Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


тілдік қатынас (коммуникативті) даярлығы -



Pdf көрінісі
бет123/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

5. тілдік қатынас (коммуникативті) даярлығы -
- үлкендермен және балалармен араласу тілегі;
- мүғаліммен қарым-қатынас орнату іскерлігі;
- қашықтық сақтай білуі;
- үлкендермен жеке қатынас жасауға қабілеттілігі;
- құрдастарымен қарым-қатынас орната білу іскерлігі,
- балалар ұжымына еніп, ондағы өз орнын таба білу іскерлігі;
- бірлескен іс-әрекет жасай білу іскерлігі;
- құрдастарымен тең дәрежелі қарым-қатынас орната білу 
іскерлігі;
6. Басқалары – денсаулық жағдайы.
Үлгідегі 1-сынып окушысы иемденер қасиеттерді 1-сынып 
ұстаздарына немесе бала бақша тәрбиешілеріне жасатудың іс-жүзіндегі
ұтымдылығы - мектепке психологиялық даярлық бұлыңғыр 
психологиялық тұжырымға ұқсап емес, мұғалімге таныс нақты сапалар 
жиынтығы ретінде көрінетіндігінде.
 4- Кесте. «Сараптық баға» нәтижесін өңдеу кестесі
Педаго-
гикалық
таным-
дық
ықылас-
тық
көңіл-күйлік 
еріктік
тілдік 
қатынастық
дене 
дамуы
Мектепке отбасынан келетіндердің арасында оқыту, үйрету 
шаралары жүйелі түрде жүргізілмегендіктен, бала бойында белгілі бір 
дағдылар жиынтығы қалыптаса бермейді. Соның салдарынан мектепке 
келген бала алғашқы күндерден бастап-ақ, оқу әрекет талаптарын
орындауда сабақ барысына біраз қиындықтар тудырады. Ол
қиындықтардың мазмұны, көпшілік жағдайда сөздік нұсқауларды
түсінбеу, соның салдарынан тапсырманы орындай алмауы;
сөйлеу мәдениетінің қалыптаспауы себепті қойылған сұрақтарға 
жауап ала алмау, ал жауап берген жағдайда бас шайқау, басын изеу, 


260
тағы да басқа түрлі одағайлар мен ым-ишараны пайдалануы, оқу, жазу 
дағдыларының қалыптаспауы т.б.
Оқу әрекетінде, балалардың мектепке даярлықсыз келуі мұғалімнің 
сабақ жүргізуіне айтарлықтай бөгет болады. Егер осы «бөгеттің» 
ішкі мазмұнына үңілер болсақ, оның әсте де баланың педагогикалық 
дайындықсыздығының 
Мектепке психологиялық даярлықты анықтау мазмұнындағы 
дене дамуы бағыты - бала мектепке қабылданар алдында тұтастай 
медициналық тексеруден өтеді, егер қалыпты даму жағдайынан қандай 
да бір ауытқулар табылса, баланың жалпы білім беретін мектепке 
қабылдануы кейін шегеріледі.
Арнайы дәрігерлік тексеру мектепке баратын балалардың жалпы 
денсаулық жағдайы мен ағзаның физиологиялық көрсеткіштерінің даму 
мөлшерін анықтайды. Ал, мектептік окуға қажетті биологиялық кемел 
омыртқа жотасының икемділігі, оң қолдың алақан саусақтарының 
икемділігі мен мектептік кемел көрсеткіштерін тексере бермейді. 
Сондықтан, балалардың мектепке даярлық деңгейін анықтағанда, дене 
дамуын тексеру мәселесі де назардан тыс қалмауы тиіс.
Балалардың тілдік қатынасын ұстаздар қауымы маңызды өлшем 
ретінде таниды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет