Б.Ғ. НҰҒман а. А. Абдрахманова а. О. Жетписбаев



Pdf көрінісі
бет14/51
Дата01.12.2022
өлшемі1,25 Mb.
#54211
түріУчебное пособие
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51
Байланысты:
Б. . Н ман а. А. Абдрахманова а. О. Жетписбаев

дағдарысқа ұшырау, құлдырау ағынында оның эволюциясының құрылудан
(14-15 ғғ.) ареалы мүшеленді. Нәтижесінде, Нәтижесінде, қазақтардың
тарихын берудің өзі өмірдің барлық ғажабынан айырылған, өгей бала 
сияқты көрінді. Және сондықтан да, жалпы контекстіде номадтардың
өркениетін өзін тарихи процесс масштабында әрекетті мәдениет ретінде 
көрсетуі табысты болмады. Ал Еуразия континентінде өшпес із қалдырған 
(б.э. дейінгі 3-2 мыңжылдықтан б.э. 13 ғ. дейін) халықтар, «жойыл-ған 
халықтар» ретінде ғана түсіндірілді. Сөйтіп, егер номадтық тұтас және
қажетті процесс ретінде тарихи түсінікте пайда болу, даму, көтерілу,
дағдарыс-қа ұшырау және құлдырау кезеңдерін басынан өткізген, бір күні
басталатын және бір күні аяқталатын құбылыс ұстанымынан 
қарастырылмағанын назарға алсақ, тағы бір міндет шығады. 
Сонымен, өте ертеден орта ғасырға дейін «жойылған халықтарды» 
ұйым-дастырудың сол және бір «сұлбасы» «технологияның» белгілі типі
бойынша дамыды. Атап айтқанда, технологияның онда егіншілік пен қала 
өмірінің динамикасында мал шаруашылығы (оның әр түрлерінде) «түйінді» 
және «жетекші» шаруашылық болып табылған типімен дамыды. Орталық 


Азияның ежелгі және орта ғасырлық тарихында оның табиғи-климаттық
жағдайлары маңызды роль атқарды. Географиялық жағдайлардың өзінділігі 
аймақ тұрғын-дарының өмірінде шаруашылық қызметінің екі негізгі типі - 
мал шаруашы-лығының (көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы) және 
егіншіліктің (жасанды суарудың әр түрлеріне негізделген, ирригациялық)
үйлесімін ежелде анықтады. Соңғы онжылдықтың зерттеулері Еуразия 
туралы онда ежелгі өркениеттер қалыптасқан, маңызды аймақтардың бірі 
ретінде атуға мүмкіндік береді. Мысалы, археологиялық деректер біздің 
эрамызға дейін шамамен 3-2 мыңжыл-дықтардың өзінде-ақ едәуір 
қоныстанулар 
(қалаға 
дейінгі 
мәдениеттер) 
құрыл-ғаны 
туралы 
куәландырады. Б.э. дейінгі 1 мыңжылдықтың басында - б.э. дейінгі 2 
мыңжылдықтың ортасында шаруашылық құрылымдарының дамуы нәтиже-
сінде ирригациялық егіншілік едәуір жетілді, қала орталықтары пайда 
болды, аймақ өмірінде оның алуан түрлерінде мал шаруашылығы үнемі 
үлкен роль атқарды. Номадтықтың дамуы көбінесе саяси үстемшілдік немесе 
«алым» түрінде көршілес елдермен байланыстың бар болғанын болжады. 
Вебер былай деп жазады: «Қытайға, Үндістанға және Батыс елдеріне қол 
жеткізген, Орталық Азияның көшпелі халықтарының басып кіруі олардан 
ежелгі ұлы мәдениеттер жылқыны пайдалануды алды». Карл Ясперс былай 
деді: «Жылқы-ны пайдалану... адамның үйреншікті топырақтан қол үзуіне 
әкелді, оған қиыр шеттер мен қозғалыс бостандығы ашылды». Каутскийдің 
ескертулері де қызықты: «Егер біз шаруалар мен номадтардың
психологиясындағы үлкен айырмашылықты назарға алсақ, онда бізде 
шаруалар мен номадтар тұлғасында екі фактор болады, олардың белгілі 
даму сатысында өзара әрекеттесулері номадтардың шаруаларды өздеріне 
бағындыруына және оларды өздерінің алымшылары етуіне әкеліп соғу керек. 
Көшпелі тайпалар көптеген қауымдар мен шаруалар облыстарын бір тұтасқа 
қосты, осы қоғамның басында тұрды, оны пайдалана бастады. Бірінші 
мемлекеттер осылай құрылды». Бұдан басқа, экономикалық және саяси 
дамуда сауда, әсіресе осы аймақты Азия және Еуропа елдерімен 
байланыстырған, «Ұлы Жібек жолы» сияқты белгілі, халықаралық сауда 
елеулі роль атқарды.
Халықтарды құру процесі күрделі, динамикалы болды. Орталық 
Азияның тарихында прогрессивті роль атқарған халықтардың шығу тегімен, 
тілімен және этникалық тиесілігімен байланысты мәселелерде бірыңғай пікір 
жоқ. Автор О. Сүлейменовтің түркі тілдес нұсқау туралы ұстанымын 
қолдаса да, соған қарамастан, көне дәуірде пайда болған халықтар және т.б.
өзінің ортақ тілмен, ортақ мәдениетпен бірлігін сезінді. Бұл ақырында, 
мемлекеттік инсти-туттардың қалыптасуына әкелді, онда өзіндік діни 
синкретизм рухани күйі болып табылды, оның шеңберінде әр түрлі құдайлар 
мен ғұрыптар (жалпы мифология, зороастризм немесе тәңіршілдік
христиандық және ислам) жанас-ты. Осы (шаруашылық-саяси) қатынастар 
қоғамдық өмірде рулық-тайпалық сипатта базаланған, әлеуметтік және 
биліктік құрылымдардың өте тұрақты институтын тудырды. Барлық 
жағдайға қатысты өзара қатынаста реттеу құра-лына параллель келесі күш - 


әскери ұйым (әскери индустрия) және оның соғыс жүргізу өнері дамыды. 
Қорытындысында 
кеңістіктік-территориялық 
организм 
немесе 
географиялық орта белгілі шаруашылық-саяси укладтың төселуіне мүмкіндік 
туғызды деп белгілеуге болады: әскери-билік құрылымының эволю-циясы 
әлем құрушы (мироустроитель) импульсінің проекциясын құрады, оның
айқындалуы еуразиялық континенттің алып территориясын бірыңғай 
конструкцияға бірігуін сезіну болып табылады. Ерекше өркениеттік еріктің 
айқындалуы ретінде – көшпелі империялар осылай құрылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет