тұқымқуалаушы
және әлеуметті мезеттердің
даму үдерісінде бірлігін көрсетті. Тұқымқуалаушылық баланың
барлық психикалық функцияларының дамуында болады. Қарапайым
функцияларда (түйсіктен қабылдауға дейін), жоғарғы психикалық
функцияларға қарағанда тұқымқаулаушылық деңгейі жоғары. Жоғарғы
функциялар – адамның мәдени-тарихи дамуының өнімі, бұл жерде
тұқымқауалау алғышарт болып табылады. Сонымен, тұқымқулаушы
және әлеуметтік әсерлердің бірлігі - бұл үнемі болатын құбылыс емес,
ол ажыратылған, даму үдерісінде өзгерістерге ұшырайды. Даму процесі
қалай жүреді, оның ерекшеліктері қандай?
Л. С. Выготский бала дамуының төрт негізгі заңдылығын бөліп
көрсетті.
1. Циклділік
2. Дамудың бірқалыпты еместігі
3. Бала дамуындағы метаморфоздар
4. Бала дамуындағы эволюция және инволюция үдерістерінің
байланысы
44
Дамыту мен оқытудың өзара байланысы. В. Штерн, Ж. Пиаже,
Л. С. Выготский, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, С.Л.Рубинштейн
теориялары мен Ж.Коул, Д.Шерп, Ч.Лейвтің пікірлері
Ж. Пиаже 1921-1922 жж. Француз тілінде аударылған еңбегінде
«баланы оқытсаң да, оқытпасаң да психикасының дамуына, ақыл-
ойының өріс алуына ықпалын тигізбейді» деді. Пікір сол кездегі
психологтардың көбіне жаңалық болатын. Сондықтан Ж. Пиажені
сынға алушылар әр елде көбейе бастады, соның бірі біздің елдегі Л.
С. Выготский Ж. Пиаженің пікіріне қарсы шығып, «бала психикасы
тек оқытудың негізінде қалыптасады, осыған орай баланың ықпалын
дамыту үшін алдымен оны оқыту керек», - деді. Л. С. Выготскийдің
айтуынша, оқыту баланың есеюін тездетеді, яғни оны алға қарай
сүйрейді, егер Баланы ақылды етемін десеңдер,- деді Л. С. Выготский,-
оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдамай,
шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана оқыту баланың
ой-өрісін алға қарай сүйрейтін болады, - дейді. Бұл пікірдің сол
кездегі совет психологтарының бірқатары қостады. Себебі оқыту бала
психикасын сүйрейді дейтін қағида аса орынды көрінеді.
Шетел психологтарының ішінен Дж. Брунер Л. С Выготскийдің
осы пікірін жақтады. Бұл сындарды Ж. Пиаже аңғармаған сияқты
болып, өзінің осы пікірін одан әрі ұлғайта бастады, келіспеушіліктің
осы түрінің болғанына 50 жылдай мерзім өтті.
Соңғы жылдары ресей педагогикалық психология саласындағы
дамытушы оқыту теориясының негізін қалаушы В. В. Давыдов батыс
ғалымдарының М. Коул, Д. Шерп, Ч. Лейв Ж. Пиаженің пікірлерін
қолдады.
В. В. Давыдов Париж қаласында ұйымдастырылған ХХІ
халықаралық психологтар конгресіндегі баяндамасында Пиаженің
оқыту ақыл-ойдың дамуына әсер етпейді дейтін қағидасына қазір
дәстүр болып келген оқыту жүйесіне тікелей қатысы бар, оқытудың бұл
түрі баланың ой-өрісін алға қарай дамыта алмайды,-деген. Осыны айта
келіп, қазіргі оқыту тәсілдері баланың ақыл-ойын дамыта алмайтыны
дидактиканың мынадай: «оқыту баланың оқу үлгеріміне тең болуы
қажет» дейтін принципінен де белгілі: егер оқыту баланың сабақ
үлгеріміне шақ келсе, ол осыған қиналмайды; ой-өрісті сүйрейтін тек
қиыншылық. Егер оқу материалы балаға жеңіл түссе, немесе шақ келсе,
осының өзі баланың ой-өрісін дамыта алмайды. Баланың ой-өрісін онан
әрі дамыту үшін оқытудың айласын мүлде өзгерту қажет. Бұл жөнінде
автор Д. Б. Эльконинмен бірлесе отырып оқытудың жаңа тәсілдерін
45
бастауыш жастарға енгізіп отырғаны және осының өзі баланың ой-
өрісін сүйрейтін құралы болуы керек екенін ескертеді.
Ж. Коул, Д. Шерп, Ч. Лейвтің пікірлеріне келсек, бұл ғалымдар
Окатан деген Мексиканың бір ауданында сауаты жоқ және сауатты
адамдардың ой-өрісі қаншалықты дамығанын тексеру үшін, зерттеу
жұмысын жүргізіп мынадай қорытындыға келеді: егер ақыл-ой дегенді
Адам бір үйренген тәсілін өзгерген жағдайда қолдана білу десек, сауатты
және сауатсыздар арасында ақыл-ой жағынан ешқандай айырмашылық
жоқ.
Бұл жерде В. В. Давыдов ақыл-ой деп оқушылардың тиісті
мәселелерді шешуде жалпы амал қолдана білуін айтатын болса, М. Коул
мұны бала бір үйренген тәсілін өзге буған қатысы жоқ жағдайға қолдана
білуі деп түсінеді. Бірақ осының екеуі де баланың ой-өрісіне жатады.
Бұл жерде осы зерттеулердің екеуінде оқытудың адам психикасының
дамуына қатысы бар екеніне күмәнданады. Демек, екеуінің пікірі Ж.
Пиаженің осы жөніндегі көзқарасына жақын.
Ескере кететін мәселе, П. Гринфилд деген әйел Африка негрлерінің
балалары арасында Дж. Брунердің басшылығымен зерттеу жұмысын
жүргізіп, мектепте оқитын және оқымайтын балалардың интеллектісі
әр түрлі: оқығандарда – терең, оқымағандарда - таяз келеді деп
қорытынды шығарған болатын. М. Коул зерттеулеріне сүйене отырып,
П. Гринфелдтің қорытындысы шикі және жете тексерілмеген деген
пікірге келді. Осындай қорытындыға келудің үлкен маңызы бар сияқты.
Себебі мұның өзі Қазан революциясына дейінгі қазақ елінің балалары
мен қазіргі оқыған балалардың ақылының өзара көлемін түсінуге
мүмкіндік береді. Айталық, қазіргі оқыған балалардың ерте кездегіден
айырмашылығы, интеллекттінің басым келетінінде емес, білімінің
молдығында деп түсіну керек.
Ал жаңағы сөзінде В. В. Давыдов қазіргі заманның оқытуы бала
психикасының дамуына әсер етпейді дегенде, осының өзі дәстүрге
айналған кәдімгі мектептің оқыту тәсілі жөнінде айтылып отыр. Ал
қазірге дейін болып келген оқыту балаға әсер етпесе, онда оқытудың
қандай түрі оның ой-өрісінің қалыптасуына ықпалын тигізеді? Бұл
жөнінде В. В. Давыдов оқытудың жаңа түрі психиканың дамуына
әсер етеді деген сөзін өзінің тәжірибесіне сүйеніп айтып отыр. Оның
пікірінше, қазіргі мектеп балаларда ғылыми ұғымдарға сүйеніп оқыта
алмайды. Бұл жерде ұғым деп оның жалпылау функциясын айтып отыр.
Адам ойлағанда оның сүйенетін ұғымдарының сан алуан дәрежелері
кездеседі. В. В. Давыдов ойды абстрактік деудің өзін кең мағынада,
айталық ұғымды өзінше әрекет ретінде түсінеді. Оның айтуынша,
46
оқыту есеюге әсер етуі үшін жас балалар мына сияқты ой ептілігіне
ие болуы шарт: біріншіден, үнсіз сөйлеп тапсырмаларды орындай
білуі, екіншіден, тапсырманы оқушының өзі қалай орындағанын тиісті
оқу-құралындағы жауапты салыстырып тексеруі, егер дәл келмеген
жағдайда бұрынғысын қайтадан шығаруы. Сондықтан ескере кететін
мәселе В.В. Давыдовтың осы жөніндегі пікіріне қарам-қарсы көзқарас
та бар. Бұны қостаушылар Л.С.Выготскийдің оқыту дегеніміз бала
психикасының дамуынан аздап озып отыруы керек деген қағидасына
сүйенеді. Психиканың даму мен оқытудың өзара көлемін түсінуде
келтірілген осы жөніндегі әр түрлі пікірлердің бар екенін білу өте қажет.
Себебі, осылардың ішінен қажет дегенін басшылыққа алуға мүмкіндік
туады.
Даму үдерісінде білімдер мен іс-әрекет тәсілдерінің өзгерісі,
күрделіленуі ғана болып қоймайды. Баланың психикалық дамуы оның
жеке басының тұтас өзгерісін, яғни жеке адамның жалпы қасиеттерінің
дамуын да қамтиды. Даму үдерісінде балалардың психикалық іс-
әрекеттерінің түрлі қыры өзгереді, сан алуан әрекеттерді барған
сайын көбірек орындау іскерлігі, тәсілдері жинақталып, өзгеруі болып
өтеді, білімі мен ұғымы өзгереді, жаңа мотивтері мен қызығулары
қалыптасады. Солай бола тұрса да осы барлық өзгерістерді бөліп
қарауға болады екен. Оларға: баланың жеке басы бағыттарының
жалпы қасиеттері; оның іс-әрекетінің психологиялық құрылымының
ерекшеліктері; сана механизмдерінің даму дәрежесі жатады.
Адамның жеке басының бағдарын дамыту. Баланың даму
үдерісінде қалыптасатын мотивтер сан алуан болса да, балалар
мен жеткіншектерді зерттеу, оладың мінез-құлықтарының негізгі
ерекшеліктерін айқындайтын жетекші бағыттылықты бөліп алуға
мүмкіндік береді. Кейбір балаларда оқу бағдары жетекші болып
табылады: олар үшін жақсы оқу, мұғалімнің талаптарын орындау
маңызды саналып, мектептегі үлгерім бағасын көбірек ойлайды. Кейде
мұндай бағдар біршама формальды қара дүрсін сипатқа ие болады.
Екінші балалар танымдық бағдарымен ерекшеленеді. Олар есептер
шығарып, жаңа білім алғанды ұнатады. Алайда, оқушылар барлық
оқу пәндеріне бірдей тырыспайды. Бұл балалар үшін бағадан гөрі
осы сабақтардың танымдық құндылығы қызық болуы маңыздырақ.
Көптеген балалар үшін неғұрлым маңыздысы – айналасымен өзара
қарым-қатынас жасау. Бұл балалардың мінез-құлқы ұжымдағы
құрдастарымен, үлкендермен өзара қарым-қатынасындағы белгілібір
позиция жетістіктерімен анықталады. Төменгі сынып оқушылары үшін
кейде оларды бұрынырақ, тіпті мектепке дейінгі кезде-ақ, қалыптасқан
47
мінез-құлық пен қарым-қатынастың дағдылы тәсілдері маңыздырақ
болып саналады. Жеткіншек шақта, басқа типтермен қатар, өздерінің
жеке басын қалыптастыру мен нығайтуға тура бағытталуы, сондай-ақ
болашақ іс-әрекетке деген мақсат айқынырақ көрінеді.
Мақсат және оның мотивтерімен байланысы іс-әрекетте анықтаушы
мәнге ие. Баланың дамуында іс-әрекеттің, мақсатқа бағытталуы
біртіндеп қалыптасады. Мысалы, үш жасар балалар өз іс-әрекеттерін
күні бұрын белгілеген мақсатқа сай ұйымдастыра алмай, мақсатынан
оңай айырылып қалады. Бес-жеті жасар балалар үшін іс-әрекеттің
көбіне материалмен, олар іс-әрекет жасайтын заттық ситуациямен
анықталуы тән.
Л.С.Выготскийдің жоғарғы психикалық функцияларды дамыту
теориясы. 20-30-жылдары Л.С.Выготскийдің жоғарғы психикалық
функцияларды дамыту қызметтері қалыптасты. Л.С.Выготский Ф.
Энгельстің адамның табиғатқа икемделудегі және өндіріс үдерісінде
құралдардың көмегімен табиғат күштерін өзгертудегі еңбектің рөлі
жөніндегі идеяларына сүйене отырып, еңбек – адамның құралмен
істейтін іс-әрекеті, ол адамның мінез-құлық типін өзгертуге, адамды
жануарлардан ерекшелеуге жеткізеді деген ой айтты. Адамның бұл
ерекшелігі оның іс-әрекетінің жанама сипатта болуынан білінеді.
Жанамалау адмның сыртқы практикалық іс-әрекетінде құралды
қолданатыны сияқты, өзінің ішкі психикалық іс-әрекетінде белгілерді
(сөзді, цифрді, т.б) пайдалану негізінде мүмкін болады. Құрал мен
белгінің ұқсастығы (психологиялық жағынан) олардың жанама іс-
әрекетті жүзеге асыруға мүмкіндік беруінен көрінеді. Құрал мен белгі
арасындағы айырмашылық олардың түрлі бағыттылығынан келіп
шығады. Құрал сыртқары бағытталған, ол объектіде өзгеріс туғызуы
тиіс, ол табиғатты игеруге бағытталған адамның сыртқы іс-әрекетінің
құралы. Белгі ішке бағытталған, ол объектіде еш өзгеріс туғызбай,
адамның мінез-құлқына әсер етеді. Табиғатты игеру мен мінез-
құлықты игеру өзара байланысты, өйткені адамның табиғатты өзгертуі
адамның өз табиғатын да өзгертеді. Құралды пайдалану мүшелердің
табиғи іс-әрекет түрлерін өзгертіп, психикалық белсенділік мүмкіндігін
шексіз күшейтіп, кеңейтіні тәрізді, белгілерді (қосалқы құралдарды)
пайдалану, яғни жанама іс-әрекетке көшу, адамның бүкіл психикалық
іс-әрекетін өзгеріске түседі.
Адамның дамуы оқыту арқылы осы тәсәлдердің (құралдардың
да, белгілердің де) барлығын игеру үдерісінде жүзеге асады. Міне,
сондықтан да, оқыту баланың психикалық дамуын анықтай отырып,
оның өмірін ұйымдастырудың бүкіл жүйесінде негізгі орын алады.
48
Демек, психика дамуының бұрынғы ұрпақ тәжірибесін игеруге
себепкер белгі тәсілдерді меңгерілетін әлеуметтік ортадан тыс қаралуы
да және оқытусыз түсінікті болуы да еш мүмкін емес.Сонымен, Л.
С. Выготскийдің психологиялық теориясында адамның әлеуметтік
мәні жөніндегі маркстік идея жүзеге асты. Мәдени дамудың жалпы
генетикалық заңын Выготский былайша тұжырымдады: «...баланың
мәдени дамуындағы қандай да болмасын іс-әрекет сахнада екі рет,
екі бағдарда: әуелі – әлеуметтік, кейін – психологиялық, алдымен
интерпсихикалық категория ретінде адамдар арасында, одан соң
интрапсихикалық категория ретінде, баланың ішінде көрініс береді.
Қандай да жоғары психикалық функция бастапқы әлеуметтік функция
болатындықтан, өз дамуында сыртқы саты арқылы өтуі қажет.
Бала тілінің маңызды рөл атқаратын Л.С.Выготскийдің сөзімен
айтқанда, мінез –құлықтың барлық жоғары формаларының ең көне
негізі болып саналатынкөрсеткіш ымның тарихы, міне, осындай.
Бастапқыда көрсеткіш ым – іс-әрекет алдында затқа бағытталған сәтсіз
қармау қимылы (қолын затқа қарай созады, бірақ ұстай алмайды).
Балаға ересек адам келіп көмектесе отырып, сәбиді қызықтырған заттың
көрсеткіші ретінде ымды ұғындырады. Осылайша көрсеткіш ым сәтсіз
қармау қимылынан басқалар үшін көрсеткіш мәні бар ымға ауысады.
Ым – белгіге, қармау – көрсеткішке айналады. Міне, осыдан кейін ғана
бала өз қимылына көрсеткіш ретінде қарай бастайды. Басқаларға деген
ым (белгі) өзіңе деген ымға (белгіге) айналады. Сөйтіп, өзінің ымын
ұғынуға бала ең соңынан жетеді. Оның мағынасы алдымен объективтік
жағдайлар, ал соңынан баланы қоршаған адамдар арқылы жасалынады.
Дәл осы заңдылықты Л. С. Выготскийдің бала тілінің қалыптасуы
үстінде де байқаған. Сөз затқа деген қарым-қатынасты білдіреді. Сөз
бен заттың арасындағы бұл обьективтік байланысты үлкендер баламен
қарым-қатынас жасау құралы ретінде пайдаланады. Сөз баланың өзі
үшін де ұғынықты болады. Міне сонда барып бастапқыда басқаларға
әсер ету құралы болған сөз енді өз мінез-құлқын басқару құралына
айналады.
