Құбырлардағы апаттар, оларды байқау және жою
Апаттар көптеген себептерден болады: агресивті сұйықтарды айдау кезіндегі немесе сыртқы изоляция қаптаулардың бүтіндігі бұзылған кезіндегі коррозиялы қиратулардан (ішкі және сыртқы коррозиялар) құбырлар металының беріктігі шегін жоғарлататын жоғары температуралы кернеулерден; мүмкіннен жоғары болатын жүктемелерден (мысалы, өзендерді өтудегі құбырлар астындағы грунтты жуу кезінде).
Тесіп өту беттерінің негізгі саны (48-52%-ті құбырлардағы барлық апаттық жағдайлардан) коррозия әсері нәтижесінде болады. Қазіргі уақытта коррозиға қарсы қорғау мен құрылғылары бар магистарлді құбырлар эксплуатацияға беріледі.
Бірақ, бұл жағдайда объектілердің тозуы шамасы бойынша коррозиялы қираулардың саны жеткілікті үлкен.
Құбырлардан кемулерді байқау әдістері грунтта немесе жер бетіндегі құбырлар қасындағы мұнай өнімінің пайда болуы, айдаудың технологиялық параметрлерінің өзгеруі, құбырлар металының біртектілігінің бұзылуы сияқты тікелей және жанама белгілерінің шығарылуына тіркеледі. Кемулерді байқайтын құрылғыларды екі түрге бөлуге болады – тікелей және жанама әсерлер. Тікелей әсер құрылғысы грунтта не оның бетіндегі тасымалдау сұйығының пайда болуына әсер етеді.
Жанама әсер құрылғысы құбыр қысымының ағып кеткен мұнай өнімінің әсері бойынша грунттың температурасының, электрлік сыйымдылықтың және тағы басқа өзгеруіне әсер етеді. Барлық осы құрылғылар ірі кемулерді табуға көмек береді. Кішігірім кемулерді шығару үшін жанама әсер құрылғылары аз қолданылады, сондықтан жиірек тікелей және жанама әсерлер жүйелерінің комбинациясын қолданады. Мұнай өнімінің кемуін құбырлардың ішінде сияқты (ішкі бақылау), сыртқыда (сыртқы бақылау), сыйыстырылатын құрылғылар және приборлар көмегімен анықтауға болады. Соңғы жағдайда құрылғылар стационарлы болуы мүмкін. Сртқы бақылауды визуалды немесе приборлар арқылы өткізуге болады.
Визуалды бақылау трассаны айналып өту кезінде (айналып ұшу) іске асады. Ол айдайтын мұнай өнімі судың не жердің бетіне шыққанда ғана тек ірі апаттарды таба алады. Сыртқы бақылау приборлары ретінде құбыр трассасының маңайында сыйыстырылатын акустикалық, газдық, жылулық түрдегі түрлі датчиктерді қолданады.
Бақылаудың осы түріне жататындар: құбырдың кірісі мен шығысындағы мұнай өнімінің шығынын салыстыру, электр қозғалтқышын қайта жіктеуін бекіту және тағы басқа ішкі бақылауды (жабдық құбыр ішінді орын ауыстырады) акустикалық, электромагниттік, ультродыбыстық және басқа жабдықтар арқылы және де радиоактивті, газды немесе сұйық тассерлер арқылы жүргізеді.
Құбырдың толық немесе бөліктік ажыраулардағы айдалынатын мұнай өнімінің үлкен кемулерін қысым құлауы мен шығынды өлшеу сызықтарын салу жолы арқылы оңай табады.
Құбырдың толық бөлінуіненмұнай өнімі соңғы пунктіне түспейді, ал айдау станциясының шығысындағы қысым станциядан р-дан р2-ге дейін құлайды.
Жер асты құбырының кемулер пайда болғанды кетік маңынан сұйықтықтың ағысының жерінен грунтта акустикалық тербелістер пайда болады және оларды грунт бетінен арнайы жабдықтар мен ұстап алуға болады. Егер айдалынатын мұнай өнімі қоршаған ортадан басқа температуралы болса, ондай кемулерді бақылау үшін жылулық радиацияны өлшеуіне негізделген инфрақызыл термографияны қолдануға болады. Кейде кему орындарын анықтау үшін пайдаланылатын сұйықтың грунт бетінен буды ұстап алатын газоанализаторларды қолданады. Барлық жағдайда бақылау жабдықтарын құбыр трассасы бойынша орын ауыстыратын көлікте орнатады. Тексерілетін тілім екі траншеяның енінен кіші болмау керек.
Кейде кему орындарын анықтау үшін радиоактивті заттарды немесе белгіленген атомдарды (трассерлер-натрий-24, кобольт-60 және т.б.) қолданады. Кему орнында радиоактивті ерітінді грунтқа түседі. Грунттың радиоактивтілігін жер бетінен құбыр трассасы бойымен орын ауыстыратын детекторлармен өлшей отырып, кему орнын табады.
Сонымен қатар құбыр дуалдарының күйін ішкі бақылауын қолданады. Ол үшін өздігінен жүретін арбашаларды қолданады және ол арбашалар, өтіліп кеткен жол есепшілерімен құбырдың ішкі бетіндегі күйін таспаға бекітетін құрылғылармен жабдықталған. Дуал күйін гамма, рентген сәулелері, ультродыбыс магнит өрістері, құйынды тоқтар және басқа параметрлер арқылы талдайды. Айдау қысым кезінде сұйықтың ағынымен бірге жылжитын әртүрлі детекторларды (бақылау құрылғыларды) сынау, олар 4л/сағ. дейінгі өлшемді кемулерін апат орнын 20м дейін анықтау дәлдігімен таба алатындығын көрсетеді.
Барлық приборлардың ішінде ең қолайлысы болып магниттометрліктер жатады. Осы жабдықтардың жұмыс қағидасы құбыр дуалының қалыңдығының өзгеру нәтижесінде магнит өрісінің өзгерулерін тіркеуіне негізделген. Дуал қалыңдығының өзгеруі наминалды мәнінен 2-3% аралығында тіркеледі. Құбыр дуалдар күйімен мүмкін болатын кемулерді бақылау айдауды тоқтатпай жүргізеді, сондықтан ол профилактикалы, перспективті.
Жабдықты арбашаларды радиуы 1,5 Dy майысқын өндірмелерді өте алатындай және 4-13 км/с жылдамдықпен қозғала алатындай етіп құрастырады. Арбашалар қозғалысының жылдамдығы қайта жіберілетін арналар, тежегіштер мен гидротурбиналары бар арнайы құрылғы көмегімен реттейді.
Профилактикалық жабдық ретінде ультрадыбыстық құрылғыны қолдануға болады. Жабдықтың алдыңғы бөлігіне ультрадыбыстық генераторды (арбашаның дөңгелегінен іске қосылады) орнатады. Ультрадыбыстық сәуле жабдық қозғалысының жылдамдығына пропорционалды бұрыштық жылдамдығымен құбыр өсі бойынша айналып құбырдың барлық ішкі бетінің сканерлеуін жүргізеді.
Арнаулы құрылғымен құбырдың ішкі диаметрін өлшейді. Құбыр дуалының ішкі бұзылулары кезінде (коррозиялық бұзылулар, тесіктер және тағы басқа), олар өлшегіштермен белгіленеді, ал нәтижелер арнайы таспаға жазылады. Жазуды өтілген арақашықтықпен келтіреді және цифрді ашқанда құбыр бүтіндігінің мүмкін бұзылулар орындарын анықтайды.
Бүлінгенді жою тәсілі оның түріне байланысты. Егер кему кіші болса онда теория жүзінде онықұбырды ашпай-ақ жоюға болады.
Бұл жағдайда құбырға кемуді табатын детектордан тұратын арнайы құрылғы мен ақауды саңылаусыздандыру үшін құралдары енгізеді. Ақауды тапқаннан кейін құрылғыны тоқтатады.
Саңылаусыздандырғыш элемент құрылғыдан босатыла отырып, құбырдың ішкі бетіне тығыздалып қонады, ал детекторлы арбаша ары қарай кетеді.
Саңылаусыздандырғыш элементті арнаулы жұмсақ төсеніштері бар серпімді таспа түрінде жасайды. Таспаның төсеніштері полимерлі қосындылармен дымқылданған және олар уақыт өткен сайын полимерленіп, кемуді жеткілікті бірлік етіп жояды.
Көбінесе кемуді жою үшін жер асты құбырдың ақау бөлігін ашады.
Егер ақау қуыс түрінде болса, онда қуысты қорғасын тығын мен тығындайды. Содан кейін осы орынға металды жамауды қойып бүкіл контур бойынша құбырға пісіреді. Егер тығынды қолдануға келмесе, онда кемуді бензин өткізбейтін резинадан қорғасыннан немесе фибрадан жасалған иілімді төсеніші бар арнайы қамыт арқылы жоюға болады. Қамытты тарқаннан кейін оны құбырға пісіреді.
Қысым жоқ болса, жөндеуді қатайтқышы бар элоксидті шайырмен жүргізуге болады. Ол үшін қатайтқышы бар шайырмен дымқылданған жұмсақ төсеніштермен ақауы бар құбырды орнайды.
Беріктілікті жоғарлату үшін жұмсақ төсеніштерді иілімді орағыштармен тартады. Полимерлеуден кейін орғыштарды (манжеттер мен тағы басқа) алып тастауға болады. Кіші тетіктерді айдауды тоқтатпай-ақ жөндеуге болады. Элоксидті шайырлы құбыр бөліктерінің беріктігі құбырды әдеттегідей қолдану үшін жеткілікті.
Құбырдың мәнді бұзылуы кезінде сәйкес бөлікті алып тастап, оның орнына катушка деп аталатын құбырдың жаңа бөлігін пісіреді. Катушканы өндіру үшін құбыр бөлігін әртүрлі тығындар арқылы құбырдың басқа бөлігінен айырады (балшық, пластмасса, айдалынатын қатып қалған мұнай өнімі және тағыбасқа). Пісіргеннен кейін құбырдың жаңа бөлігін битумды мастикамен немесе қабыршақпен бөлектеп, грунтпен жабады да, құбыр бойынша айдауды жалғастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |