1.2.3 Мұнай айдаудың технологиялық схемасы
Айдау станциясы – бұл күрделі инженерлік жасақтар кешені айдайтын өнімі магистральдік құбырға жібереді. Технологиялық схема деп – коммуникациялық принципиалдық схеманың айдау бойынша өткізілетін амалды қамтамасыз ететіндігін айтады.
Технологиялық схема бойынша қойылатын негізгі талап ол олардыңқарапайымдылығы, жоба бойынша қарастырылған технологиялық операцияларын тиек және реттеу арматурасын минималды саны бойынша жасау және бөлшектерді біріктіру, және де технологиялық құбыр жолын минималды тартуын қамтамасыз ету.
Мұнай құбырымен айдау жүйесі сораптың қосқышы және резервуардың аралық станциясының тәуелділігіне қарай мұнай айдау жүйесі келесі түрлерін ажыратамыз: тізбекті, сорап станциясының бір резервуарынан кейінгісі, сораптан сорапқа қосылған резервуар арқылы.
Подстанциялық айдау жүйесінде мұнайды резервуардың кезегі бойынша қабылдайды, ал келесі станцияға басқа резервуардан беріледі. Резервуардың кезекті толтыруы айдалған мұнайдың көлемін дәл анықтауға мүмкіндік береді, алдынғы станциядан айдалынған және де келесі станцияға айдалынатын мұнай көлемі де анықталынады. Осы айдау жүйесінде мұнайдың “үлкен тынысы” арқылы буланады, сондықтан өңделмеген мұнай мен мұнай өнімдері үшін орынды емес.
Сорап станциясында бір резервуардан кейін айдағанда алдынға станциядан келген мұнай буферлік ретінде қолданылатын резервуарға келеді де содан қатадан айдалынады. Бұл жүйеде мұнай айдалынғанда подстанциялық есептеу жүргізілмейді. Мұнай шығыны бұл жерде де болады, өйткені резервуардақозғалыс болғандықтан мұнай буланады. Сондықтан бұл жерде де подстанциялық мұнайды айдау үшін ұсынылмайды.
Айдаудың қосылған резервуарымен жұмыс істеу түрі мұнайдың резервуардағы деңгейі бір деңгейде тұрмайды ол мұнайдың айдалған және құйылған мұнайдың көлеміне тәуелді болады. Егер қосылған сыйымдылықтың жұмысы синхронды істегенде, онда мұнай көлемі бір деңгейде тұрады. Бұл жерде мұнай шығыны “кіші тыныс алудан” анықталады.
Алдыңғы атап кеткен үш жүйе поршендік насос арқылы жұмыс істейді, ол құбырға гидравикалық әсерін азайтады. Ал резервуарлар буферлік сыйымдылық ретінде қолданады. Егер мұнай сораптан сорапқа айдалынса, онда аралық станциялардағы резервуарлар магистралға қосылмайды. Оларды тек қана құбырға авариялық және ремонт жағдайында мұнай қабылдағыш ретінде қолданады.
Тоқтатылған резервуар кезінде буланудан мұнай шығынына келтірмейді және де алдыңғы станциялардың қысымы қолданылады.
Бұл жүйе толық синхрондықты қарастырады және ортадан тепкіш сораппен жабдықталынған станциялар қолданады.
Технологиялық тізбектей қосылған сорап станцияларын келесі негізгі объектілерге бөлуге болады: резервуарлық паркі, бірнеше қабылдайтын және жіберілетін құбырлары бар бірнеше резервуардан, сорапты цехтан, манифольд – ашық алаң немесе жабық алаңда, бұнда ысырма, кері клапан, фильтірлер және де т.б.; құбыр тазартқыш жіберу және қабылдау камерасы.
Негізгі айдау станциясының құрамына резервуарлық парк кіреді, оның сыйымдылығы мағыналы түрде құбырдың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететіндей болып келеді, ал тізбекті айдау да мұнай өнімінің нақты көлемін жинау үшін. Әдетте негізгі станцияның резервуарларының сыйымдылығы екі немесе үш тәулік айдаудың көлеміне тең болып келеді. Тізбектей айдау кезінде негізгі станцияның резервуар көлемі циклдың санына байланысты есептелінеді.
Аралық станцияның резервуарлық паркінің сыйымдылығы өте аз болып келеді (көбісінде кездеспейді). Резервуар паркін екі түрмен байланыстыруға болады.
Қазіргі магистралды құбырдың айдау станцияларында ортадан тепкіш сорап қолданады, көбінесе тізбектей қосылады. Кез-келген агрегатты сақталған қорға ауыстырғанда сорап байланыстары жұмысты қамтамасыз ету керек.
Достарыңызбен бөлісу: |