Сонымен барлық жоғары психикалық функциялардан адамдардың
әлеуметтік қарым-қатынастары көрініп жатады. Л. С. Выготский
адамның психологиялық табиғаты дегеніміз ішке енгізілген және жеке
адам функциясы мен оның құрылымының формалары болған қоғамдық
қарым-қатынастар жиынтығы деп жазды. Әлеуметтік мінез-құлықты
генетикалық түрде жеке-дара мінез-құлықтан шығарған дәстүрлі
психологияға қарама-қарсы Л. С. Выготский жоғары психикалық
функциялар алдымен адам арасындағы қарым-қатынастар ретінде
49
қалыптасады да, тек содан кейін ғана жеке адамның психикалық
функциясына айналады деп көрсетті. Выготскийдің теориясына сәйкес,
талас ой толғаныстарын туғызады. Жеке адамның қалыптасу үдерісі
дегеніміз жеке адамның кім болып шығуы оның басқа адамдарға
жасаған қарым-қатынасы арқылы болады деген сөз.
Мінез-құлық дамуының құралы ретіндегі сыртқы белгілері
баланың ақыл-ой өрісінің дамуында ақау бар, жоқтығын психологтың
анықтау қажеттілігі туған жағдайда маңызды көрсеткіш (диагностық)
құрал болып та саналады. Ақыл-ой дамуында кемшілігі бар балаға
жүргізілген бақылаулар бала белгілерді қолданған жерде кемшіліктің
орнын толтыру мүмкіншілігі сақталатынын, дамудың келешегі
бар екенін көрсетіп отыр. Ал, белгілерді қолдану бөгелген немесе
қалыптаспаған жағдайда ақыл-ой дамуының да бөгеліске түсетіні
немесе тоқтап қалатыны анықталды.
Оқу мотивациясы В. В. Давыдов пен Д. Б. Элькониннің теориясы
бойынша іс-әрекет құрылымына кіретін маңызды компонент ретінде
қарастырылады. Ол оқу үдерісінің алғашқы сатысында қалыптасады.
Василий Васильевич Давыдов — педагогикалық психология
саласындағы дамытушы оқыту теориясының негізін қалаушы, осы
бағытта орта мектептерде жаңа білім беру бағдарламасын жасап,
эксперименттік сыныптар ашқан. Ол А. Н. Леонтьевтің іс-әрекет
теориясы шеңберінде ғылыми-зерттеулер жүргізген көрнекті кеңес
психолог-ғалымы болып табылады. 2) Даниял Борисович Эльконин
(1904-1984) – мәдени-тарихи теорияны дамытушылардың бірі,
оқытудың белсенді әдістерінің теориялық негіздемесін құрастырған.
Ол – жас ерекшелік психологиясына елеулі үлес қосқан кеңес дәуірінің
белгілі психологы. Оның балалардың мектептегі жасын кезеңдерге
бөлуі жалпы кеңестік тұлға периодизациясының негізгі нұсқасына
айналды. Жастық кезеңдер: сәби жасы (1 ай -1 жас), ерте балалық шақ
(1-3 жас), мектепке дейінгі жас (3-6 жас), бастауыш мектеп жасы (7-10
жас), орта мектеп жасы (11-15 жас), жоғары мектеп жасы (16-17 жас).
Оқушының психикалық жаңа құрылымдары – оқушының белсенді
іс-әрекет барысында оқу субъектісіне айналуында қалыптасатын
психикалық дамудың (ақыл-ой, адамгершілік) жаңа ерекшеліктері.
Сергей Леонидович Рубинштейн (1889-1960) – белгілі кеңес
психологы және философы. Оның көзқарасы бойынша, адам және
психика алдымен практикалық іс-әрекетте қалыптасып, көрініс
табады. Сондықтан олар негізгі іс-әрекет түрлеріндегі көрінісі арқылы
зерттелінуі қажет.
50
Алексей Николаевич Леонтьев (1903-1979) – 1920 жылдары Л.
С. Выготский және А. Р. Луриямен бірге мәдени-тарихи теорияны
құрастырған кеңес психолог-ғалымдарының бірі. Ол осы теорияға
сүйене отырып, іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясын егжей-
тегжейлі зерттеген. А. Н. Леонтьевтің іс-әрекет тұжырымдамасы
психологияның басқа да әр түрлі салаларындағы көптеген зерттеулердің
дамуына түрткі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |