шаруашылығының пайда болуына
байланысты теориялар немесе
тұжырымдамалар жеткілікті түрде әр түрлі. Біреулері мал шаруашылығының
пайда болуын аң аулаудан шығарады. Екіншілері мал шаруашылығы мен
егіншіліктің бір-біріне тәуелсіз пайда болуы мүмкін деп айтады, бірақ олар
да мал шаруашылығын аң аулаудан шығарған. Кейбір ғалымдар
аридизациямен байланысты, климаттық өзгерістерге үлкен мән береді. Кеңес
әдебиетінде көшпелі мал шаруашылығына өтуді мал басының
өсуімен және
оларды асырау қиындығымен байланыстырды, яғни бірінші кезекте мал
шаруашылығында мүдделі адамдар топтары, егіншілікті қолдануды тоқтатты
да, номадтарға айналды. Осы кезге дейін ұсынылған, көшпелі мал
шаруашылығының пайда болуын түсіндіруге
ұмтылған теориялар жоққа
шығармайды, керісінше бір-бірін толықтырады.
Ескерту:
Номадтардың ұлы жетістіктерінің санына көшпенді
өркениет-тің шығу тегінде орасан роль атқарған, жылқының
домистикациясын
жатқызу
керек.
Жылқы
көшпенділердің
шаруашылықтық-мәдени жүйесін қалыптастыруда баға жетпес
маңыздылықты иеленді. Ол коммуникацияның, соның ішінде әскери істе
басты құралдардың бірі болып табылды. Ботай энеолитикалық
қонысында археологтар жылқылардың 99%-тен астам мүрде-лерін тапты.
Ғалымдар мұқият талдаған соң оның үй жағдайларына бейім-делгендігін
көрсетті. Бұл олжа «жылқы өсіру мәдениеті» деп аталатын мәдениетті
қалыптастыруда көрініс тапты (неолит-энеолит дәуірінде). Өндірістің
экономикалық стратегиясы ретінде мал шаруашылығының аридтік
аймақтарда дамуында жылқы аса қолайлы болды. Сондықтан, жылқының
Достарыңызбен бөлісу: