Психолог әдіскер: - студенттерге оқушылар тобымен жұмыс атқаруға психологиялық дайындық жасайды;
- оқушы тұлғасын зерттеуге бағытталған жұмыстарға басшылық жасайды және талдайды;
- кәсіби педагогикалық практика бойынша бағыттаушы және қорытынды
конференцияларға қатысып, психологиялық кеңестер береді;
- кәсіби педагогикалық практика нәтижесіне баға қоюға
қатысады.
Білім мекемесінің басшысы (орынбасары):
педагогикалық практиканың өтілуіне тиімді жағдайларды жасайды, студент-практиканттардың практикасын ұйымдастыру, өту және нәтижесін шығаруға жауап береді;
студент-практиканттарға әдістемелік нұсқауға сай пән әдіскерлері мен сынып жетекшілерін бекіту, бақылау, құжаттарды толтыру жұмыстарын ұйымдастырады.
Пән мұғалімі:
бекітілген студент-практикантпен жоспар бойынша педагогикалық іс-әрекеттерді (сыныпта, сыныптан тыс) атқаруда кеңес береді, жетекшілік етеді;
әр студентке, сабаққа сараптама жасап, талдап, баға береді;
университет әдіскерімен тығыз байланыс орнатады.
Сынып жетекшісі:
студент-практикантты сынып оқушылары туралы мәліметтермен, оқушылар мен ата-аналармен тәрбиелік іс-шаралардың жоспарымен таныстырады;
студент-практикантқа әдістемелік көмек көрсетеді;
студентке, тәрбие жұмысына баға береді.
Кәсіби педагогикалық практика нәтижесі, бағалау -кәсіби-педагогикалық біліктер қалыптасады: оқушы тұлғасының дамуын диагностикалау мақсатында сынып пен оқушыны зерттеу; оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сай оқу-тәрбие міндеттерін анықтау; педагогикалық іс-әрекеттің ағымдық және болашақтағы міндеттерін жүзеге асыру; оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттеріне басшылық жасау үшін әр түрлі оқыту, әдістері, формалары, құралдарын қолдану; оқушылар ұжымын қойылған міндеттерді орындауға жұмылдыру; оқушылармен тілдесу; практикантардың пән мұғалімі мен сынып жетекшісімен ынтымақтастықта жұмыс істеу; оқу-тәрбие процесін бақылау, сараптау.