ХІІ-бөлім. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан
Кеңес Одағында орын алған тоталитарлық-коммунистік режим одақтас
республикалардағы қоғамдық өмірдің барлық салаларының орталықтан қатаң
реттелуіне негізделген. ХХғ. 80-ші жылдарының соңы – Шығыс Еуропа
елдерінде социалситік идеологияның күйреу кезеңі. Одақтың өзінде
экономикалық дағдарыс өсіп келе жатты, өндіріс төмендеуі күшейіп, тұтыну
тауарларының жаппай тапшылығы пайда болды. ССРО билік жүйесі өзінің
дәрменсіздігін көрсетті. Үстем идеологиялардың бірі күйреуге ұшырап
жатты. Одақтас республикалар ССРО тәуелсіз мемлекеттер одағына қайта
құрылуын дайындап жатты.
1990ж. 25 қазанында Қазақ ССР Жоғары Кеңесі «Қазақ ССР мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы Декларацияны» қабылдады. Декларацияны қабылдаудың
негізгі мақсаты Одақтық келісімді жасау үшін саяси-құқықтық көз жасау
болатын. Бұл құжат мемлекеттің ел ішінде мемлекеттік биліктің үстемдігі
және сыртқы саяси қатынастарда тәуелсіздігі туралы алғашқы ресми
бағдарламалық мәлімдемесі болып табылды. Мемлекеттік тәуелсіздік туралы
Декларация Қазақстан тәуелсіздігінің заңды бекітілуінің бастамасын салды.
Мұнда мемлекеттік-құқықтық нормалар бекітілді:
1. Қазақстан аймағының бөлінбейтіндігі және қол сұғылмайтындығы
туралы (3-бап);
2. Азаматтық институтын енгізу туралы (5-бап);
3. Одаққа өз еркімен берілген мәселелерден басқа, Конституцияның
және Қазақ ССР заңдарының басшылығы туралы (7-бап);
4. Жерге, жер қойнауына, суға, әуе кеңістігіне, өсімдік және жануарлар
әлеміне, басқа да табиғи қорларға, халықтың мәдени және тарихи
құндылықтарына, бүкіл экономикалық, ғылыми-техникалық әлеуетке
деген ерекше меншік туралы (8-бап);
5. республика үлесіне сәйкес, жалпы одақтық мүліктегі, оның ішінде
алмаз және алтын қордағы өзіңнің үлесіңе деген құқық туралы (9-
бап);
6. республикада тұратын ұлттар мен халықтардың барлыө өкілдерінің
құқықтық теңдігі туралы (11-бап).
Декларация тәуелсіз Қазақстанның заңдарын құруға негіз болып,
кейіннен 1993 және 1995 жж. Конституциядан бейнеленуін тапты.
1991ж. 19 тамызда елде төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік
комитеттің (ТЖМК) құрылуы туралы жарияланды. ТЖМК басшылары
1991ж. 20 тамыздағы кеңестік ресбуликалар басшыларының бұрынғы
Одақтың қайта құрылуы туралы Жаңа Огарева келісіміне қарсы мемлекеттік
төңкеріс жасауға тырысты. Бүлік болған жоқ, қастандықтың белсенді
мүшелері тұтқындалды. 19 тамызда болған оқиғалар Кеңес Одағының
ыдырауын тездетті.
Одақ күйреуінің алғашқы тенденциялары Эстония, Латвия және Литва
ССРО құрамынан ресми түрде шығып, тәуелсіздіктерін жариялағаннан кейін
пайда болды. Олар әлемдік бірлестікпен тәуелсіз мемлекеттер, халықаралық
құқық
субъектілері
ретінде
мойындалды.
Балтика
маңындағы
республикалардан кейін басқа да одақтас республикалар тәуелсіз
мемлекеттер құру туралы мәлімдемелер жасай бастады. Тұтас мемлекет
шегінде тек Қазақстан мен Ресей ғана қалды.
Қазақстан барлығы ССРО құрамынан шыққаннан кейін, өз тәуелсіздігін
соңғы болып жариялады.
1991ж. 29 тамызда мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Семей ядролық
полигонының жабылуы туралы жарлыққа қол қойды. 1991ж. 8
желтоқсанында үш славян мемлекеттерінің – Ресей, Украина, Белоруссия
басшылары Беловеж пущасында 1922ж. ССРО құрылуы туралы Келісімді
жойды және Тәуелсіз мемлекеттер достығы (ТМД) құрылуы туралы
Келісімге қол қойды. 4 күннен кейін 13 желтоқсанда Ашхабадта Қазақстан
және ортаазиялық мемлекеттер: Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменістан,
Тәжікістан басшыларының кездесуі өтті. Бұл мемлекеттер басшыларының
мәлімдемесінде Достықтың тең құқылы құрылтайшылары болуға дайындығы
туралы айтылды.
1991ж. 21 желтоқсанда Алматыда Н.Ә.Назарбаевтың шақыруымен
бұрынғы 11 одақтас республикалардың басшылары келді. Бұл кездесудің
нәтижесінде ТМД құру туралы Келісімі туралы хаттамаға қол қойылды,
мұнда Азербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларус
Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы,
Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікістан Республикасы,
Түркменістан, Өзбекістан Республикасы, Украина тең құқықпен және жоғары
келісуші тараптар ретінде Тәуелсіз мемлекеттер достығын құрайтындығы
көрсетілді. Сонымен, ТМД пайда болды, ТМД құрамына Қазақстан бұл кезде
әлемнің көптеген мемлекеттерімен мойындалған, тәуелсіз мемлекет ретінде
кірді.
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуы бұрынғы партиялық-
кеңестік жүйенің қайта жөнделуіне және елдің қоғамдық-саяси өмірінің
реформаларының кезеңдеп өткізілуіне әкелді. Бір партияның саяси
монополиясы жойылды. 1991ж. 7 қыркүйекте Қазақстанның коммунистік
партиясының кезектен тыс съезі өтті, бұл съезде өзін-өзі тарату туралы
шешім қабылданды.
1991ж. 16 қазанда «Қазақ ССР Президентін сайлау туралы» заң
қабылданды. Сайлау заңы алғашқы рет мемлекет басшысының «жасырын
дауыс беру арқылы жалпы, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде»
сайлануын бекітті. Бұл принциптер көпшіліктің саяси белсенділігін
жоғарлатты, және әр азаматтың құқықтық санасында бейнеленуін тапты. Ел
президентін сайлау туралы заң Конституция қабылдануына, сайлау
механизмнің кейінгі демократияландырылуына әсер етті. Президентті сайлау
заңы бойынша мемлекет басшысына көп құқықтар берілетін: ол республика
аймағында азаматтардың құқықтары мен бостандықтары сақталуының,
Коснтитуция және заңдар кепілі болып табылады; тәуелсіздікті, қауіпсіздікті
және республиканың аймақтық тұтастығын қорғау бойынша қажетті шаралар
қабылдайды; Қазақстанды халықаралық қатынастарда ұсынады.
Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің «Қазақ ССР Президентінің сайлауын
тағайындау туралы» Қаулысына сәйкес президенттікке үміткерлерді тіркеу
1991ж. 10 қарашаға дейін өткізілді, ал сайлау 1991ж. 1 желтоқсанына
белгіленді. Алғашқы жалпы халықтық сайлауда Н.Ә.Назарбаев ел президенті
болып сайланды.
Президенттік басқару түрін таңдау мемлекеттік биліктің күшті және
нығайтылған жүйесінің қажеттілігімен шартталды. Президент мәртебесі
жоғары төреші ретінде, қоғамның саяси және экономикалық салаларының
келісілген қызмет етуін, табысты реформалануын қамтамасыз етті. 1993ж.
Конституция бойынша Президент мемлекет басшысы болып табылады және
атқарушы органдардың тұтас жүйесін басқарады. Мұндай позиция 1995ж.
жаңа Конституциясында күшейтілді. Мұнда Президенттің Конституцияның,
адамның және азаматтың еркіндігінің символы және кепілі болып табылатын,
мемлекеттік биліктің бүкіл тармақтарының келісілген қызмет етуін
қамтамасыз ететін мемлекет басшысы ретінде жаңа мәртебесі бекітілді.
1991ж. 10 желтоқсанда, өзінің қызметке кіріскен күні Президент
Н.Ә.Назарбаев Қазақ Советтік Социалистік Республикасын Қазақстан
Республикасы деп қайта аталуы туралы заңға қол қойды.
1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіз даму жолымен
жүретіндігін растап, мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларацияны негізге
ала отырып «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсізідігі туралы»
Конститциялық заң қабылдады, мұнда президенттік республикаға өту желісі
жойылды.
Заң Конституция түрінде тәуелсіз мемлекеттік дамудың «Мемлекеттік
тәуелсіздік туралы Декларация» негізін салған алғашқы кезеңдерді
рәсімдеді, оларды нақтылап, дамытты.
Елтаңба, ту және әнұран кез келген тәуелсіз мемлекеттің міндетті
атрибуттері
болып
табылады.
1992ж.
4
маусымда
Қазақстан
Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы туралы»,
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы туралы», «Мемлекеттік
әнұранды музакалық редакциялау туралы» заңымен Қазақстанның
мемлекеттік символдары: ту, елтаңба және әнұран бекітілді.
Әнұран – күрделі, музыкалық-поэтикалық шығарма. Әнұранның негізгі
бөлігі Ш.Қалдаяқовпен шығарылған. 2006 жылға дейін халық әні деген атағы
болған әнұран мәтіні елдің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевпен өзгертілді.
Ақын М.Әлімбаев, К.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Ж.Дәрібиевалар және
композитор М.Түлебаев, Е.Брусиловский, Л.Хамидилер шығарған ескі
әнұран өзінің тарихи мәнін жоғалтқан жоқ.
Қазақстанның жаңа елтаңбасын таңдау критерийлері ретінде тарихи
дәстүрлер мен фольклорлық мотивтер алынды. Сәулетші Ш.Уәлиханов және
Ж.Мәлібекованың шығармашылық ізденістерінің нәтижесінде тәуелсіз
Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасы жасалды. Мемлекеттік елтаңба көк
түсте мифтік аттар қанаттарымен жиектелген жан-жағына күн сәулелері
тәрізді уықтар жіберілген шаңырақ бейнесі түрінде ұсынылады. Елтаңбаның
жоғарғы бөлігінде бесжұлдыз, ал төменгі бөлігінде – «Қазақстан» жазуы бар.
Халықтың
мәдени-тарихи
құндылықтары,
дүниетанымы
елтаңбада
бейнеленеді.
Атақты суретші Ш.Ниязбеков мемлекеттік ту авторы болды.
«Мемлекеттік ту, күн сәулелері астында қалықтап тұрған бүркіт, саптың
қасында ұлттық ою бейнеленген көк түсті тікбұрышты желкен түрінде
ұсынылады. Күн сәулелері, бүркіт, ою алтын түспен бейнеленген».
Республикадағы партиялық жүйенің орнығуы және дамуы күрделі
жағдайда өтті. Саяси бірлестіктерге деген сенімсіздік, саяси плюрализмге
дайынсыздық партия сипатына әсер етті.
Дегенмен, айта кететіні, республикада көп партиялы жүйе негіздері 80-
ші жылдар соңында қалыптасқан, бұл кезде әлемдегі және ССРО саяси
оқиғалар Қазақстанда дамып келе жатқан демократиялық принциптер үшін
деген күреске тікелей әсерін тигізді. Ерікті қоғамдық-саяси қозғалыстардың
қалыптасу мүмкіндігі қоғамды табысты демократияландырудың кепілі
болды.
1989ж.
көктемінде
атақты
ақын
және
қоғам
қайраткері
О.Сүлейменовтың
жетекшілігімен
пайда
болған
«Невада-Семей»
антиядролық қозғалысы қоғамдық-саяси бірлестіктер ішінде алғашқылардың
бірі болды. Кейіннен бұл қозғалыс центристік мағыналы партия –
Қазақстанның Халықтық Конгрессі болып түрлендірілді. Қазақстан
халықтарының бірлігі партиясы болып түрлендірілген, бұрынғы Қазақстан
халықтары бірлігінің Одағы (ҚХБО) қоғамдық-саяси қозғалысы да осы
центристтер бағытына жатады.
1990ж. жазда ұйымдастырылған «Азат» азаматтық қозғалысы
республиканың ССРО құрамынан шығуы, нақты тәуелсіздікке қол жеткізу,
Қазақстанның дербес мемлекет ретінде әлемдік бірлестікке енуі, жеке әскер
құру туралы бірқатар әлеуметтік-саяси мәселелерді көтерді. «Азат»,
«Желтоқсан» қоғамдық-саяси қозғалыстар, «Алаш» партиясы қазақтардың
ұлттық бірігу, олардың түркі тілді елдермен жақындасу идеясының
маңыздылығын ерекшеледі. Социалистік партия Қазақстанның коммунистік
партиясының мұрагері болды.
Қоғамдық-саяси өмірдің барлық салаларын кезеңдеп демократияландыру
бір партиялы диктатурадан көп партиялыққа көшу мүмкіндігін берді. Бұл
азаматтардың құқықтары мен еріктерінің қамтамасыз етілуі, тәуелсіз БАҚ
дамуы, азаматтық қоғам құрылымының қалыптасуының салдары болды.
Адамдар санасында әлеуметтік-саяси текшелерді бірте-бірте толтыра
отырып, саяси партиялар республиканың қоғамдық өмірінің нақты
факторларына айналып, Қазақстанда саяси процестердің дамуына белгілі
ықпалын тигізе бастады. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында
пропорционалды
сайлау
жүйесі
қызмет
етуде,
яғни
Қазақстан
Республикасының әр партиясы халық арасында қаншалықты танымал болса,
парламенттен соншалықты орын алады. Бүгінгі күні ең мықты саяси
партиялар: «НұрОтан», «Ақжол», «ҚСДП», «ҚКП» және т.б. болып
табылады, бірақ айта кететіні, партиялық құрылыстағы көптеген оңтайлы
жағдайларға қарамастан, Қазақстан Республикасының партиялық жүйесі әлі
де өзгертілуін талап етеді.
1992ж. 30 қыркүйекте Алматыда бірінші Бүкіл әлемдік қазақтар
Құрылтайы өтті, оған әлемнің 13 елінен қазақ диаспораларының өкілдері
келіп қатысты, ТМД елдерінің георгафиясы кеңінен ұсынылды. Барлығы
форумға 1000 астам адам қатысты. Екі күндік конференцияда республика
тәуелсіздігін нығайту және осыған байланысты қазақтардың тарихи отанына
оралуы туралы мәселелер өзекті болды. Қоныс аударған және шетелде
тұратын қазақ диаспоралары балалырына жоғары және арнайы орта оқу
орындарына түсу үшін квота бөлу туралы қарар қабылданды.
1992ж. 7 мамырда Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның қарулы күштерін құру
туралы жарлыққа қол қойды. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы
1993ж. 28 қарашада ҚР Жоғары Кеңесінің ХІІ шақырылымының тоғызыншы
сессиясында қабылданды. Ол мемлекеттік тәуелсіздік құрылысының негізін
салды. Бірақ, мемлекеттілік сипатына, тіл мәселелеріне, жер жеке меншігіне
және
азаматтық
мәселелеріне
тиісті
Конституцияның
кейбір
тұжырымдамалары пікірталастар туындатты. ҚР жаңа Конституциясы бүкіл
халықтық референдумде 1995ж. 30 тамызда қабылданды. Конституция
бойынша Қазақстан Республикасы:
- адам, оның өмірі мен еркіндігі ең жоғарғы құндылықтары болып
табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлуметтік мемлекет.
Республикадағы мемлекетік билік біртұтас, оның заң шығарушы, атқарушы
және сот тармақтарына бөліну принциптеріне сәйкес Конституция және
заңдар негізінде жүзеге асырылады.
Қоғамда саяси тұрақтылықты және республикада ұлтаралық келісімді
сақтау үшін мемлекет басшысының жарлығымен ұлттық саясат мәселелерін
шешу үшін Қазақстан халқының Ассамблеясы құрылды. Ассамблеяның
мәдени-ағартушылық қызметіне мыналар енеді: ұлттық тілді, дәстүрлерді
қалпына келтіру және насихаттау, қазақ ұлтжандылығын қалыптастыру,
ұлттық бірлікті және келісімді нығайту. Бұдан басқа, бүгінгі күнде
Ассамблея
конституциялық
негізде
Қазақстан
Республикасының
Парламентінде ұсынылған.
Қазақстан тәуелсіздігі әлемнің көптеген мемлекеттерімен мойындалған,
дипломатиялық
қатынастар
орнатылған.
Республикада
шет
ел
дипломатиялық өкілеттіліктері мен миссиялары қызмет етуде. Ел Біріккен
Ұлттар Ұйымының мүшесі (БҰҰ), Еуропадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) кеңесінің, әлемдік және Еуропалық
қайта құру және дамыту банктерінің қатысушысы болды.
БҰҰ ГА 47-ші сессиясының барысында Қазақстан Президенті Азияда
өзара әрекеттестік және сенім шаралары бойынша Кеңес қалыптастыру
ынтасын білдірді. 7 жылдан кейін (1999ж. қыркүйек) Алматыда 15 мемлекет
СВМДА мүшелерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті, бұл кездесу
барысында СВМДА мүше болатын мемлекеттер арасында қатынастарды
реттейтін
принциптер
Декларациясына
қол
қойылды.
Аймақтың
экономикалық тұрақтылығы мен саяси қауіпсіздігін және Қазақстанның,
Орта Азия елдерінің, Ресей Федерациясының және Қытай халық
республикасының тиімді әрекеттестігін қамтамасыз ету үшін Шанхай
ынтымақтастық ұйымы құрылды.
Қазақстанның аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбітшілікті
және тұрақтылықты сақтау жөніндегі міндеттері мен мақсаттары әр түрлі
деңгейдегі мемлекет аралық шарттар мен келісімдер шегінде жүзеге
асырылады. Көп жақты ынтымақтастық арнасында жұмсалып жатқан
ұжымдық күштер қауіпсіздік кепілі болып табылады.
Қазақстанның
мемлекеттік
тәуелсіздігі
жарияланғаннан
кейін
республика Үкіметі мемлекеттің социалистік негіздерін өзгертуге кірісті.
Берілген саясаттың басты аспектілері: ұлттық экономиканың жоспарлау
экономикасынан нарықтық қатынастар экономикасына ауысуы және
экономикалық дағдарыстан шығу. 1992ж. басында бағалар ырықтандырылуы
өткізілді және ақша массасын қысу әрекеті жасалды, бұл гиперинфляцияға
әкеліп соқтырды. Бәсекелес нарықтық бастамалар қалыптастырылуын талап
еткен
жаңа
экономикалық
қатынастар
салдарынан
бағалар
ырықтандырылуын жүзеге асыру қажеттілігі туындады. Бұл кезеңде үкімет
мемлекеттік органдардың қызметтерін шектейтін бірқатар шаралар
қабылдады: өнім мен қызмет көрсету түрлерінің көпшілігі бойынша
мемлекеттік бағаларды реттеу жойылды, мемлекеттің шаруашылық
субъектілер істеріне араласуы қысқартылды. Банк жүйесін және кеден
қызметін құру туралы шешім пісіп жетілді.
1990ж. «ҚазССР банк және банк қызметі туралы» заң банк жүйесін
реформалаудың негізін салды. Бұрынғы ССРО және осыған сәйкес
Қазақстанда бір деңгейлі банк жүйесі болған, оның құрамына мемлекеттік
банк, сыртқы сауда банкі және құрылыс банкі енген. Мемлекеттік банк елдің
бас банкі және ақша-несие саясатын әдістемелік басқарудың орталығы
болған.
1991ж. бастап ССРО екі деңгейлі банк жүйесінің қалыптастырылуы
басталды. Мемлекеттік салалық банктердің қайта құрылуы жүзеге асып
жатты, ССРО мемлекеттік банкінің республикалық бөлімдері тәуелсіз
мемлекеттің орталық банктері қызметтеріне ие болды, осы кезеңде алғашқы
коммерциялық банктер пайда болады. ҚР «ҚР ұлттық банкі туралы» жаңа
заңы 1993ж. сәуір айында қабылданды, бұл заңда Ұлттық банкінің міндеттері
мен қызмет ету принциптері, өкілеттігі мен мәртебесі, оның банк жүйесіндегі
ролі мен орны, ҚР мемлекеттік құрылымдарымен әрекеттестігі белгіленді.
Ұлттық валюта енгізілген уақытқа қарай Қазақстанның банк жүйесі екі
деңгейлі банк жүйесімен ұсынылған. Арнайыландырылған банктер
акционерлік банктер болып түрлендірілді, ал Ұлттық банк орталық банк
қызметін атқарды. Бұл дербес ақша-несие саясатын жүргізу мүмкіндігін
берді.
Кеңес Одағы кезінде Қазақстан экономикасы шиказатқа бағытталған.
Республикадан мұнай, кен, металл, жүн, тері, бидай шығарылды, осының
нәтижесінде Қазақстанда өзінің өндірістік өнеркәсібі болған жоқ, дайын өнім
шығарылған жоқ және ол Ресеймен тығыз байланыста болды. Осы объективті
фактор рубль аймағынан шығуға мүмкіндік бермей отырды.
1993ж. 26 шілдеде Ресей 1961-1992 жж. үлгідегі ақшаны бір жақты
тәртіпте ауыстырып жіберді. Республикада әлеуметтік және қаржы
дағдарысы жетілді. Осыдан кейін қазақстандық рубль тез құнсыздана
бастады, төленбеген еңбекақы бойынша қарыздар өсіп жатты. Қазақстан
үкіметінде жұмыс екі бағытта жүргізіліп жатты: рубль аймағына кіру,
сонымен қатар өз валютамызды қабылдау балама нұсқалары қарастырылды.
Валютаны атау туралы мәселе Жоғары Кеңесте талқылау кезінде шешілді,
бұл жерде Жоғары Кеңестің экономикалық реформа, қаржы және бюджет
жөніндегі Комитет төрағасы С.Тәкежановтың ұлттық валютаны – теңге деп,
оның жүз еселі бөлігін – тиын деп атау туралы ұсынысы қабылданды. Теңге
дизайынын құрамына Г.Сүлейменов, М.Әлін, А.Дүгельхановтар кірген
авторлық ұжым әзірледі. Ақша бетіне қазақ халқының ұлы тарихи
тұлғаларының және сәулет ескерткіштерінің бейнелерін көрсету шешімі
қабылданды. 1993ж. басына қарай Англияда «Харрисон и Сыновья»
фирмасында қазақ валютасын дайындау бойынша жұмыстар басталды.
1993ж. 15 қарашасында Қазақстан тарихында алғашқы рет ұлттық валюта –
теңге енгізілді. 2007 жылы ақша дизайны өзгертіліп және жасанды ақшадан
қорғау тәсілдері күшейтіліп ақша реформасы өткізілді. Сонымен қатар теңге
символы қабылданды.
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясаты тәуелсіздік
алған сәттен бастап, негізінен, өзінің сыртқы экономикалық қызметін бірте-
бірте ырықтандыруға бағытталуымен және жалпы отандық экономиканың
ашықтығымен сипатталады. Өтпелі кезең жағдайында инвестициялық саясат
басым сипатты болды, өйткені бастапқы кезеңде елде қажетті қаржы қорлары
болған жоқ.
Қазақстанның алтын өндіру саласында біртұтас экономикалық, ғылыми-
техникалық және инвестициялық саясатын өткізу ұйымдастырылған
«Қазақалтын» консорциумына жүктелді. Кен өндіру және өңдеу бойынша
жаңа әлеуеттіліктер енгізілді, зергерлік бұйымдар өндіру жөніндегі жаңа, ірі
заводтар құрылысы басталды.
Сонымен, ұлттық валюта – теңге енгізілген сәттен бастап, экономика
саласында айтарлықтай өзгерістер орын алды. Тұрақты банк жүйесі жасалды,
құнды қағаздар нарығы жұмысының механизмі құрылды, төлеу жүйесі, қор
нарығы табысты қызмет етуде, ұлттық банктерде халықтың ақша
салымдарын қорғау механизмі жасалуда, Ұлттық банк және Үкімет
валюталық спекуляцияларға жол бермеу мақсатымен дербес ақшал-несиелік
және валюталық саясат жүргізуде.
Достарыңызбен бөлісу: |