БҮгінде туған жаңАҚОРҒанының сай сала, жыңҒыл-жықпытына дейін жатқА



жүктеу 333.65 Kb.
Pdf просмотр
бет3/4
Дата30.03.2017
өлшемі333.65 Kb.
1   2   3   4

Асылжан ӨТЕБАЕВ.

Сүттіқұдықтың түлегі,

Бегайдар елдің тумасы.

Көк бөрідей түлеген,

Алаштың бірі турасы.

 

 



Қазақтың аз ба, ұлдары,

 

Елім деп соққан жүрегі.



 

Айтылмай жатса бұл жағы,

 

Қиянатымыздың бірі еді.



Бегайдар соның бірі-тін,

Туғаннан зерек от еді.

Білімнің ашып кілтін,

Халқына қызмет етеді.

 

Ауылда туған ер еді,



 

Жолбарыс жүрек қайратты.

 

Өзіне мықтап сенеді,



 

Мінберде ел деп сайрапты.

Облаткомнан бастаған,

Қилы кез қиын заманда.

Жоғарғы сотты басқарған,

Берілмей небір амалға.

 

Әділін айтып ту етіп,



 

Съезде талай сөйлеген.

 

Елімді қайтсем түлетем –



 

Деп жүрген терең ойменен.

Қазақ деп атап қазақтың,

Тарихи атын оралтқан.

Ұлтшыл деген азаппен,

Оныда сол кез сорлатқан.

 

Кебінін киіп жаланың,



 

Бегайдар нақақ қамалған.

 

Түренін салып жаңаның,



 

Ойында кеткен сан арман.

Бұйырмай елден топырақ,

Хохловкада қалған сүйегі.

Ұрпағың бүгін қолына ап,

Ұлықтап мәңгі сүйеді.

 

Тәуелсіз елдің ұлдары,



 

Тәу етіп жүрер кез келді.

 

Қазақтың жайнап гүл бағы,



 

Аңсаған күнді көз көрді.



Файзулла САХИЕВ,

ақын, журналист.

ТҰЛҒАЛЫ ҰЛҒА 

ТАҒЗЫМ


(Бегайдар Жантөреұлы 

Аралбаевқа)

ЖОБА

МАЛ ЖАЯТЫН ОРЫНДАРДЫ 

АЙҚЫНДАУ ТУРАЛЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік 



басқару  және  өзін-өзі  басқару  туралы»  Қазақстан 

Республикасының  2001  жылғы  23  қаңтардағы  Заңының 

35-бабының 1-тармағы 6-тармақшасына және  «Ветерина-

рия туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 

шілдедегі Заңының 10-1-бабының 1-тармақшасына сәйкес 

ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1.  «Машбек  Нәлібаев»  ауылдық  округіндегі  Үш  ағаш 

учаскесінен  200  гектар  және  ескі  аэродром  учаскесінен 

200 гектар мал жаятын орындар болып айқындалсын. 

2.  Осы  шешім  алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен 

кейін күнтізбелік он күн, өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

О. ИЛЬЯСОВ,

«Машбек Нәлібаев» ауылдық округінің әкімі.

ПРОЕКТ

ОБ ОПРЕДЕЛЕНИИ МЕСТ 

ВЫПАСА ЖИВОТНЫХ 

В соответствии пункт 1 подпунктом 6 статьи 35 Зако-

на Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О мест-

ном  государственном  управлений  и  самоуправлени  в  Ре-

спублике  Казахстан»  и  подпунктом  1  статьи  10-1  Закона 

Республики  Казахстан  от  10  июля  2002  года  «О  Ветери-

нарии» аким селсьского округа «Машбека Налибаева» РЕ-

ШИЛ:


1. Определить местами выпаса животных 200 гектаров 

на участке Үш ағаш и 200 гектаров на участке ескі аэро-

дром в селсьском округе «Машбека Налибаева».  

2. Настоящее решение вводится в действие по истече-

нии десяти календарных дней после дня первого офици-

ального опубликования.



О. ИЛЬЯСОВ,

аким сельского округа «Машбека Налибаева».

ПРОЕКТ

ОБ ОПРЕДЕЛЕНИИ МЕСТ 

ВЫПАСА ЖИВОТНЫХ

В соответствии с подпунктом 1) статьи 10-1 Закона 

Республики Казахстан от 10 июля 2002 года “О ветери-

нарии” аким сельского округа Байкенже РЕШИЛ:

1.  Определить  местами  выпаса  животных  533  гек-

таров  на  участке  Кокпар  дала,  484  гектаров  на  участ-

ке Кос шунет, 450 гектаров на участке Есек кырган, 220 

гектаров  на  участке  Ор  кора,  300  гектаров  на  участке 

Донбай, 590 гектаров на участке Куркиреуик и 505 гек-

таров  на  участке  Курбанбай  насос    в  сельском  округе 

Байкенже.

2. Настоящее решение вводится в действие по исте-

чении десяти календарных дней после дня первого офи-

циального опубликования.



Ж. ОТКЕЛБАЙ,

аким сельского округа Байкенже.

ЖОБА

МАЛ ЖАЯТЫН ОРЫНДАРДЫ 

АЙҚЫНДАУ ТУРАЛЫ

Ветеринария  туралы  Қазақстан  Республикасының 

2002  жылғы  10  шілдедегі  Заңының  10-1-бабының  1) 

тармақшасына сәйкес Байкенже ауылдық округінің әкімі 

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.  Байкенже  ауылдық  округіндегі  Көкпар  дала 

учаскесінде  533  гектар,  Қос  шүңет  учаскесінде  484 

гектар,  Есек  қырған  учаскесінде  450  гектар,  Ор  қора  

учаскесінде 220 гектар, Дөңбай учаскесінде 300 гектар, 

Күркіреуік 590 гектар, Құрбанбай насос 505 гектар мал 

жаятын орындар болып айқындалсын.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен 

кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ж.ӨТКЕЛБАЙ,

Байкенже ауылдық округінің әкімі



***

Жаңақорған 

кенті, 

Аманкелді 



көшесіндегі «Ордакент» ардагермер мен жа-

стар ресурстық орталығында 2016 жылы 28 

желтоқсан  күні  сағат  11-00де  Жаңақорған 

кенті бойынша қоғамдастық жиыны  өтеді.

Күн тәртібі:

1.  «Қазақстан    Республикасындағы 

жергілікті  мемлекеттік  басқару  және  өзін-

өзі  басқару  туралы»  Қазақстан  Респу-

бликасы  Заңының  39-3-бабына  сәйкес 

Жаңақорған  кенті  әкімінің  жергілікті 

мәселелерді  шешуде    жергілікті  өзін-өзі 

басқару  шотынан  2016  жылғы  атқарылған 

жұмыстардың  қорытындысы  және  2017 

жылы атқарылатын жұмыстарға келісім алу 

жайлы.

***

ПРОЕКТ


ОБ ОПРЕДЕЛЕНИИ МЕСТ 

ВЫПАСА ЖИВОТНЫХ

В соответсвии пункт 3-статьи 37 законов Ре-

спублики  Казахстан  «О  метном  государствен-

ном управлении и самоуправлении в республи-

ке  Казахстан»  и  подпунктом  1-статьи  10-1  За-

кона  Республики  Казахстан  «  О  Ветеринарии» 

аким сельского округа Томенарык РЕШИЛ:

1. Определить места выпаса животных все-

го 700 гектаров участок земли в сельском окру-

ге Томенарык. 

2. Настоящие решение вводится в действие 

по  истечении  десяти  календарных  дней  после 

дня его первого официального опубликования.

Н.ФАЗЫЛОВ,

аким сельского округа Томенарық.

ЖОБА

МАЛ ЖАЯТЫН ОРЫНДАРДЫ

АЙҚЫНДАУ ТУРАЛЫ

Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан 

Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік 

басқару  және  өзін-өзі  басқару  туралы»  2001 

жылғы  23  қаңтардағы  №148  Заңының  37-

бабы  3-тармағын,  «Ветеринария  туралы» 

Қазақстан  Республикасының  2002  жылғы 

10  шілдедегі  10-бабының  1-тармағының 

1тармақшасынасәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1.  Төменарық  ауылдық  округінің  жер 

учаскесінен жалпы көлемі -700 гектар мал  жая-

тын  орындар  болып  айқындалсын. 

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған 

күннен  кейін  он  күнтізбелік  күн  өткен  соң 

қолданысқа енгізілсін.

Н.ФАЗЫЛОВ,

Төменарық ауылдық округінің әкімі.



Тәуелсіздік – асқақ жырдың тұғыры!

АСҚАҚ ОТАНЫНЫҢ АЗАТТЫҒЫНА 

ШАТТАНБАЙТЫН ЖҮРЕК ЖОҚ. 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КІШКЕНЕ БІР 

БӨЛШЕГІ – ЖАҢАҚОРҒАННЫҢ 

ӨНЕРГЕ ЖАҚЫН, ЖАНАШЫР 

ТОЛҚЫНЫ ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІН 

ТЕБІРЕНЕ ЖЫРҒА ҚОСАДЫ.

Тәуелсіз елге, Елбасы – Нұр ағамыз,

Қыран құсын елдіктің самғатармыз.

Елбасының жолдауларын ұсынылған,

Жас ұрпақ, мәңгілікке жалғатармыз.

 

25 жыл азаттықтың таңы атқалы,



 

25 жыл елімді Алаш жаратқалы.

 

Арман болып келіп жеткен Тәуелсіздік,



 

Қорқыныштың қамалын құлатқалы.

50 елдің қатарына қонған еліміз,

Жайылыммен жабылған байтақ жеріміз.

30 елге кірер деген асқақ арман,

Бола бергің әлемге ертең арман.

 

Тәуелсіздік Тәңірдің сыйысың ба?!



 

Жырдың бәрі өзіңе құйылсында,

 

Тебірентіп ойымды, шарпып өтер.



 

Ақындардың жазылмаған жырысың ба.

Танитын ел, бүгін сені танысын,

Бабалардың қаны ұрпаққа дарысын.

Қазағым мен Тәуелсіздік мәңгі болып,

Тарихыма шежіре боп жазылсын.



Ұлжан АБСАДЫҚ.

Тәубе! Ширек ғасырда Қазақстан 

кемелденіп, қуатты мемлекет ретінде 

қалыптасып, 

өркениет 

көшінде 

Мәңгілік  Ел  ретінде  ілесе  алаты-

нын  айғақтады.  Әсілі,  кезінде  Қазақ 

елінде  әлеуметтік  өрт  тұтанып, 

шаңырағы  шайқалады  деген  пікірді 

ұстанғандар бармақ тістегені ақиқат.



Тәубе!  Қазақ  –  тарихтың  сын 

сағатынан  аман-есен  өтіп,  елдік  пен 

ерліктің  жасампаз  жаршысы  болған 

жауынгер сақ пен жаужүрек ғұнның, 

көк  түріктің  тегін  тасымалдаушы 

халық ретінде Ұлы Дала Елінің заңды 

мұрагері екенін дәлелдеді. Иә, Алаш 

елі  түркі  жұртының  қара  шаңырағы 

ретінде  әлем  түріктерін  ұйыстырып, 

жаһанданудан  қорғанудың  жолын 

ұсынып  қана  қоймай,  бастамашы 

елге айналды. 



Тәубе!  Қазақстан  –  әлемге 

достық  пен  сенімді  серіктестіктің 

бірегей  моделін  көрсетіп,  татулық 

пен тұрақтылық, береке мен бірліктің 

үлгісімен үлгі бола білді. Әлемде ба-

ламасы  жоқ  қазақстандық  келісімнің 

аясында  ұлттар  мен  ұлыстар  тату-

тәтті  өмір  кешуде.  Ассамблея  соның 

айғағы.

Тәубе! Тұңғыш Президент –  Ел-

басы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  ба-

стамасымен ұлы көште ұлы бастама-

лармен ерекшеленіп, жаһан жұртына 

жасампаз  тірліктерді  тыңдыра  ала-

тынын  көрсете  білдік.  ХХІ  ғасырда 

жаңадан  Елордасын  тұрғызған  ел  – 

Қазақ  елі.  Осы  құтты  мекен  әлемдік 

маңызды  жиындардың  платформа-

сына  айналды.  Оған  Әлемдік  және 

дәстүрлі  діндер  көшбасшыларының 

съезінің  өтуі,  Еуропадағы  қауіпсіздік 

және  ынтымақтастық  және  Ис-

лам 


ынтымақтастық 

ұйымына 


төрағалығы, 

ЭКСПО-2017 

халықаралық 

мамандандырылған 

көрмесін  өткізу  міндетін  алуы  дәлел 

бола алады.  



Тәубе!  Ұлттық  құндылықтар 

жаңғыртылып,  ана  тілдің  қолданыс 

аясы  кеңейіп,  ата  діннің  нәрімен 

сусындана 

бастадық. 

Мәселен, 

солтүстік облыстарда қазақ тілді орта 

қалыптасып,  күнделікті  тұтынатын 

қатынас  құралына  айналып  келуде. 

1975 жылы елде 25 қана мешіт бол-

са,  бүгінде  2320  Алла  үйі  исламның 

шуағын  қазақстандықтардың  бойы-

на сіңіруде.

Тәубе! 

Шекара 


шегенделіп, 

мемлекеттіктің  тұтас  территория-

сы  белгіленді.  Бүгінде  миллионды 

құраса да өз жері, өз мемлекеті жоқ 

этностар көп. Ал, ақ білектің күшімен, 

ақ найзаның ұшымен қорғалған Ертіс 

пен  Сырды,  Жайық  пен  Алтайды 

қоныс тепкен қазақ бақытты болар.



Тәуба! Тәуелсіз Қазақстанды тәу 

етейік!  Ұлт  Көшбасшысы  –  Мемле-

кет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты 

ардақтайық! 

Міне,  Тәуелсіздіктің  25  жылдық 

мерейтойы кезінде осындай ой түйіп, 

пайым  жасадық.  Түсінген  адамға 

бұдан қымбат, бұдан асқақ құндылық 

жоқ болар. Ендеше, бос ой, дақпырт 

сөзге  бой  ұрмай,  Тәуелсіздікті 

тұғырлы  етуде  адал  іспен  үлес  қоса 

білейік, ағайын!



Әпикүл ТІЛЕУБЕРГЕН. 

ТӘУБЕ!

СЕМИНАР ӨТЕДІ

«Қазақстан Республикасының салық салу 

және кедендік әкімшілендіру бойынша жекелеген 

заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар 

енгізу туралы» №26-VI Заңымен 2017 жылдан бастап 

Салық және Кеден Кодекстеріне енгізілген өзгерістер 

мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында, 

салық төлеушілері үшін үстіміздегі жылдың 27 

желтоқсанында сағат 14.30-да «Ордакент» ардагер-

лер және жастар ресурстық орталығында семинар 

өтеді.


Бетті әзірлеген Баян ҮСЕЙІНОВА.

ОЙТОЛҒАМ


Жанына жақындап көрдім. Көлік бір жағынан жеңіл автокөлікке 

ұқсайды. Алайда, дөңгелегі баяғы жүк таситын ГАЗ-66-ныкі секілді. 

Осы екі арада машинаның иесі де келді. Кезінде Қыркеңсе (бұрынғы 

Задарья) кеңшарында прораб болған Исраилдың ұлы Баянбай екен. 

Оның  ұзақ  жылдар  бойы  қауіпсіздік  саласында  қызмет  етіп,  зей-

нетке  шыққанынан  хабарым  бар  еді.  Амандық-саулық  сұрасып 

болғаннан  кейін  Баянбайдан  ерекше  машинаның  қайдан  келгенін 

сұрадым. 

–  Жарамсыз  деп  тасталған  машина  бөлшектерінен  бір  жарым 

жылға  жуық  уақыт  жинап,  қолдан  құрап  шықтым.  Жоқ  жерлерін 

қолдан  жасадым,  дәнекерледім,  қосымша  бөлшектер  орнататын 

жерлерді  тесіп-кесіп  оларды  орнаттым,  –  деп  бастады  әңгімесін 

көлік құрастырушы өнертапқыш. 

– Автокөлік құрап шығару идеясы қалай пайда болды?

–  Автокөлік  құрау  бала  кезімнен  арманым  болатын.  Алғаш 

ойыншық  құрастыруды  балабақшада  жүріп  бастадым.  Ол  кезде 

қазіргідей ойыншық көп емес кез. Кейін мектепке барғаннан кейін 

орта сыныптарда қолдан моторлы қайық жасап, жас конструктор-

лар байқауына қатысып, жүлдегер атандым. Мектеп бітіргенше жас 

өнертапқыштардың байқауына 7-8 рет (облыстық, республикалық) 

қатысып,  жеңімпаз  атанған  кездерім  де  болды.  11  сынып  оқып 

жүргенімде  алғашқы  мотоциклімді  құрап,  оны  ауыл  ішінде  біраз 

уақыт айдадым. 

Баянбай қауіпсіздік саласы бойынша зейнетке шыққаннан кейін 

бала күнгі армандарын жүзеге асыруға кіріседі. 2013 жылы Астанаға 

жақын маңдағы бір әскери бөлімде мерзімі бітіп, жойылуға жіберу ал-

дында қарапайым азаматтарға сатуға қойылған автокөліктер ішінен 

моторы  жоқ  бір  ГАЗ-66  жүк  машинасын  сатып  алады.  Автокөлікті 

өзге  көліктерден  өзгеше  етіп  жасамас  бұрын  суретшілермен,  ди-

зайнерлермен ақылдасып, машина жасау зауыттарында арнайы бо-

лып  инженер-конструкторлармен  кеңеседі.  Ондағы  мақсат  –  жол 

талғамайтын, жылдамдығы сағатына 100 шақырымнан кем болмай-

тын, қажеттілігіне қарай 7-8 жолаушыны және 1-1,5 тоннаға дейін 

жүк алып жүре алатын әмбебап (универсальный) жеңіл автокөлік 

жасау болды.

Арнайы  мамандармен  ақылдаса  келе  көлік  құрастыруға  2014 

жылы  кіріседі.  Ішіне  бірнеше  адам  еркін  сию  үшін  дәл  осындай 

екінші  кабина  сатып  алады.  ГАЗ-53  автокөлігінің  моторын  короб-

касымен ГАЗ-66 машинасының қаңқасына орнатады. Екі кабинаны 

біріктіріп жолаушылар салон жасайды. Артқы салонға үйіндегі екі 

адамдық  диван-кроватты  қояды.  «Мұны  істеудегі  мақсатым,  ұзақ 

жолға  шыққанда  жолшыбай  кез  келген  жерде  тоқтап  жатын-жай 

іздемей-ақ, артқы салонды жазып жіберіп демала бересің», – дейді 

ол.


Бір  кіріскен  істі  мінсіз  орындауға  үйренген  Баянбай  көліктің 

дизайнерлік  келбетіне,  көлік  материалының  тез  тозбауына  көп 

көңіл бөледі. Сондықтан, кабинаның қалыңдығы екі милиметр тот 

баспайтын  темір  материалмен  қаптайды.  Оны  арнайы  формаға 

келтіру үшін автоген мен сварканы, паяльникті пайдаланады.

Ол автокөлікті құрастыруда өзге жандардың көмегіне сүйенбей, 

бәрін  асықпай  түгел  өзімнің  қолымен  шығарыпты.  Кабинаның 

төбесінен арнайы люк жасайды. Бұл бір жағы ішке ауа ұруға, екінші 

жағынан  аңға  шыққанда  кабинадан  түспей-ақ  аң  атуға  мүмкіндік 

береді.  Кабинаның  артқы  жағына  арнайы  сиымдылығы  1-1,5  тон-

на  болатын  жүк  салғыш  жасайды.  Нәтижесінде  сыйымдылығы  7 

адамдық пикап болып шығады. Бір қызығы, автокөлікте мемлекеттік 

нөмірі де бар екен. Қызығушылық еселене түсіп, сұрақ үстіне сұрақ 

қойдым.


– Көлікке нөмір алуда қиыншылықтар болған жоқ па?

– Көлікке авторлық куәлік пен сертификат аларда, автокөлікті 

техникалық  байқаудан  өткізу  барысында  біраз  қиындықтар  бол-

ды. Бірақ, шешінген судан тайынбайды дегендей авторлық куәлік 

пен сертификат беретін мемлекеттік комиссия алдына бірнеше рет 

есік қақтым. Олар да көлікті көруге бірнеше рет келді. Осылайша 

сан  рет  сынақтан  өтті.  Абырой  болғанда  көлік  барлық  «парамет-

рлер  бойынша  техникалық  жағынан  жарамды»,  деп  қорытынды 

шығарылды. Жай қара жолда сағатына 60-70 шақырымды, ал, ас-

фальтта 100-110 шақырымды алады. Жанар-жағармайды да джип-

терден көп пайдаланбайды. 100 шақырымға 22-25 литр ғана. Ең ба-

стысы жол талғамайды.



– Авторлық куәлік алғаннан кейін көліктің атын қойған 

боларсыз?

– Әрине. 2016 жылдың жазда автокөлікке авторлық куәлік пен 

сертификат  алдым.  Ал,  осыдан  бірнеше  күн  бұрын  мемлекеттік 

нөмірге ие болдым. Содан кейін көлікке «Барс»-пикап» деген атау 

қойдым.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.

24 желтоқсан, 2016 жыл

4

Меншік иесі:

жауапкершілігі

шектеулі серіктестігі

Бас директор



Аманжол ОҢҒАРБАЕВ

Жаңақорған аудандық

«Жаңақорған тынысы» газетінің редакциясы

Бас редактордың міндетін атқарушы



Нұрлат БАЙГЕНЖЕЕВ

Телефондар:



Бас директор -8(7242) 70-00-36

Бас редактор -21-4-35

Бас редактордың орынбасары -21-9-71

Жауапты хатшы -79-1-35

Тілшілер -22-2-44

Газет Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агентігінде 

19.06.2014 ж. қайта тіркеліп, №14411-Г куәлігі берілген.

«Жаңақорған тынысы» аудандық газеті ҚР СТ ИСО 9001-2009

«Сапа менеджменті жүйесі» талаптарына сәйкес сертификатталған.

Газет әр аптаның сейсенбі, сенбі күндері шығады. Қолжазбалар өңделеді 

және кері қайтарылмайды. Жеке авторлардың пікірі редакцияның түпкілікті 

көзқарасын білдірмейді.

Газет редакцияның компьютер орталығында

теріліп, беттеліп, «Сыр медиа» ЖШС баспаханасын-

да басылды. Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан 

көшесі, 4. Тел: 8(7242) 40-06-68. Газеттің таралымы 

бойынша 22-2-44 немесе 8(7242)70-14-08 телефоны-

на хабарласуға болады.



       

        Таралымы 6226             Тапсырыс № 1554

Мекен-жайымыз: 120300 Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті, Аманкелді көшесі, №58 үй. Е-mail: janakorgangazeta@mail.ru



СЫР

МЕДИА

–  Жаратқанға  шүкір,  бір  кездері  жіптіктей  жігіт 

едік, міне, қазір қарияға айналдық. Өміріме өкінбеймін, 

Тәңірдің тартуы да аз емес. Жігіттік шақтан бұрын, сегіз 

сыныпты бітіріп, үш жыл бойы қой бақтым. Көмекші шо-

пан болдым. Атадан қалған ала таяқты қолыма ұстап, 

атакәсіпті талғажау еткеніме еш өкінбейін. Қазіргі Ма-

нап  ауылында  балалық  шағымның  бал  дәурені  өтсе, 

есейіп, ер жеткеннен кейінгі еңбек өтілім Түгіскеннен 

бастау  алды.  «Дарақ  бір  жерде  көгереді»  демекші, 

Аққорғанның  ен  даласын  игеріп,  күріш  бригадирі 

ретінде бір кісідей еңбек еттік. Жалпы, еңбек адамды 

ширатады  ғой.  Жиырма  жылға  жуық  күріш  бригадирі 

ретінде  елдің  еңсесін  тіктеуге  күндіз-түні  жұмыс 

жасадық.  Алғашқылардың  бірі  болып,  «Тыңның  30 

жылдығы»  атындағы  комсомол  жастары  бригадасын 

құрып, жетекшілік еттім. Жігіттік жалынның жігерімен 

17  дүркін  ауданның  ауыл  шаруашылығы  саласын-

да чемпионы, 9 мәрте облыстың жеңімпазы атандық. 

Әрине,  мұның  еткен  еңбек  пен  төккен  тердің  жемісі. 

Кейіннен  Түгіскеннің  мемлекеттік  шаруашылық  меке-

ме болып тұрған кезінде 10 жылға жуық директордың 

орынбасары болдым. 

–  Молдахмет  аға,  ауданға  жаңа  басшы 

келгелі  аграрлы  салаға,  оның  ішінде  күріш 

шаруашылығының тынысын кеңейтуге күш са-

луда. Яғни, инвестиция тартып, элиталық сорт-

тарды  егуге  жұмыс  жасауда.  Осы  саланың 

саңлағы  ретінде  әкімнің  бастамасына  сіздің 

пікіріңізді білсек... 

– Жаңашыл бастаманы толық қолдаймын. Тұқымда 

қартаяды.  Күріш  ескірген  сайын  майдаланып,  аз  өнім 

береді. Мұндайда дана қазақ: «Тұқымын алда жеріне 

бар» дейді. Яғни, жақсы сапалы тұқым алып, құнарлы 

жерге  барсаң  өнімің  де  еселене  түседі.  Бір  сөзбен 

айтқанда, нарық заманына бейімделе білу керек. Бұған 

әрбір шаруа білек сыбана кірісуі керек. Және де ең ба-

стысы – күрішпен тілдесе білуі тиіс. Бұл дегеніміз – ба-

бын  тапса  –  жер  ана  несібесін  аямайды.  Бригадир 

не  шаруашылықтың  иесі  жер  мен  дақылдың  жайын 

жетік  меңгерсе,  жомарт  жер  өнімді  мол  береді.  Айта 

кететіні,  1981  жылдың  мамырында  Ақ  күріштің  ата-

сы,  дала  академигі  Ыбырай  Жақаевтың  қолынан  кет-

пен алдым. Сонда ол кісі барлық күрішшіге кетпен та-

быстап тұрып: «Шырағым, жерді алдама» – деді. Міне, 

бұл сөз өзім үшін өмірлік ұстанымға айналды. Расын-

да,  жерді  алдауға  болмайды.  Егер  алқапқа  тұқымын 

шашып, тек  суғаруға келетін болсаң ойыңдағы өнімді 

алмайсың. Бұл өзіңді өзің алдау. Жоғарыда айтқандай, 

барынша  бап  керек.  Өз  басым  бір  тал  аппақ  күріш 

қурап тұрса, соны түбінен қопарып алып зерттейтінмін. 

Су  жетпеді  ме,  ауа  жетпеді  ма  деген  сауалға  жауап 

іздеп,  кішігірім  «ота»  жасайтынмын.  Ертеректе  Оле-

шин деген ғалымның жеке қабылдауында болдым. Ол 

дүние жүзіне күріштен лекция оқыған адам. Қабылдау 

барысында  маған  үш  –  төрт  сұрақ  берді.  Соның  бірі 

«Күрішіңнің судан қиналып өліп бара жатқанын қалай 

білесің»,  –  деді.  Мен  ойланбастан:  «Күрішті  түбінен 

кесіп  алып,  суға  шайып-шайып  жіберем,  сонымен  та-

мыры  қараяды»  дедім.  Мұны  естіген  ғалым:  «Саған 

бұл тәсілді кім үйретті?» деп, таң қалды. Әрине, оның 

түсінігінде бұл ғылыми жұмыс. Жиырма жыл күрішпен 

айналысып  келе  жатқанымды  айттым.  Сегіз  жылдық 

білімім  бар  екенін  біліп,  ол  маған:  «Оқымаған  дала 

академигі  екенсің»  деп  бағасын  беріп,  авторлық 

кітабын сыйға тартты. 

–  Ауылдық  ардагерлер  кеңесінің  төрағасы 

екенсіз.  Жалпы,  бүгінгі  таңда  елге  сөзі  өтетін 

аузы  дуалы  ақсақалдар  бар.  Бірақ,  көп  емес. 

Сіздің  пікіріңізше  ел  ағалары  не  зиялы  қауым 

өкілінің сөзі тұздай салмақты болуы үшін қандай 

қасиет қажет?

–  Біріншіден,  оқығанның  бәрі  зиялы  емес.  Яғни, 

ғалым  бола  тұрып,  арғы  жағы  залымдықты  көксесе 

бұл болмайды. Елмен етене араласып, елдік мүдде жо-

лында  халықты  ауызбіршілікке  ұйытатын  қасиетімен 

қастерлі  болуы  тиіс.  Екіншіден,  тек  шағын  ортаның 

сөзін сөйлеп емес, барша алты алаштың бірлігінің бе-

кем болуын ұстаным еткен тұлға – зиялы. Ұлттық зи-

ялылар қатарына тек халқының саяси, экономикалық 

және әлеуметтік дамуына қалтықсыз қызмет ете ала-

тын  ортақ  мүдде  жолындағы  адам  ғана  кіре  алады. 

Өйткені,  зиялы  қауым  –  қоғамның,  ұлттың  ақыл-ойы, 

айнасы.  Кейде  қоғамда  өзінің  шаңырағындағы  шағын 

мемлекетке  ие  бола  алмай,  елге  әңгіме  айтқысы 

келетін  қариялар  болады.  Осы  тұста,  біреуге  ақыл 

айтатын  адам,  алдымен  өзінің  мінін  білуі  тиіс.  «Өзін 

кінәлі  санай  білген  адам,  екі  адамға  ақыл  айта  ала-

ды» деген бұрынғылар. Мәселен, мен білетін, кезінде 

бірге қызметтес болған Аманкелді Абдуллаев нағыз ел 

ағасы. Қазақта пейілі дархан даладай кең, қайырымды, 

жомарт, өзгеде асыл қасиеттерді бойына жиған адам-

ды «үлкен жүректі» дейді. Міне, Аманкелді ағамыз осы 

теңеуге лайықты азамат. 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет