бастады, олардың температурасы ГОСТ 2177-82 (СТСЭВ 758-77) бойынша қайнау температурасына жақын немесе жоғары.

Мұндай шарттарда мұнайлар мен оңай буланатын мұнай өнімдеріндегі булар беттерінде ғана емес, сұйықтың көлемінде де құрылады, яғни олар сыйымдылықта қайнайды.

Буланудан болған жоғалулар осындай тұрақты емес мұнайлар мен мұнай өнімдері үшін 3-6 рет стабильді мұнайлар мен мұнай өнімдердің көлік және сақтау жүйесіне түсуін жібермейді.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет