Бүгінгі студент-практикант ертеңгі жас маман. Әрбір мектепте тәжірибелі ұстаздармен қатар жас мамандардың болуы керек



бет12/45
Дата13.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#100828
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45
Байланысты:
3-course-diary

V НҰСҚА
1. Балаңызда қиындықтар кездессе немесе ғашық болып қалғанда бұл жағдайды сіз қалай байқадыңыз?
а) Ол өзі маған бұл туралы айтты
ә) Ол бұл туралы басқа жақын адамға хабарлады.
б) Мен бұны өзім сездім.
в) Бұл туралы кездейсоқ біліп қалдым.
2. Сіздің балаңыздың досы Сізді:
а) Екінші анасы сияқты сезінеді;
ә) Сіз кіргенде үндемей қалады немесе әңгімені басқа арнаға бұрып жібереді;
б) Құрметпен,бірақ салқын қарайды;
в) Құрметпен және сүйіспеншілікпен қарайды.
3. Әдетте достарымен жиналатын орындарға балаңыз Сізді шақыра ма?
а) Кейде;
ә) Жоқ, ешқашан;
б) Шақырды, бірақ мен келіспедім;
в) Олардың жиналатын орны маған ұнамайды.
4. Көптеген ата-аналар өз заттарын балалардың рұқсатсыз тұтынатындығына жиі шағымданады. Ал Сіздің жағдайыңызда:
а) Бұлай болмайды, себебі бұл заттар сәннен шығып қалған;
ә) Бұлай болмайды, себебі оған шақ келмейді;
б) Мен әркез өз заттарымды оның шкафынан іздеуіме тура келеді.
5. Сіз балаңыздың телехабарлардың біріне қызығущылығын байқап қалдыңыз, Сіз:
а) Оған қызық нәрсенің мен үшін қызығы жоқ;
ә) «Балаңыздан саған бұл хабар ұнай ма?» деп сұрайсыз;
б) Ол бұл хабар жөнінде бір нәрсе айтар деп үміттенемін;
в) Біраз уақыт мазмұнының егжей-тегжейін ұғуға тырысамын, ал содан кейін онымен бірге талқылаймын.
6. Сіз балаңыз дүниеге келгеннен бері бірнеше рет былай дедіңіз: «біздің кезімізде бұлай болмаған» :
а) 1 немесе 2 рет, бірақ мен бәрі-бір өзгеретінін мойындаймын;
ә) Қаншама рет айтқаным тіпті есімде жоқ;
б) Аз ғана, қайталай бергеннен ештеңеге жете алмаймын;
в) Мен бұлай айтқан жоқпын.
Жауабы:
4-6 «а» жауабы – ешбір күдіксіз Сіз жақсы ата-анасыз. Сіз сүйіспеншілік пен құрметтеу бірін-бірі өте жақсы толықтырады деп санайтын адамдардың қатарына жатасыз.
3-0 «а» жауабы – өз балаңызбен тығыз қарым-қатанас орнатуыңыз қажет. Оның қызығушылығы, достары жөнінде көбірек білуге тырысыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет