Маркова Аэлита Капитоновна: ((р. 1934) - доктор психологических наук, профессор кафедры акмеологии и психологии профессиональной деятельности РАГС, академик Международной Академии акмеологических наук. Область научных интересов: психология учения и его мотивации; психология обучения взрослых; закономерности возрастного развития, психология профессионализма. Специалист в области психологии развития, педагогической психологии, психологии профессионализма.)
студенттердің оқуға мотивациясын мақсатты түрде қалыптастыру жұмыстарын былайша бөліп көрсетеді:
Оқуға мотивацияны қалыптастыруға жағдай жасайтын оқытушы іс- әрекетінің тәсілдері.
Мотивацияның кейбір жақтарын бекітуге бағытталған арнайы жаттығулар.
Сабақ кезеңдерінде және үлгерімі төмен студенттердің оқуға жағымды мотивациясын қалыптастыру және арттыру.
Студенттердің оқу мотивациясын қалыптастырудың және оны зерттеу кезеңдерінің бірізділігі.
Студенттердің оқу мотивациясының жағдайы мен қалыптасу барысының мәлімет картасы.
Оқуға жағымды мотивацияны қалыптастыруға, тәрбиелеуге сынып және мектеп ішіндегі психологиялық атмосфера ықпалын тигізеді. Студенттердің іс-әрекетінің түрлерін ұйымдастырудың ұжымдық формаларының ықпалы зор. Оқытушы мен студенттердің біріккен іс-әрекетіндегі қарым-қатынасы тапсырманы орындауға тікелей араласу түрінде емес, дұрыс шешім табуға итермелейтін ақыл-кеңес беру түріндегі оқытушының көмегі болуы тиіс. Сонымен бірге жағымды мотивацияны қалыптастыруда оқытушы оқу материалын қызықты жеткізе білуі, эмоционалдылығы, танымдық ойындар, пікірталас жағдаяттар, өмірлік жағдаяттарды талдау, болашақтағы өмірде мектепте алатын білімді қолдану мен оқудың қоғамдық және тұлғалық маңызын түсіндіру; мадақтау мен жазалау әдістерін шеберлікпен қолдана білуі тиіс. Сонымен қатар мұнда студенттің оқу әрекетінде өз бетімен жұмыс істей алуы мен өзін-өзі бақылауы, ортақ оқу іс-әрекеттеріне қосылуының маңызы зор. Оқуға мотивацияны қалыптастырудың түрлі тәсілдерін қолдана отырып, оқытушы мотивацияға әсер ететін сыртқы, тіпті жағымды шарттардың өзі тікелей әсер етпейтінін, студенттердің өзінің ішкі позициясы, қатынасы арқылы қабылдайтынын есте сақтаған жөн. Сондықтан міндетті түрде оқытушының ықпалына студенттердің саналы, тұрақты қатынасы, ішкі позициясының кейбір астарларын қалыптастыруға бағытталған белгілі жүйелерді (жағдаяттар, тапсырмалар, жаттығулар) алдын-ала қарастырған дұрыс.
Оқытушының тікелей мотивациялық сфераны дамытуға бағытталған жұмыстарына төмендегідей ықпалдарды жатқызуға болады:
студенттердің бойында бұрын қалыптасқан және нығайтылуға тиісті жағымды мотивациялық ұстанымдарды өзектендіру;
жаңа мотивациялық ұстанымдар (жаңа мотивтер, мақсаттар) мен жаңа сапалардың /саналылық, тұрақтылық/ пайда болуына жағдай жасау;
кейбір мотивациялық ұстанымдарды түзету.
Студенттер қандай әрекетті жүзеге асырса да оны студенттердің тәсілдер, әрекеттерді орындауы арқылы алдына мақсат, міндеттер қою және түсінуден бастап өзін бағалау мен өзін-өзі бақылау әрекетін жүзеге асыруға дейінгі толық психологиялық құрылымы болуы тиіс. Мысалы, студенттердің сабақта жаңа білімді игеру іс-әрекетінің циклдері болуы мүмкін. Бұл жағдайда оқу әрекеті жаңа материалды меңгеру әрекетіне дайындықты қамтамасыз ететін міндеттерді, яғни мазмұны бойынша өзін бақылау мен өзін-өзі бағалауға сәйкес проблемалық тапсырмалар мен ізденушілік оқу әрекеті міндеттері болуы тиіс. Егер сабақ жаттықтырушылық бағытта болса студент міндетті түрде осы іс-әрекетті орындауға дайын болуы тиіс. Студент сабақ басында сабақта болашақта пайдалана алатындай материал алатынын түсінуі керек. Егер студент өз іс-әрекетін саналы сезінетін және түсінетін, оқу процесіне ләззат алатын болса бастапқы мотивация күшеюі немесе жаңа қосымша мотивтер пайда болуы мүмкін. Сабақ соңында міндетті түрде аяқтау мотивтерін тудыру керек, яғни студент сабақ басында қойылған міндеттердің қайсысы орындалды, қайсысы орындалған жоқ екендігін бағалай алуы, оның себептерін анықтап, өзіндік қорытынды жасай алуы тиіс. Сабақты аяқтау кезеңіндегі негізгі міндет – студенттің сабақтан тәжірибе алуы.
Студенттерды зерттеу оқу-тәрбие жұмысын психологиялық тұрғыдан негізделген түрде жоспарлау,оның тиімділігін дұрыс бағалау, студенттермен жақсы қарым-қатынаста болып, оларды оқыту процесінің белсенді мүшелеріне айналдыру үшін керек (А.КМаркова).
Оқытушының өқу біліктілігі және оқу мотивациясын зерттеу пәніне студенттің мотиві, мақсаты, эмоциялары секілді мотивациялық сферасы компоненттерімен бірге мотивацияға зор ықпалын тигізетін оның оқу біліктілігінің жағдайы да жатады.
Студенттердің оқуға мотивациясын қалыптастыру дегеніміз бұл мектепте оқуға деген ішкі ұмтылысты (мотив, мақсат, эмоция) қалыптастыру, оларды студенттердің саналы сезінуі, өздерінің мотивациялық сферасын одан әрі дамытуы. Оқытушы бұл жағдайда студентладың мотивациялық сферасы стихиялы түрде қалай дамитынын және қалыптасатынын салқынқанды бақылаушы позициясын ұстанбай, керісінше психологиялық тәсілдер жүйесінің көмегімен оқу мотивациясының артуына дем беріп отыруы қажет.
3. Мотивацияның /стимулдаудың/ шарттары: білім мазмұнын жекелік бағытталған қызықты материалдармен байыту; барлық студенттерге ізгілікті қатынас; танымдық сұраныстарын қанағаттандыру; қызықты қарым-қатынас; ойлауды сезіммен байыту; білуге деген құштарлықты дамыту; белсенді өзін-өзі бағалау; өзін-өзі дамытуға ұмтылыс; балалардың бастамашылығын қолдау; оқу еңбегіне жауапкершілікті қатынас.
Мотивацияның тәсілдері:
Балалар туралы жақсы сипаттама беріп, мүмкін болған жағдайда мадақтауды жиі қолдану керек, оларды өз күштеріне сенетін жағдайларды туғызған абзал.
4. Ынталандыру /стимулдау/ дегеніміз студентны бір нәрсеге итеру, ұмтылдырту болып табылады. Бала үшін оқу – оңай шаруа емес. Мектеп практикасы оқудың қажеттігін түсіну жеткіліксіз екендігін көрсетіп отыр. Түрлі себептерге байланысты бала өзі ұнатқан іс-әрекеттермен айналысуға көп уақытын сарп етіп, оқуды шетке шығарып қояды. Міне, осындай жағдайларда дұрыс таңдалған және қолданылған ынталандырулар /стимулдар/ керек-ақ.
Ынталандырудың негізгі әдістеріне мыналар жатады: мадақтау, жазалау, жарыс. Мадақтау – балаға /немесе ұжымға/ педагогикалық әсер, онда тәрбиеші /немесе ұжым/ жекелеген студенттің /немесе ұжымның/ қылығына, мінез-құлқына оң баға береді. Мадақтаудың әсері оң эмоцияны қоздыруға негізделген. Сондықтан өз күшіне сенімділікті, жауапкершілікті, жақсы көңіл күйді туғызады. Мадақтаудың түрлері: мақұлдау, өз күшіне сендіру, мақтау, алғыс, құрметті құқық беру, грамоталармен, сыйлықтармен марапаттау т.б.
Жазалау – бала орнатылған талаптарды орындамағанда және қоғамда қабылданған нормалар мен ережелерді бұзғанда қолданатын педагогикалық әсер. Жазалау арқылы педагогтар мен ата-аналар балаға оның қандай бір қылығын дұрыс еместігін ұғынуға көмектеседі. Өзін кінәлі сезінуге және осындай жағымсыз қылықтарды қайта жасамауға психологиялық кедергіні қалыптастыруға көмектеседі Мектептегі жазалаудың түрлері: құптамау, ескерту, ауызша және жазбаша сөгіс, сабақтан шығару, орындамаған тапсырманы орындату үшін сабақтан кейін алып келу, ата-аналарды шақыру, педагогикалық кеңеске шақырту, мінез-құлқы үшін бағаны кеміту, аз мерзімге мектептен шығару, 16 жастан кейін мүлдем мектептен шығару. Осы орайда денелік және психикалық күш қолдануға мүлдем тыйым салынады.
Жарыс – іс-әрекеттің әр түрлерінде /қоғамдық жұмыс/ студенттердің шығармашылық күштерін дамытады және белсенділігін арттырады, алдағыларды қуып жетуді, арттағыларға көмектесуді көксейді, сөйтіп осы негізде жоғары жетістікке жетуді мақсат етіп қояды. Жарыс жекелік және ұжымдық болуы мүмкін. Жарыстың тиімділігі жоғары болады, егер де оның нәтижесі үнемі қорытындыланып отырылса.
Белсендету – қуатты, мақсатты бағытталған оқуға ұмтылдырту.
Қызығушылық – тануға, білуге деген ұмтылыста көрініс табатын танымдық сұраныстың формасы. Қызығушылық мыналарға тәуелді: 1) алған білімнің, іскерліктің, ақыл-ой тәсілдерінің қалыптасқандығының деңгейі мен сапасына; 2) студенттің оқытушыге деген қатынасына.
Стимул – қажетті нәтижеге жету мақсатында студентны «итермелеу». Оқытудың стимулдары: балалардың ниеті, жетістіктерді салыстыру, студенттердің түсінігі, мәселелерге деген қызығушылық, жетістікті қуаттау, жұмыстың жағымдылығы, орынды талаптар, оқытушының мақтауы, мүдделес сын, жақсы мінездеме алу.