Бет-жақСҮйек аймағы жұмсақ тіндерінің зақымданулары



бет25/31
Дата16.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#74836
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
Байланысты:
БЕТ-ЖАҚСҮЙЕК АЙМАҒЫ ЖҰМСАҚ ТІНДЕРІНІҢ ЗАҚЫМДАНУЛАРЫ 1

Гемостаз. Қантамыр қабырғалары бұзылуынан қан ағуын, қансырау деп атайды. Жарақаттан қанның қайда құйылуына байланысты, қансыраулар түрлері:

  • Тінішілік қансыру – зақымданған қантамырынан шыққын қан айналасындағы тіндерге сіңуі (петехий, экхимоза және гематома);

  • Сыртқа қансыру – дененің бетінен қанкету;

  • Ішке қансыру – қанның мүше ішінің қуысына жинақталуы;

Ішке қансыру ашық (гемосинус) және жабық (гемартроз) түрлерге бөлінеді.
Қан тамырынан қанның кету көзіне байланысты артериялық, көктамырлық, аралас қылтамырлық қансырулар болады. Қансырудың уақытына байланысты біріншілік, ертелі екіншілік (жарақат алғаннан кейінгі алғашқы 3 тәулік аралығы) тұрлерге бөлінеді;
Қансыраудың себептері: қантамыр байланған жіп үзілуі немесе сыдырылып шағуы, гемостаздың техникалық олқылықтары, науқастың циркуляторлық жетіспеушіліктен шығуна байланысты, орталық және шеткері гемодинамикасының жақсаруы; кеш екіншілік қансыру – жараланғаннан кейінгі 10-15 тәулік аралығында дамиды: қанндының немесе қантамыр қабырғаларының ыдырауы, қанның ДВС-синдромы гипокоагуляцияға ауысуы.


Қансырау дәрежелігі және ауырлығын болжамдау.
Қансырау – қантамыр жүйесінен ауқымды қан жоғалуына байланысты, бірсыпыра патологиялық және компенсаторлы-бейімділік реакцияларымен сипатталатын ағзаның жағдайы.
Қансырудың ауырлық дәрежелігін айқындау. Тері жамылғысы мен шырышты қабықтың түсі, қантамыр соғуының жағдайы мен сипаты, қан қысымы, орталық көктамыр қасымы, минут сайынғы тыныс алу жиілігі, сағат сайынғы диурез, жүрек қағысының ырғақтылығы, орталық жүйке жүйесінің жағдайы (есі, көруі), зертханалық мәліметтері: гемоглобин (қ.ж. 120-180 г/л), гематокрит (қ.ж. 0,37-0,52 г/л), эритроциттер саны (қ.ж. 3,8-5,0х10 ¹²/л), тромбоциттер саны (қ.ж. 180-320х109 ), қанның түсті көрсеткіші (қ.ж. 0,9-1,0), қанның ұю уақыты (қ.ж. Ли Уайту бойынша силикондалған құтыдағы 5-10 мин), қанкету ұзақтығы (қ.ж. Дьюку бойынша 1-4 мин, Айви бойынша 1-7 мин), фибриноген В (қ.ж.анықталмайды).
Аққан қанның өлшемін анықтауға қолданылатын әдістер:

  • Эмпириялық (болжамды) әдіс: аққан қанның өлшемі шамамен анықталады. Ересек адамның жұдырығына тең қан ұйындасы 500 мл қан жоғалтқанға тең;

  • Жалпыклиникалық зерттеулерге негізделген әдіс – пульс және қан қысымы. Ол үшін Альговер индексі қолданылады (пульстің жиілігі систолиялық қан қысымына бөлінеді). Қалыпты жағдайда 0,54 тең. Альговер индексі жоғары болған сайын, қан жоғалтуы да жоғары болада. Индекс көрсеткіші 0,78 тең болса, қан жоғалту мөлшері 10-20% тең; 0,99 - 21-30%; 1,11 - 31-40%; 1,38 - 41- 50%.

  • Гаматокрит көрсеткіші мен гемоглобин саны азаюы ескеріліп анықталатын әдіс;

Гематокрит саны – қаннның пішіндік элементтері мен оның сұйықтық бөлігі аралындағы қатынас. Қалыпты жағдайда оның саны 46% тең. Қансырағанда, тінаралық сұйықтығы қан арнасына өтіп, қанныңң көлемі көбейюінен, аталмыш сан төмендейді. Осының нәтижесінде утогемодилюция дамып, қанның шартты тығыздығы төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет