БҮгінде туған жаңАҚОРҒанының сай сала, жыңҒыл-жықпытына дейін жатқА



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата30.03.2017
өлшемі11,32 Mb.
#10594
1   2   3   4

Орынбай АБЖӘЛЕЛОВ.

ОТБАСЫ БЕРЕКЕСІ – 



ЕЛДІҢ МЕРЕКЕСІ

–  Ең  бірінші,  баршаңызды  ел  Тәуелсіздігінің  25  жылдық 

мерейлі  мерекесімен  құттықтаймын.  Атадан  аманат  болған  бұл 

тәуелсіздіктің  жүгі  де,  жауапкершілігі  де  салмақты.  Кеңестік 

езеңде, сапасы сын көтермейтін, күмбезі жоқ, мұнарасыз мұңайған 

мешіттер болды. Шүкір, бүгінде Ислам дінінің көкжиегі кеңейді. 

Соның бір айғағы – еліміздің түпкір-түпкірінде Әз Пайғамбардың 

мәулітін атап өтіп, Аллаға мадақ, Пайғамбарымызға (с.а.с) сала-

уаттар айтылуда. Расында, Мәуліт айының Ислам дініндегі орны 

айрықша. Жалпы, мұны атап өтудегі басты мақсат – Мұхаммед 

Пайғамбардың (с.а.с) ғибратты ғұмырбаянын насихаттау, – деді 

бас имам. 

Иә,  Мәуліт  мерекесін  атап  өту,  жыл  сайынғы  қалыптасқан 

дәстүрге  айналып  келеді.  Үмметке  үлгі  болған  Алла  Елшісінің 

(с.а.с)  ғибратты  ғұмыры  жайлы  исламтанушы  Мейрамбек 

Баймұратов пен дінтанушы Шоқан Айдаров жүрек тебірентерлік 

насихатын  өрбітті.  Өз  кезегінде  қалалық  «Сұлтан»  мешітінің 

ұстазы  Мұқан  қари  Абжалелов  «Мәуліт-шариф»  оқып,  салау-

аттар  жолдады.  Одан  әрі  ауылдың  өнерлі  шәкірттер  тағлымды 

көрініс  сахналап,  Пайғамбарға  арнау  оқып,  иләһи  жырла-

рын  әуендетіп,  көпшіліктің  ықыласына  бөлінді.  Рухани  шараны 

түйіндеген ауыл әкімі Мақсат ауыл имамы Рахманберді Мадали-

ев,  ауыл  тумасы,  дін  жанашыры  Тұрсынхан  қажы  Искендиров 

ақжарма  лебізін  жеткізіп,  жиылғандарды  қос  бірдей  мерекенің 

қатар  келуімен  құттықтады.  Әрі  осындай  сауапты  шараны 

ұйымдастыруға ұйытқы болған және көпшілікке дастархан жай-

ып,  батасын  алуды  мақсат  еткен  ауылдың  1967  жылы  туылған 

түлектеріне  алғысын  жеткізді.  Олардың  қатарында  Роза  Ибра-

гимова, Әбдіхалық  Айдарбеков,  Еркінбай  Бакиров, Асанхан  Ис-

кендиров сынды арда азаматтар бар. Сондай-ақ, Мәуліт кешіне 

айрықша атсалысқан Асылжан Таласұлына ризашылық білдірді. 

Дәл  осындай  Мәуліт  кеші  Қосүйеңкі  және  Жайылма  ау-

ылында  да  аталып  өтілді.  Әрине,  бұл  мереке  хақ  Елшісіне  де-

ген  айрықша  сүйіспеншіліктен  туындағаны  айқын.  Яғни, 

Пайғамбарды  жақыннан  танып,  өнегелі  өмірін  өскелең  өренге 

үлгі  ету.  Қосүйеңкі  ауылы  имамы  Нұрлан  Нысанбаев  рухани 

шараның өтуіне ықпал етсе, жиылғандарға ауылдың 1977-1978 

жылғы  азаматтары  дастархан  жайып,  бабалар  рухына  Құран 

бағыштады.  Ауыл  әкімі  Жанай  Жанспейсов  қолдау  көрсетті. 

Мұндағы Мәуліттің басты ерекшелігі – рухани бағдарламаны Ал-

маты қаласынан келген ауылдың тумасы Азамат бастаған бір топ 

жастардың жүргізуімен өрбіді. Оған қоса, қосүйеңкілік шәкірттер 

арасында Құран-кәрімді жатқа оқудан жарыс ұйымдастырылып, 

қырағаты  тартымды,  әуезді  үнімен  ерекшеленген  озаттары  ар-

найы  «Алғыс  хатпен»  марапатталып,  естелік  сый-сияпат  табы-

сталды. 


Соңыра, адамзаттың ардақтысы, екі дүниенің сардары болған 

Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.с) Мәуліт кеші Жайылма ауылын-

да да ұйымтастырылды. Ауыл имамы Сәбит Әшірбаевтың ұйытқы 

болуымен өткен рухани шара жайылмалық тұрғындардың көпке 

дейін  еске  алып  жүретін  басқосудың  біріне  айналды.  Мұндада 

салауаттар айтылып, Тәуелсіз елдің тұтастығы үшін дұға тіленді. 

Әрі  тәрбиелік  тәлімі  мол  өлең-жыр  мен  терме  орындалып, 

сахналық қойылымдарға ұласты. 

Сондай-ақ, сауапты шараны өткізуден қыркеңселік жамағатта 

қалыс қалмады. Ауылдық клуб үйінде өткен Мәуліт кешінде мешіт 

шәкірттері иләһи өлең айтып, тағлымды сахналық көрініс қойды. 

Қалалық  «Сұлтан»  мешітінің  бас  имамы  Нұрлан  Әбжанов  пен 

ұстаз Мұқан қари салауат оқыды. Ал, облыстық дін мәселелерін 

зерттеу орталығының дінтанушы маманы Бақтияр Оспанов салт-

дәстүрмен  асыл  дініміз  Исламды  байланыстыра  отырып,  әсерлі 

насихат өрбітті. 

Иә,  түйіндей  айтқанда,  ынтымағы  жарасқан  төрт  ау-

ылда  да  Мәуліт  кеші  жоғары  деңгейде  ұйымдастырылды. 

Әрине,  барлығының  да  діттегені  –  Алланың  разылығын  алу, 

Пайғамбардың (с.а.с) шапағатына бөлену еді. Әманда Жаратқан 

бірлігімізді бекем етіп, ел бірлігі мен дін бірлігіне сызат түсірмесін. 

***

«Тәрбиесіз  берілген  білім  –  қауіпті»  деген  данышпан 

тұжырымының  тереңіне  ой  жіберсек,  адамзатты  тура  жолға 

бас тайтын  жарық  нұр,  шамшырақ  –  ол  Хақ  тағаланы  та-

нып,  Оның  нұсқаған  бағыт-бағдарымен  жүрудің  абзалдығын 

меңзеп тұрғандай. Осы бағытта адам баласын адастырмай тура 

жолға  салатын  бүкіл  жаратылысқа  үлгі  етіп  жіберілген  ұлы 

ұстаз  Пайғамбарымыз  (с.а.у)  Мұхаммедтің  өмір  жолынан,  үлгі-

өнегесінен ғибрат алудың мән-мағынасы зор. Осы бағытта білім 

беру ошақтарында да ізгілікті шаралар көптеп ұйымдастырылуда. 

Соның  бірі  –  Пайғамбарымыздың  (с.а.у)  туған  күні  –  Мәулідті 

атап өту.

Аудан орталығындағы №51 орта мектебі 9 сыныптар арасында 

дінтану пәні оқытушысы Айгүл Үсейінованың ұйымдастыруымен 

өткен  тәрбие  сағатында  шәкірттер  Пайғамбарымыздың  (с.а.у) 

өмірдерегін көңіл елегінен өткізді. «Қиямет күні маған ең жақыны 

–  ең  көп  салауат  оқыған»  делінген  хадисте.  Тәлім  сағатына 

арнайы  дайындықпен  келген  6  сынып  оқушылары  Жүніс, 

Ғарифолла, Сүндет, Сұлтанбек сынды оқушылар салауат оқыса, 

9 сыныптықтар әлемге рақым етіп жіберілген ұлы тұлғаның жо-

лымен жүруді насихаттайтын қойылымдарды сахналады. 

Одан әрі жалынды жыр жолдарын, хадистерді жатқа айтқан 

шәкірттер  –  Бексұлтан  Мағжан,  Мұратбек  Әмина,  Әбибулла 

Нұрсаттың  өнері  көп  көңілін  толқытты.  Ауданның  бас  има-

мы  С.Омаров  бастаған  кеш  қонақтары  жас  өскіндерге  өнеге 

өрімдерінен  өрелі  ой  тербеді.  Мектеп  директорының  тәрбие 

ісі  жөніндегі  орынбасары  Ерман  Ахметов  сөз  алып,  тақырып 

құндылығына терең баға беріп, атсалысқан барлық азаматтарға 

өз атынан риясыз алғысын жеткізді.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ,

Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ.

ТАҒЛЫМДЫ БАСҚОСУДЫҢ 



ТӘУЕЛСІЗДІКПЕН 

БІРГЕ, ДІН, 

ДІЛ, ҰЛТТЫҚ 

ҚҰНДЫЛЫҚТАР 

ХАЛЫҚПЕН ҚАЙТА 

ҚАУЫШТЫ. ӨТКЕНГЕ 

КӨЗ ЖҮГІРТСЕК, 

СҮРЛЕУІ МОЛ 

СОҚПАҚТАН, ҚАУІП-

ҚАТЕРІ КӨП КӨПІРДЕН 

ДЕ ӨТІППІЗ. АЗАН 

– АҚЫРЫН, ЖАНАЗА – 

ЖАСЫРЫН ОҚЫЛҒАН 

КЕЗЕҢ ТАРИХ 

ҚОЙНАУЫНДА ҚАЛДЫ. 

ӨШКЕН ЖАНЫП, 

ҰМЫТҚАН ЖАДЫМЫЗ-

ДА ЖАҢҒЫРДЫ. БАБА-

ЛАР АҢСАҒАН АРМАН 

ОСЫ – ЕЛ ЕГЕМЕНДІГІ 

ЕДІ. ХОШ. ОСЫ ТҰСТА, 

ТҰҒЫРЛЫ МЕРЕКЕМІЗ 

ТӘУЕЛСІЗДІК 

КҮНІМЕН ТҰСПА-ТҰС 

КЕЛГЕН ЕКІ ДҮНИЕНІҢ 

САРДАРЫ МҰХАММЕД 

ПАЙҒАМБАРДЫҢ 

(С.А.С) ТУЫЛҒАН 

АЙЫНА ОРАЙ ЖЕР-

ЖЕРДЕ МӘУЛІТ КЕШІ 

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА. 

СОНДАЙ САУАП-

ТЫ ШАРАНЫҢ БІРІ 

БІРЛІГІ БЕКЕМ 

СҮТТІҚҰДЫҚ АУЫЛЫ-

НАН БАСТАУ АЛДЫ. 

ҚАСИЕТТІ ҚҰРАНМЕН 

БАСТАЛҒАН 

БАСҚОСУДЫҢ АЛҒЫ 

СӨЗІ АУДАННЫҢ БАС 

ИМАМЫ САЙДУЛЛА 

ОМАРОВҚА БЕРІЛДІ.

ТӘЛІМІ ТЕРЕҢ

ТӘЛІМІ ТЕРЕҢ

ЭЛЕКТРОНДЫҚ 

ҮКІМЕТТІҢ ДАМУ 

ӘЛЕУЕТІ

немесе  интернетті өз игілігімізге 

қаншалықты икемдеудеміз?

Біз бүгін ғаламтордың ғаламат мүмкіндігін 

сөз  етпекпіз.  Шалғай  ауылда  отырып,  ау-

дан  орталығынан  қандай  құжаттарды 

алуға  болатынын  қарастырдық.  Яғни, 

«Электрондық үкімет» порталының пайдасы 

мен қолжетімді қызметін тарқата айтпақпыз. 

Биыл  е.gov.kz  сайтының  халыққа  электрон-

ды  түрде  қызмет  көрсете  бастағанына  10 

жыл. Алайда осы он жыл ішінде интернетті 

қаншалықты  игілігімізге  икемдедік?  Пайда-

лы  порталға  5  миллионнан  астам  пайдала-

нушы  тіркелген.  Жалпы,  күн  санап  портал 

пайдаланушыларының саны артуда. Онлайн 

қызмет  түрлері  арқылы  тұрғындар  уақыты 

мен  қаражатын  үнемдейді.  Орталықтың  о 

бастағы  мақсаты  да  мемлекеттік  қызмет 

түрін оңтайландыру еді. Бұқара халыққа са-

палы қызмет көрсетіп, көп қағазды азайтып, 

құжаттарды электрондық форматқа көшіріп, 

ашықтықты  қалыптастыру.  Қазірге  дейін 

10  млн.  электрондық  цифрлық  қолтаңба 

(ЭЦҚ)  берілген.  Оның  4  млн-нан  астамы 

жеке  куәліктің  чиптеріне  жазылған.  Осы 

қолтаңба  арқылы  қажетті  құжаттарыңызға 

қол жеткізе аласыз. Тақырыптың әлқиссасын 

порталға кіру үшін ЭЦҚ-ны қалай алуға бо-

латынынан  бастасақ.  Бұл  сұрақтың  жа-

уабын  «Азаматтарға  арналған  үкімет» 

мемлекеттік  корпорациясы»  коммерциялық 

емес  акционерлік  қоғамының  Қызылорда 

облысы  бойынша  филиалы  –  «Халыққа 

қызмет  көрсету  орталығы»  департаментінің 

Жаңақорған  аудандық  бөлім  басшысының 

орынбасары  Қуаныш  Мауленовтен  білдік. 

Бөлім басшысы орынбасарының  айтуынша, 

ЭЦҚ-ны екі жолмен алуға болады. Біріншісі – 

ЭЦҚ-ны жаңа үлгідегі жеке куәліктің чипіне 

жазу  арқылы.  Бұл  үшін  Халыққа  қызмет 

көрсету  орталығына  барып,  жеке  куәлікті 

көрсету  керек.  Жеке  куәлікке  жазылған 

қолтаңбамен тек арнаулы карт-ридер болған 

кезде ғана жұмыс жасауға болады екен. Ал, 

екінші  жолы  –  ЭЦҚ  алуға  онлайн-өтінімді 

беріп,  оны  компьютерде  сақтау  арқылы. 

Мұнда  да  берілген  өтінімді  растау  үшін 

ХҚКО-ға  бару  қажет.  Осыдан  кейін  ғана 

сізге кеңжолақты ғаламтор арқылы үйіңізде 

отырып  е.gov.kz  сайтынан  электрондық 

қызметтер  мен  төлемдер  жасауыңызға 

мүмкіндік  ашылады.  Айта  кету  керек,  пай-

далы порталда 240 түрлі қызмет пен сервис 

қолжетімді. 

ҚЫЗМЕТТІҢ ҚАЙ ТҮРІНЕ 

СҰРАНЫС КӨП?

Электронды  үкімет  порталы  арқылы  ең 

жиі  көрсетілетін  қызметтің  түрі  –  мекен-

жай  анықтамасын  беру.  Қазақстан  бойын-

ша  берілген  анықтама  саны  70  млн.  астам. 

Сұраныстағы  екінші  құжат  –  жылжымай-

тын  мүлікке  тіркелген  құқықтар  туралы 

анықтама – шамамен 20 млн. Мұнан кейінгі 

орында  –  зейнетақы  шотының  үзіндісі  мен 

соттылықтың  болмауы  туралы  анықтама. 

Бұл  Қазақстан  бойынша  айтылған  дерек. 

Енді Жаңақорғанға келсек. «Халыққа қызмет 

көрсету орталығының» аудандық бөліміндегі 

«Өзіне-өзі 

қызмет 

көрсету 


секторы» 

арқылы  3  жұмыс  орнында  есепті  мерзімде 

барлығы 1285 азаматқа кеңес беріліп, 24168 

электрондық  қызметі  көрсетілген.  Ал,  ел 

бойынша электрондық үкіметтің төлем шлюзі 

арқылы шілде айына дейін 21 млрд. теңгенің 

төлемдер  сомасы  төленген.  Ал,  аудан  бой-

ынша Электронды үкімет шлюзі арқылы баж 

алымдарына 199 төлем жасалып, 7040 кеңес 

беріліп,  581250 теңге, салық төлемдері бой-

ынша 7317 кеңес, 58 төлем жасалып 414296 

теңге төленген. Айыппұлдарды төлеу бойын-

ша  9071  кеңес  195  төлем  арқылы  1958002 

теңге,  барлығы  23428  кеңес  беріліп, 

2953648  теңгеге  төлем  жүргізілген.  Жал-

пы, е.gov.kz төлем сервисі арқылы салықты, 

айыппұлдарды,  коммуналдық  қызметтерді, 

байланыс қызметтерін т.б. төлеуге болады.



МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАНЫҢ 

МҮМКІНДІГІ

Бүгінде  кез  келген  тұрғын  қолында 

қолжетімді  интернеті  бар  ұялы  телефон 

ұстайды. Әсіресе, жастар қауымы ертелі-кеш 

әлеуметтік  желіде  отырса  да,  интернеттің 

мүмкіндігіне  маңыз  бермеуде.  Мақаланы 

жазу барысында 20-дан астам жастың теле-

фонын  тіміскіледім.  Егов-тың  қосымшасын 

таппадым. Есесіне желінің сан түрін көрдім. 

Жарайт,  тақырыпқа  ойыссақ.  Егер  үйіңізде 

ғаламтор желісі болмаса, онда еgov мобильдік 

қосымшасын  пайдаланыңыз.  Мұнда  80-

нен  астам  қызмет  пен  сервис  қолжетімді. 

Олардың  ішінде,  электронды  түрде  неке 

тіркеуге  өтініш  беру,  медициналық  мекеме-

ге  тіркелу,  дәрігердің  қабылдауына  жазылу 

және борышкерлер реестрі арқылы шетелге 

шығуға тыйымның бар-жоғын тексеруге бо-

лады. Сондай-ақ мобильдік құрылғы арқылы 

мекен-жай  анықтамасы,  балабақшаға  ке-

зек  нөмерін  тексеру  сынды  қызмет  көрсету 

көрсеткіші  жоғары  екен.  Иә,  қарапайым 

ғана,  ұялы  телефоныңыздағы  «Плей  мар-

кет» электронды дүкенінен «еgov» мобильді 

қосымшасын жүктеп алсаңыз жеткілікті. Ары 

қарай, өзіңізге қажетті құжаттарға мобильді 

түрде өтінім бере аласыз. 

ҚОЛЖЕТІМДІ ҚҰЖАТТАР

Егер 


сіздің 

электронды 

цифрлық 

қолтаңбаңыз  болса,  порталдан  қандай 

қызметтерге  онлайн  түрде  өтінім  бере 

аласыз?  Бәрін  болмаса  да,  бірқатарын 

атап  өтсек:  Баланың  тууын  тіркеуге 

электрондық 

өтінішті 

беру, 


Бала-

ны  балабақшаға  кезекке  қою,  Туу  ту-

ралы  анықтама  алу,  Бала  туғанда 

берілетін  және  бала  күтімі  жөніндегі 

жәрдемақыларды  тағайындау,  Мекен-

жай анықтамасын алу. Тізбектей берсең, 

тізбектеле береді. Жалпы, саны электрон-

ды  порталда 240 түрлі қызмет пен сервис 

қолжетімді. 

– Өзім е.gov.kz сайтының тұрақты пай-

даланушысымын. Үкімет тарапынан осын-

дай  мол  мүмкіндіктер  қарастырылғаны 

уақыт  жағынан  ұтымды.  Үйде  отырып, 

қажетті  құжаттарыма  қол  жеткіземін. 

Сондай-ақ  коммуналдық  қызмет  түрлері 

мен  төлемдерді  электронды  түрде 

төлеймін.  Яғни,  кезекке  тұрып,  кабинет 

жағалайтын заман артта қалуда, – дейді 

кент тұрғыны Ерлан Абдрасилов. 

Иә,  түйіндей  айтқанда,  мемлекет 

жасап  отырған  мүмкіндікті  барынша 

игілікке  пайдалану,  заман  талабы.  Қазір 

барлық  сала  электрондық  форматқа  са-

тылап  көшіп  жатыр.  Әкімдік  те,    емха-

на  да  —  бәрі  де.  Компьютерді  пайдала-

ну  сауатыңыз  болса,  әлемнің  кез  кел-

ген  нүктесінде  отырып,  интернеттегі 

электрондық  үкімет  порталына  кіріп, 

мемлекеттік  қызметті  пайдалануыңызға 

болады. Олай болса, іске сәт! Кезек күтіп, 

уақыт жоғалтқанша, пайдалы порталдың 

қолданушысы атаныңыз.  

(Жалғасы. Басы 1-бетте)

Мен  әлеуметтік  көмек  көрсететін  Есіркеп 

Әлішер  Еркінұлының  жанары  жігерге,  жаны 

жақсылыққа  толы.  Аяқ-қолы  сал  болып,  туа 

бітті  мүгедектікке  шалдыққан  балдырғанның 

денесін  дерт  дендесе  де,  оның  өмірге  деген 

ұмтылысын жылы жүзінен аңғаруға болатын-

дай. Байкенже ауылында 2013 жылы дүниеге 

есік  ашқан  шаранаға  туа  бітті  ДЦП  диагнозы 

қойылған.  Баланың  ай  сайынғы  ем-домына 

қомақты қаражат керек болғандықтан, анасы 

Айгеріммен бірге «Байкен-U» ЖШС бас дирек-

торы Бауыржан Бердалиевке кіріп, азаматтық 

абзал  көмек  көрсетуін  өтінген  едік.  Рухани 

дүниесі  қайырымдылық  десе  қалыс  қалмас 

елжанды  тұлға  бұл  өтінішті  кері  қайтармай, 

3  желтоқсан  «Халықаралық  мүгедектер 

күнінде» Әлішердің есепшотына 292 мың 368 

теңге қаражат аударды. Перзентінің емі үшін 

талай  есіктерді  қағып,  көмек  сұраған  анасы 

мен отбасы үшін бұл үлкен қуаныш болды. 

«Үміт  –  өлмейді»  деген  дана  қазақ.  Ша-

расыз  шарананың  кеудесіндегі  үміт  сәулесін 

жағуға себепкер болған ардақ тұтар азаматтың 

мейірімділікке  толы  игі  ісіне  риясыз  разылық 

білдіріп, алғаусыз алғыс айтамыз. Қайырымды 

істің қайырына бөленіп, жомарт жаныңыз ша-

рапатты қадамдардың бастаушысы бола бер-

гей!

Айсұлу ҚАЛДЫБАЕВА,

Әлеуметтік қызметкер.



РИЗАШЫЛЫҚ

АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН 



АЗАМАТ!

24 желтоқсан, 2016 жыл

3

Әдебиет

Әдебиет

беті


ХАБАРЛАНДЫРУ

«Жаңақорған  ауданы  әкімінің  аппара-

ты»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі 

2016  жылғы    20  желтоқсан  күні  Қазақстан 

Республикасының Мемлекеттік қызмет істері 

министрлігінің «kuzmet.gov.kz» және аудан 

әкімдігінің  «zhanakorgan.gov.kz»  интернет-

ресурстарына  бос  әкімшілік  лауазымдарға 

жалпы конкурс мәтінін жариялады.

Жалпы 


конкурстың 

құжаттарын 

қабылдау kuzmet.gov.kz және zhanakorgan.

gov.kz 


интернет-ресурстарына 

соңғы 


жарияланған    күнінен  бастап  жеті  жұмыс 

күні ішінде жүргізілетінін хабарлайды.

Конкурс  комиссиясының  отырысына 

байқаушылар  ретінде  Қазақстан  Республи-

касы Парламентінің және барлық деңгейдегі 

маслихат  депутаттарының,  Қазақстан  Ре-

спубликасы  заңнамасында  белгіленген 

тәртіпте 

аккредиттелген 

бұқаралық 

ақпарат  құралдарының,  басқа  мемлекеттік 

органдардың,  қоғамдық  бірлестіктердің 

(үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық 

ұйымдардың  және  саяси  партиялардың 

өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері 

қатыса алады.

Ескерту:  kuzmet.gov.kz    сайтын  ашу 

реттілігі: «Басты бет», «бос лауазымға кон-

курстар», «өңірлік деңгейдегі бос лауазым-

дар»,  «Қызылорда  облысы»,  «Жалпы  кон-

курс» 

Аудан әкімі аппаратының бірыңғай 

конкурстық комиссиясы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық эконо-

мика  министрлігі  Табиғи-монополияларды 

реттеу 


және 

бәсекелестікті 

қорғау 

комитетінің  Қызылорда  облысы  бой-



ынша  Департаментінің  2016  жылдың 

22  қарашадағы  №155-НҚ  бұйрығына 

сәйкес  «Қазсушар»  РМК-ң  «Арал»  СЖКБД 

филиалының ҚКС сомасын қосқанда 580,71 

теңге екенін хабарлаймыз.

Магистральды  құбырлар  және  тарату-

шы желілер арқылы беру қызметі тарифтің 

шекті  деңгейі  2017  жылдың  01  ақпанынан 

бастап  қолданысқа  енгізілетінін  хабар-

лайды.  Суды  магистральды  құбыр  жолда-

ры  және  таратушы  желілер  арқылы  беру 

қызметі 580,71 теңге ҚКС-ғымен.

ҚОҒАМДАСТЫҚ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Сүттіқұдық ауылдық клуб үйінде 21 желтоқсан 

2016 жылы сағат 10.00-де қоғамдастық жиналы-

сы өтті. Жиында №52 Б.Аралбаев мектебі жаны-

нан түскен атауы жоқ көшеге ауыл тұрғыны болған 

Шуақбай Торғаевтың есімін беру жөнінде айтыл-

ды. Ауыл тұрғындары атынан қарсы пікір болған 

жоқ. Барлығы бір ауыздан келісімін беріп, облыстық 

ономастикалық бөлімге жолданды.

М.АБДУЛЛАЕВ, 

Сүттіқұдық ауылдық округі әкімі.

МҰРАГЕРЛІК КУӘЛІК

Қазақстан Республикасының «Нотари-

ат» туралы заңының 60-бабы негізінде қайтыс 

болған Абдираемова Асма Муслимовнаның, 



Муханов Абдусамат Ихтияровичтің атындағы 

қалған мұралық мүлікке мұраның ашылғандығы ту-

ралы өтініш түсуіне байланысты, мұрагерлері бо-

лып танылатын туыстары мұрагерлік куәлік алу 

үшін Жаңақорған ауданының нотариусы Әлайдар 

Әбушахма Өсербайұлына өтініш беруіне болады. 

Жаңақорған кенті, Аманкелді көшесі №134.

Сол бір сәттерді шерткенде тарих парағы,

Еріксіз көзден мөлдір жас құлап ағады.

Бейбіт күн асты кең еді, қайран боздақтар,

Жаншылып өмір, қарсы алды қапас қараңғы.

 

Көз жасым көл боп, жүрегім жылап сыздады,



 

Өңменнен өтіп, қариды қыстың ызғары.

 

Тепкі астында, көзінде жасы тоқтамай,



 

Шаштан сүйреліп барады қазақ қыздары.

Ақ қар қызыл боп, қисапсыз адал қан ақты,

Ұстады бәрі ұран жазылған парақты.

Ал қанішерлер адам екенін ұмытып,

Қазақ баласын тірідей итке талатты.

 

Тауға тасылып, зорлықпен қарға көмілді,



 

Зорлықшыл надан жақындатқандай көріңді.

 

Қақаған қыста шашылған суық суға да,



 

Қазақ шомылып, ерте қарсы алды өлімді.

Содан бері 25 жыл өтіпті,

Ызғары емес, жеңісі бізге жетіпті.

Желменен бірге желбірей түсіп жалауы,

Туған халқымның көгінде мәңгі бекіпті.



Аделя ЖАНӘДІЛОВА.

Қуандық азаттықтың жеткен күні,

Жойылды ғой орыстың өктемдігі.

Егемендік туын тіктеп көтергелі,

Өтті міне бір ғасырдың төрттен бірі.

 

Өктемді саясаты жетті айлалы,



 

Санадық сан халықтың шеткі аймағы.

 

Ал бүгін жиырма бес жыл желбіреп тұр,



 

Аспанымда қазақтың көк байрағы.

Тәуелсіздік туым көкте желбірейді,

Азат күн қазағыма келді дейді.

Әлемге танытқан елді Елбасымыз,

Мәңгілік ел боламыз енді дейді.

 

Астанам тұр асқақтап жарқыраған,



 

«ЭКСПО»-ға қалды міне жарты қадам.

 

Салды қала қазақтың Нұрсұлтаны,



 

Адамзаттан асып туған артық адам.

Сөз сөйлейміз атомды жойып тұрып,

Ән айтамыз кеудеге қол қойып тұрып.

Әлемдегі отыз елдің қатарынан,

Орнымызды аламыз ойып тұрып.

 

Жеңіске жетіп қазақ асқаралы,



 

Бұзылды бодандықтың тас қамалы.

 

Жиырма бес жыл болыпты өзімнің де,



 

Болашақты білімге бастағалы.

Бұлт басып аспанымды тұрмаса екен,

Бар қазақ бейбіт күнді жырласа екен.

Тәуелсіз елдің мен де бір қазағы,

Еңбегім егеменмен құрдас екен.



А.СҮЛЕЙМЕНОВ.

Боламын деп тұғырлы ел тамырлы,

Бесігін түзеп бой көтерген қазақпыз.

Ұлт санамыз дәстүрменен танылды,

Бүгін, міне, тәуелсізбіз, азатпыз.

 

Тәуелсізбіз осы күні азатпыз.



 

Ұлы-ата, қызы-ана сыйлаған,

 

Қасиетіміз жоғалмаған қазақпыз.



 

Атақ емес ар-намысты ойлаған,

Ойы ұшқыр өр жүйрікті озатпыз.

Тарихы бар өшпес іздей ғұмырлы,

Ел сақтаған қайсар мінез қазақпыз.

Берік елміз шаңырағымыз тұғырлы,

 

Бауыры бүтін отбасымыз ғажаппыз.



 

Жеті атаның қасиетті қадірін,

 

Жаттап өскен шежірелі қазақпыз.



 

Ұлтымыздың бастан кешкен тағдырын,

Естен мүлдем шығармайтын болатпыз,

Сан саясат шарпысса да алмасып.

Сабырлықтың суын сепкен қазақпыз,

Желтоқсанның жағасына жармасып.

 

Тәуелсіздік туын тіккен қазақпыз.



 

Салт-дәстүрді санамызға сыйдырып,

 

Ертеңін де ұмытпайтын қазақпыз.



 

Имандылық дінімізді идіріп,

Жұртымызға ұлықтайтын қазақпыз.

Оқуменен зер білімнің құдығын,

Ине арқылы қазып жүрген қазақпыз.

Бүгіп қалмай бұл өмірдің шындығын,

Таңбалатып жазып жүрген қазақпыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет